"Қуанышқа да, қайғыға да алданба?"
"Қуанышқа да, қайғыға да алданба?"
5 жыл бұрын 4319

«Қуанышқа да, қайғыға да алданба! Өйткені, сенің жүрегің "қонақ үйі" іспетті, соны ұмытпа. Қуаныштар мен қайғылар болса келіп, кететін қонақтарың ғана». Мәуләнә Ж. Руми.

Бұл дүнеде жақсылық пен жамандық алма кезек жүреді. Кейде басымызға аштық, жоқшылық төнсе, кейде молшылық пен кең заман орнап жатады. Кейде қиындық пен қайғы-қасірет жайлап, кейде өмірімізде қуаныш пен тыныштық орнап тұрады.

Міне, осы белестердің қай-қайсысына тап болса да мүмін адам бір ғана халінен айнымай, сыр бермеуі керек. Ол хал жайында Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

«Қиындықта да, молшылықта да тақуалықтан айрылма!» - деп айтқан.

Яғни, Пайғамбарымыз (с.а.у.) тақуалықтың тек қана белгілі жағдайларда емес, кез-келген халде бойымыздан кетпеуі керек екендігін айтуда.

Әзіреті Мәуләнаның мына сөзі қандай тура айтқан:

«Қуанышқа да, қайғыға да алданба! Өйткені, сені жүрегің қонақ үйіндей, соны ұмытпа. Қуаныштар мен қайғылар келіп-кететін қонақтарың ғана» - дейді Руми.

Қиындық кезінде жүректің тазалығын бұзбай, сабырмен Алла Тағаланың көмегіне сыйыну керек. Тура сол сияқты молшылық пен қуаныш сәттерде де шүкіршілік етіп, сол қуаныштарға алданбау ләзім. Өйткені, шаттық сәті адамға көп нәрсені ұмыттырып жібереді. Рахат өмірді қуалап, нәпсімізге еріп, өмірді зая қылмау керекпіз. Молшылық кезінде шүкір еткенімен, таршылық кезінде Аллаға мұң айту да жарамас. Бұл тақуа құлға жараспайды.

Молшылық сәтте үнемі Хақ Тағалаға мақтау сезімінде болып, тәңірлік қамқорлықтың шүкіршілігін өтеуге тырысу керек. Қиындық сәттерде сабырмен Алла Тағалаға бет бұрып: «Мен үшін қайырлысы осы шығар!» - дей білу керек. Тақуалықтың өлшемдері осылар.  

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Меккені алған күні ұлы жеңіске жеткеніне мастанбады. Керісінше Аллаға шүкіршілік білдіріп: «Шын өмір – ақіреттегі өмір», - деп, жетістігінің бәрі Алла Тағаланың һәм кеңшілігі, һәм сынағы екендігін ұмытпады. Сахабаларды да шүкір айтуға шақырған болатын.

Ал, «Хандақ» соғысында жеңістің алдындағы бастан кешірген қиын-қыстау күндеріне мойымай:

«Шын өмір – ақіреттегі өмір», - деп, сахабаларын сабырлыққа шақырған болатын.

Осы өлшемдерді жақсылап ұғынуымыз тиіс.

Мұса пайғамбар (ғ.с.) кезінде Қарун есімді адам ғұмыр кешкен. Ол Таурат кітабын ең жақсы тәпсірлей білетін адам еді. Хақ Тағала сынақ үшін оған көп дәулет берді. Бірақ, ол басындағы дәулетін өзінен деп біліп «Менікі» деген сезімге берілді. Мал-дүниесінің көптігіне сеніп: «Мен өзім таптым, менің дүнием», - деп Мұса ғалейһиссәәлмға сес көрсете бастады. Соңында жаны құрдымға кетіп тынды. Алла Тағала оны сенген қазынасымен қоса жердің астына батырып жіберді. Жердің түбіне түсіп бара жатқан кезінде қолындағы мол дәулеті оны құтқара алмады, ешқандай пайда келтірген жоқ.

Бәлғам ибн Баура есімді адам да Қарун сияқты әуелі рухани жағынан жоғары абыройға ие болғаннан соң нәпсісіне (менмендігіне) беріліп, өзімшілге айнала бастады. Өзінің ілімін жаманға пайдаланды. Ол да түбінде құрдымға кетіп тынды.

Қарун мал-мүлкіне, Бәлғам болса іліміне сеніп, Алланың құдіретінен қорықпағандықтан ақыры осылай жаман аяқталды.

Ендеше, молшылықта мастанбай, оны Алладан деп біліп шүкіршілік ету, ал таршылықта қайғырмай, оны да Алладан деп біліп, сабыр ету – шынайы мүміннің сипаты екен[1]. Пайғамбарымыз былай дейді:

«Мүміннің жай-күйіне таң қаламын. Барлық жағдайда да ол үшін қайыр бар. Бұндай ерекшелік тек мүмін-мұсылмандарда ғана. Қуанышқа бөленсе, Аллаға шүкір етеді. Мұнысы сауап болады. Қайғыға дұшар болса, сабыр етеді. Онысына да сауап жазылады». [ «Сахих Мүслім» – Китабуз зүһд. № (5318) 2999].


[1] «Ықылас» пен «Тақуалық». 34-40 бет. «Хикмет» баспа үйі. Алматы.

0 пікір