Әдеттегі бір іс-сапарға бару үшін үйге такси шақырдық. Көлік тізгінінде дәстүрлі емес деп айтып үйреніп қалған ағым өкілі екен. Жолда "уағыз"ды бастады. Әңгіме әйелдер мәселесі. Көшедегі әрбір әйелге бір сөз арнап келеді. Монологтан диалогка көштік.
- Әйелдер үйде отыруы керек. Осыларды қызғанбай көшеге жіберетін еркектерге таң қаламын!
- Сіздің әйелініңіз үйде отыра ма?
- Иә. Үйде отырады.
- Немен айналысады.
- Бала туады.
- Қайда босанады, үйде ме?
- Жоқ, емханада босанады.
- Кім босандырады.
- Әрине акушер гинеколог.
- Әйелдердің бәрі оқымай, жұмыс жасамай үйде отырса еркек босандырып алсын ба?!
- Астағфирулла...
Вокзалға жетіп поезға қарай аяңдап кеттім...
Кеңшілік Тышқанұлы, facebook.com парақшасынан.