Дәрігерді таңқалдырған баланың шашы емес, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисі
Дәрігерді таңқалдырған баланың шашы емес, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисі
10 жыл бұрын 11099

Жаңа туылған нәрестеге Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша мұсылманша жоралғылар жасалады. Мысалға, сәбидің туылғанына жеті күн толғанда азан шақырып атын қойып, ақиқа құрбанын шалып, баланың шашын алады. Осылардың ішінде баланың шашын алуға қатысты Әзірет Алидің (р.а.) айтуы бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) немересі Хасан туылғанда бір қой құрбандыққа шалып, қызы Фатимаға: «Шашын ал да, алынған шаштың ауырлығындай күміс садақа бер», - деген (Тирмизи, «Китабуль Адзахи», №1519).

Германияда осыдан бірнеше жыл бұрын мынадай оқиға орын алған екен. Бір мұсылман отбасында кішкентай сәби дүниеге келеді. Ата-анасы шамасы келгенше мұсылманша жөн-жоралғысын жасайды. Жеті күннен кейін баланың шашын алып, соның көлеміндей етіп садақа таратады. Содан бірнеше күн өткеннен кейін анасы баланың денсаулығын дәрігерге тексертуге алып барады. Баланы қарап жатқан дәрігер: «Баланың шашын өздеріңіз алдыңыздар ма? Әлде осылай туылды ма? – деп сұрайды таңқала. Сонда анасы: «Өзіміз алдық», - деп жауап береді. Дәрігер өзінің таңқалуының себебін былай деп түсіндіреді: «Жақында дәрігерлер жаңадан туылған баланың шашын 40 күннің ішінде алатын болса, онда көру қабілеті жақсарып, шашы қатайып, ой-санасы кеңейетіндігін және басқа да пайдаларын анықтады. Ал, шаш алуды жеті күн толғанда жасаса, онда әлгінде айтқан көрсеткіштер одан да жақсы нәтижелер береді. Бірақ, бұл жаңалықтың ашылғанына 50 күндей болды. Әрі ешкімнің әлі хабары жоқтұғын. Сіздер қайдан білдіңіздер? – деп сұрайды тағы да таңқалған күйде. Баланың анасы: «Бізге бұны Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) бұйырып кеткен. Мұсылмандарда бұл кәдімгі бала туылғанда жасалатын дәстүрлі әдеттердің бірі» дейді. Дәрігер әлі таңқалған түрін өзгертпей: «Ал, сіздердің пайғамбарларыңыз қайдан білген?» - деп қайта сұрақ қояды. «Пайғамбарымыз (с.а.у.) осыдан 14 ғасыр бұрын өмір сүрген. Сол кезде айтқан сөзі бізге жетіп, біз оны күнделікті өмірімізде салт-дәстүр ретінде қалыптастырып, орындап жүрміз» дейді сәбидің анасы. Сонда дәрігер басын шайқап, аң таң қалған екен. 

2 пікір