Үйге қалай кіру керек?
Үйге қалай кіру керек?
2 ай бұрын 8440 azan.kz/
Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда

Үйге кірер кезде үй ішіңізге келгеніңізді білдіріңіз. Үйіңізге атүсті немесе аңдыған адам сияқты сау етіп кіріп, олардың үрейін алмаңыз (және кіргенде ассаләмуғалейкум деп сәлем беріп кіріңіз). Әбу Убайда Амр ибн Абдуллаһ ибн Масғұд (р.а.) былай деген:

«Әкем, яғни Абдулла ибн Масғұд үйге кірерде келгенін білдіру үшін дауысын шығарып кіретін».

Имам Ахмад ибн Ханбал бір сөзінде:

«Адам үйіне кірерде жөткірінуі немесе аяқкиімімен жерді теуіп дыбыс шығаруы мұстахаб»

 – деген.

Абдулла ибн Имам Ахмад:

«Әкем мешіттен үйіне қайтқан кезде үйге кірмей тұрып, келгенін аңғартқысы келіп, аяғымен жерді тебетін немесе  келгенін білдіру үшін жөткірінетін», – деген.

Сол үшін әл-Бұхари мен Муслимнің жинағында Жабирдің (р.а.) Алла елшісінен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) риуаят еткен хадисінде: «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамның үй ішіне аңдыған немесе айып іздеген кісідей сау етіп кіріп келуінен тыйған», – деген. Яғни адам сапардан немесе басқа жақтан оралған кезде үй ішіне келгенін білдірместен, үйге кірмесін деген мағынада. 

  "Ислам әдебі" кітабынан.
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов

0 пікір