Ашық-шашық киінудің зардабы
Ашық-шашық киінудің зардабы
9 жыл бұрын 7363

Көптеген психолог мамандар адамның кемелдікке жету жолдары бірнеше кезеңдерге бөлінеді деп есептейді. Адам дамуының әрбір кезеңінде нақты қажеттіліктер туындайды. Егер сіз осы қажеттіліктердің дұрыс орындалуын қадағаламаған болсаңыз, "жеке тұлғаның дамуында тоқырау болады", яғни, адамның жеке тұлғасы жетілмейді, ол белгілі бір даму сатысында "қатып қалады". Адам өз қажеттіліктерін адал жолмен қанағаттандыра алмаса, онда ол өмірінің соңына дейін соның орнын толтыру үшін ұмтылатын болады.

Бұл кезеңде ұлдар көбірек белсенді әрекет етеді және олар өздерінің  артықшылықтарын  көрсетуге тырысады. Қыздар көбінесе қоршаған ортаның назарын өздеріне аударғысы келеді. Аталмыш кезеңнің негізгі белгісі қыздарда әдемі киім кию мен косметиканы қолданумен ерекшеленеді.  Қыздар мен әйелдердің көпшілігі осы кезеңде тыныш, бірқалыпты өтеді және "адамдық тұлғаның кемелденуі мен жетілу" кезеңіне біртіндеп қадам басатынын атап өткен жөн. Сол үшін олар өздерінің сыртқы бейнесін безендіру үшін қуаты мен энергиясын жұмсай бермейді, керісінше, жеке тұлғасын, отбасын, қоғамды дамытуға өздерінің моральдық және физикалық қабілеттерін шыңдайды.

Белгілі  себептермен өз жұбайларының назарын аудара алмаған әйелдер, қандай да бір жолмен өзін көрсету үшін өздерінің "әсемдігін"  жалпының назарына ұсыну арқылы қоғамда бар екендігін, орнын көрсетуге тырысады. Бұл әрекет әйел болмысының бұзылуына, тұлғасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Психолог Шахрияр Рухани осы туралы былай деп түсінік береді: "Көп жағдайда жұбайларының жеткіліксіз назары қоғамда әйелдің жеке тұлғасының бұзылуы мен тәртіпсіздікке баруына  әкеп соқтырады". Жазушы тағы да былайша толықтырады: "Кейбір әйелдердің өз түр-сипатына деген шектен тыс көңіл бөлуі мен өзгенің назарын өзіне аударуға деген талпынысы олардың моралдық қасиеттерінің жетіспейтіндігін көрсетеді".

Зерттеуге қатысқан Принстон университетінің түлегі Mина Сикар ерлер  жабық киімді әйелдерге ашық киімді әйелге қарағандай, қарамайтындығын тілге тиек етеді. Психолог Сюзан Фискенің пікірінше, ерлер толыққанды  жабық киінген әйелдерді тәуелсіз әрі салмақты деп қабылдайды. Әйелдердегі көп жалаңаштану, әдетте қатерлі ісікпен аяқталады. Мұндай тұжырымға келген "Стрестің  психологиялық антропологиясы" атты монументалдық зерттеудің авторы, атақты дәрігер, академик Леонид Китаев-Смык болды.

Дәрігерлер қайнаған ыстық күнде басты міндетті түрде бір нәрсемен жабу керектігін ұсынады. Мәселен, кепка, панама, қалпақ немесе орамал. Егер адам ыстық күнде басын ашық ұстаса, күн сәулесінен көп зиян шегеді. Күн көзінен басты ғана емес, шашты та қорғамаса, ыстық пен радиациялық сәулелер олар үшін қауіпті болып табылады. Жоғары температураның әсерінен шаш айтарлықтай ылғалдылығын жоғалтып, тез кебуге бейімделеді. Ультракүлгін сәулелер шаштың жоғарғы қабаты - кутикуланы бұзады. Зақымдалған кутикула толық қорғаныш функциясын атқара алмай, шаш қатты болып, икемділігін жоғалтып, тез ұшталады. Сондай-ақ зиянды күн сәулесінен теріні қорғайтын табиғи маталардан жасалынған және денені салқындату үшін ауа ағынын еркін өткізетін, денеге жабыспайтын киім түрін таңдау керек. Тар киім керісінше денені қыздырады. Күннің астында ашық жүру гипертермияны туғызады. Сонымен қатар, күн сәулесінің зияны терінің мерзімінен бұрын қартаюына алып келеді.

