"Піл сияқты болмаңыз!"
"Піл сияқты болмаңыз!"
2 жыл бұрын 3959

Жаңадан туылған пілді үйрететін кезде, оны кішкене күнінен бастап жүретін аймағын тар ұстап, барыншы еркін қимылдауын шектейді. Ол үшін үйретуші адам оның бір аяғына арқан байлап, оны жерге қағылған бағанаға байлап қояды. Алғашқыда кішкене піл былай тартынып, олай тартынып, арқанды үзуге тырысады. Бірақ оның кішкене әлсіз денесінің арқанды үзуге шамасы келмейтіндігін соңында біліп, ақыры «арқанның ұзындығындай ғана шағын алаңда өмірі өтетіндігін» түйсігі қабылдайды.

Уақыт өте келе, әлгі піл өседі. Салмағы бес тоннаға жететін алып хайуанға айналады. Бойына баяғы аяғындағы арқанды бір сілкінумен оңай үзіп жіберетіндей күш бітеді. Алайда, ол арқанды үзуге талпынбайды. Өйткені кішкене күнінен бері «арқанды үзе алмаймын» деген түсінік миына сіңіп қалған. Міне, осылай әлемдегі ең үлкен пілдерді, болмайтын кішкене заттармен бір орынға байлап қойып жатады.

Осы мысал, сізге де қатысты болуы мүмкін, құрметті оқырман. Сіз әлі күнге дейін үмітсіздік пен түңілудің аймағында үлкен пілдердің оңай үзіп кете алатын қысқа әрі әлсіз жіппен байланып, қамалып тұрған болуыңыз мүмкін. Бірақ сіздің жібіңіз – тар сенімнен және кішкене күніңізде түйсігіңізбен қабылдап, миыға сіңіріп, ішкі әлеміңізге көшетін отырғызып қойған бейнелерден жасалған.

Егер осы айтылғандар расында сіз жайында болса, сізге жақсы хабарым бар. Сіз өзіңіздегі үмітсіздік пен түңілу аймағын өзгерте аласыз. Аяғыңызға тұсау болған жігерсіздік жібін үзе аласыз. Оған шамаңыз жетеді.

0 пікір