Түркия елінің «Қыршеһир» қаласында іші бейнебір жәннат бақшаларын елестетер тәрізде безендірілген ерекше мешіт бой көтерген.
Кезінде бұл мешіттің орнында 1910 жылы бір шағын мешіт болған екен. Бірақ ол мешіт қараусыз қалып, уақыт өте келе қираған. Кейін арадан бір ғасыр өтіп, орнына іші ерекше дизайнмен әрленген жаңа бір мешіт бой көтерді.
Жәннәт бақшаларын елестетер мұндай ерекше дизайнның авторы азербайжандық архитектор екен. Автордың айтуынша ол мұндай дизайнды "Бақара" сүресінің 22 аятында суреттелген пейіш бақшаларынан шабыттанып жасаған.
Мешіттің сыртында үлкен әріппен «Аллаһ» сөзі жазулы.
Жергілікті халықтың илтипатына бөленіп үлгерген бұл мешітке елдің түкпір-түкпірінен қызықтап келушілердің қатары күн санап артуда.
Мұндай мешітте намаз оқудың өзі ерекше әсер қалдырса керек