Қоғамдық өмірге көз жіберсек, адамдардың көбі материалдық мүмкіндіктеріне қарай әр түрлі жаратылғанын көреміз. Сол үшін де Алла Тағала байларды кедейлерге қол ұшын беруге шақыруда. Байлар жарлылар тартқан кедейшілік пен аштықты тек ораза ұстаған кездерде ғана шынайы сезіне алуда. Егер ораза болмаса қарақан басын ғана ойлайтын көптеген байлар кедейлердің күнделікті жай-күйін, олардың мейірім мен жанашырлыққа қаншалықты мұқтаж екендіктерін, ылғи да ашқұрсақ жүретінін сезінбейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» демекші, аш адамның ішкі жай-күйін ұғыну үшін тоқ адамның да бір мезгіл ашығып көруі қажет. Ол үшін ораза ұстау ең тиімді тәсіл. Осы тұрғыдан алғанда адамның өзгелерге жанашырлық танытуы ондағы шынайы шүкірдің негізі болып табылады. Қай адам болмасын өзінен бір саты төмен тұрған өзінен де кедейірек біреуді кездестірері сөзсіз. Сол үшін де оған жанашырлық танытуға міндетті. Егер өзін де соның жай-күйіне мәжбүрлемесе, соның бастан кешкен қиындығын өзі де бастан кешпесе, онда жеткілікті деңгейде оны түсіне алмасы, қажетінше жанашырлық көрсетіп бауырмалдық таныта алмасы белгілі.
"Құлшылық құпиясы" кітабынан