Дейл Карнегиден 10 кеңес
Дейл Карнегиден 10 кеңес
4 жыл бұрын 3857
Көш басындағы адам - негізінде, кез-келген істі істеуге дайын тұратын және қиындықтардан қорықпайтын адам. Дейл Карнеги

Адамның мүмкіндіктері шексіз. Біздің миымыз компьютер немесе қатты диск сияқты толып қалмайды, ойлау қабілетіміз орасан. Сіз жаңа мақсаттар мен армандарға қол жеткізу үшін, өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен қабілеттеріңізді үнемі кеңейтіп отыруға тиіссіз. Бұл үшін:

1.Қазіргі сәтпен өмір сүріңіз

Көптеген адамдар өткен өмірлерін жиі еске түсіреді. Олар күні бойына бұрынғы істеген істерімен мақтануға дайын. Бірақ мойындау керек өткен өмір өтті кетті, оны қайтарып ала алмайсыз. Сондықтан, өткенмен өмір сүру сізге тек зиянын тигізеді және қабілетіңіздің бәсеңдеуіне әкеп соғады.

Бұл мәселемен жолыққанда "қалай бұлай болды?"-сынды сұрақтармен өзіңізді қинауыңыз мүмкін. Бірақ бұл сізге көмектеспейді, қайта "мен мұны қалай түзеймін?" - деген сұраққа жауап іздеңіз. Егер құнды уақыттарыңызды жоғалтқыңыз келмесе өткенді саралаңыз, осы шақта өмір сүріңіз, болашақ жайлы да ұмытпаңыз.

2. Болмашы нәрсеге мән бермеңіз

Кей кездері көшеде танымайтын адамнан естіген дөрекі сөздер, күні бойы көңіл-күйіңіздің түсіп жүруіне себеп болуы мүмкін. Егер де сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, мұндай майда нәрселерге көңіл аудармаңыз. Ол үшін өзіңізден сұраңыз: "Бұл жағдай 1 жылдан соң маған әсер ете ма?"-деп. Егер жоқ болса, бұл болмашы жайт күш-қуатыңызды кетіріп, көңіліңізді түсіруге тұрарлық па? Ең дұрысы, болашағыңызға тікелей әсері бар нәрселермен шұғылданыңыз.

3. Барлығына басқаларды кінәламаңыз

Өз бойындағы кемшілікті жасырудың ең оңай жолы - басқаларға кінарат арту. Үкіметті немесе бастығыңды аз айлық үшін, болмаса бүкіл әлемді орындалмай қалған армандарың үшін кіналау оп-оңай. Дегенмен, есіңізде сақтаңыз, алға қойған мақсаттарыңызға жету үшін, жауапкершілігіңізді сезінуіңіз өте маңызды.

Сіз басқаларды кіналай отырып жауапкершіліктен құтылуыңыз мүмкін, бірақ өзгелерге өзіңізді басқару мүмкіндігін беріп қоясыз. Егер сіз 100% өз өміріңіздің қожайыны болсаңыз мақсатыңызға тез жетесіз.

4. Шағымдана бермеңіз

Әрқайсымыз өмірде бір рет болсын шағымданғанымыз рас, себебі бұл барлық адамға тән нәрсе. Адам үнемі шағымданатын болса, негатив орталығына айналады. Егер сіз өз тағдырыңызға риза болмасаңыз, басқаларға шағымданудың орнына оны өзгертуге тырысыңыз.

5. Үлкен мақсаттардан қорықпаңыз

Көптеген адамдар сенімсіздіктен өздеріне оңай мақсаттарды таңдайды. Сәтсіздікке ұшыраудан қорықпау керек. Ұмытпаңыз, тәуекел түбі - жел қайық. Сіздің мүмкіндіктеріңіз аса зор, азына келіспеңіз. Адам тек өз мүмкіндігін сезінгенде ғана ірі мақсатқа ұмтылады.

6. Проблемалардан қашпаңыз

Біздің негативті көңіл-күйіміз жай жарылатын бомба секілді, кез-келген сәтте жарылуы мүмкін. Сондықтан сізді бір нәрсе мазалап жүрсе оны тап қазір шешіңіз. Проблемалардан қашпаңыз, оларды шешіңіз.

7. Өз күшіңізге сеніңіз

Сіз бірдеңені іске асыра аласыз ба әлде іске асыра алмайтыныңызға сенімдісіз бе, - екі жағдайда да сіздікі дұрыс. Генри Форд

Бір нәрсеге өзіңізді сендіру сөзсіз сіз үшін өте маңызды. Егер сіз бір мәселені шешуге сенбей тұрсаңыз, ақылыңыз да бұған дәлел табады. Егер де сіз өз күшіңізге сенсеңіз, күшіңіз сізді әр уақытта тығырықтан алып шығады. Өзіңізді зерттеу барысында өзіңізге деген сенімділігіңіз одан сайын арта түседі.

8. Басқалардың көмегін қабылдаңыз

Кей адамдар көмекке мұқтаж бола тұра одан бас тартады. Бұл - барып тұрған ақымақтық. Көмек сұраудан ешқашан ұялмау керек. Кей кездері бір мәселені шешуге кеткен бірнеше сағат, біреудің көмегі арқылы бірнеше секундте шешілуі мүмкін.

9. Мәселені кейінге қалдырмаңыз

Жұмыстарды дәл қазір орындау мүмкін болған жағдайда оларды кейінге қалдыру сіздің мүмкіндіктеріңізді өлтірудің бірден-бір дұрыс жолы. Егер сіз алға қойған мақсаттарыңыздың бірде-біріне жеткіңіз келмесе, оларды үнемі кейінге қалдырып отырыңыз. Егер жоспарлаған мақсатыңызға жеткіңіз келсе, жұмысты дәл қазір бастаңыз. Өзіңізге күмәнданбаңыз. Ұнаған нәрселерді жасаған кезде сіз әрқашан дұрыс жолдасыз.

10. Үнемі күліп жүріңіз

Ұмытпаңыз, үнемі жымыиып жүру сіздің құпия қаруыңыздың бірі. Тіпті сізге қатты ашуланған адам жүзіңіздегі күлкіні көргенде абдырап қалып, сабасына түседі.

Дереккөз: bilim-all.kz 

0 пікір