Дәрігерлер тар шалбар мен жабысқан тар кофтаның денсаулықтың бұзылуына бірден-бір себеп болатындығын  баса айтады.  Мысалы,  киімнің ішті қысуынан дем алу барысында диафрагманың толыққанды түсуіне кедергі келтіреді әрі өкпенің гипервентилляциясын туғызады. Өкпенің  гипервентилляциясы - бұл шамадан тыс жылдам немесе терең дем алу. Мұндай тыныс алу өз кезегінде бас айналу, әлсіздік, ентігу сияқты және басқа да белгілерді туғызады, қандағы оттегі мен көмірқышқыл газы балансының бұзылуына әкеледі. Тар шалбар киюдің тағы бір жағымсыз салдары - қыжылды тудыру. Оның себебі қысымның әсерінен асқазан қышқылы өңешке көтеріледі. Тар жағалы жейделер мен водолазкалар  мойын артериясын қысады және көзішілік қысымды жоғарлатады. Бұл глаукоманың пайда болу себебін туғызады. Глаукома – көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы.

Сондықтан әйелдердің жабық киінуі бөгде көздерден ғана қалқан емес,  қоғамдағы ерлердің де теріс жолға түспеуіне негізгі себеп болып саналады. Күллі әлем өзіне тән жамылғысымен оранған, ағаштар жапырақтарымен сәнді, жердің өзі атмосфера мен азон қабаттарымен қапталған, ноутбукті арнайы чехолмен қаптаймыз, қылыш болса, қынапта сақталады. Ал қабы жоқ нәрселерге қараңыз, жемістер болса, бірден шіриді, түстерін өзгертеді, заттарымыз болса, сыртын бес елі шаң-тозаң басады. Ал, енді осылай бол тұра, санасы бар адам қалайша жартылай жалаңаш күйде жүре алады. Олай болса, сіз де сол керексіз заттардай өзіңізге шаң-тозаңның қаптағанын қалаймайтыныңыз анық. Ендеше, Алланың асыл бұйрығын мақсат еткен әр әйел тұлғасы да сырт көзден жасырын болып, өзін әсем жабық киіммен әсемдеуі тиіс.

Авторы: Эльвира Садрутдинова
Орыс тілінен аударған: Меруерт Бақдәулетқызы

5 пікір
  • ма ша Аллаһ !!!
    9 жыл бұрын
  • Машалла! Көпке ой саларлық жақсы мақала екен. Эльвира, Меруерт сіздерге Алла разы болсын!
    9 жыл бұрын
  • Жақсы, керемет! Алланың арам дегенін арам, адал дегенін адал етпесек өміріміз гүл емес, күл болатын шығар Алла сақтасын. Орану туралы Құран аяттарын неше мәрте жазып жатыр, алайда ертеңі есеппен бітетін өмірді ескерусіз өткізіп жатырмыз. Жамандықтан жайқтару - жақсылыққа шақыру міндетінен түсініп, амал қылғандар құтылды. Әлі де ұқпағандарға, Құраннан бөлек медициналық дәлелдер келтірген екенсіз, Алла разы болсын сізден! "Әйел бұзылса - әлем бұзылады, әйел түзелсе - әлем түзеледі" деген сөз бар, бәріміз де қыз өсіріп жатырмыз... дұғада болайық, ин ша Алла түзелеміз!
    9 жыл бұрын
  • МашАллах. Өте жақсы жазылған.
    9 жыл бұрын
  • Кандай керемет жазылган .ен бастысы келешекте урпагымыз тазарады
    9 жыл бұрын