Сахаба Әнәс ибн Мәлик (радияллаһу анһ) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм былай деген:
روى أنس بن مالك رضي الله عنه عن النبي صلى الله عليه و سلم أنه قال: أربع نفقات لا يحاسب العبد بها يوم القيامة: نفقته على أبويه, و نفقته على إفطاره, و نفقته على سحوره, و نفقته على عياله.
«Қиямет күні пендеден төрт түрлі нәпақаның (яғни, жұмсаған дүниесінің) есебі сұралмайды (олар):
- Ата-анасына жұмсаған дүниесі
- Ауыз ашарға жұмсаған дүниесі (ауыз ашардағы азық-түлікке қарыштаған дүниесі)
- Сәресіге жұмсаған дүниесі
- Отбасына жұмсаған дүниесі (яғни, отбасының керек-жарағына жұмсаған дүниесі)»[1].
[1] Әбу Ләйс Самарқанди: Тәнбиһуль Ғофилин.
islam.kz