Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер
Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер
4 жыл бұрын 4310 martebe.kz/
Аударған Шынар Әбілдә

Адам өмірінде бала тәрбиесінің алар орыны ерекше. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді қазақ. Балаға кішкентайынан дұрыс тәрбие беру — өте маңызды және әр ата-ананың парызы. Өкініштісі, қазіргі кезде кей ата-аналарымыз оған мән бермей жатады. Кішкентай күнінде тәрбиеден тыс қалып, кейін опық жеп жүреді. «Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер» атты Шынар Әбілдә ханымның аудармасын назарларыңызға ұсынамыз. 

1. Сіздің балаңыз сіздің көңіл күйіңізге жауапты емес. Егер күйзелісте жүрсеңіз, ашуға тез булықсаңыз, бұныңыз мүлде дұрыс емес. Баланы тәрбиелеу кезінде дауыс көтермеген әлдеқайда тиімді, жүзіңіз мейірім төгіп тұрсын, балаңызға байсалдылық пен махаббатыңызды үлгі етіңіз.

2. Баланың әрекетіне өзіңіздің жауабыңызды өзгерту үшін ең алдымен өз тәртібіңіз бен тәрбиеңізді түзеңіз.

3. Тәрбие ісінде жақпайтын дүниелерді көруіңізге өзіңіздің қандай әрекетіңіз себепші болғанына назар салыңыз.

4. Алдымен рухани жетілуіңізге мән беріңіз. Баланы бейбіт, қарапайым тәсілдермен тәрбиелеу үшін өзіңіз де дұрыс тамақтанып, жаттығу жасап, медитация жасап, оңашалануды біліп, өзіңіздің көңіл күйіңізді үнемі бір қалыпты ұстауға жеткізетін әрекеттерге ден қойыңыз. Баланың алдында әрдайым салмақты, сенімді болуыңыз қажет.

5. Баланың әр қылығына ашу мен күйгелектікпен жауап бермес үшін олардан арылу керек. Ол үшін бәрін асықпай жасауды үйреніңіз. Асыққан сайын соғұрлым өзіңізді күйзелтесіз.

6. Бала сіздің талапты баяу қабылдайды, не мүлде қабылдамай тастайды. Ұрыса берсеңіз, тек кері әсерге тап боласыз.

7. Салмақты балалар үнемі күйзеліске ұшырайтындардың баласынан өзін әлдеқайда жақсы ұстайды. Сондықтан ашуыңыз балаңыздың мінезіне тікелей әсер ететінін біліңіз. Балаңызбен неғұрлым салмақты кейіпте сөйлессеңіз,ол соғұрлым салмақты болып өседі.

8. Егер өзіңізді ұстай білмесеңіз, балаңызға да өз әрекетін бақылауда ұстауға үйрете алмассыз.

9. Балаңызбен қарым-қатынас түзу жауапкершілігін мойныңызға алсаңыз, онда өзіңізді де қамқорлыққа алғаныңыз.

10. Егер бала сізді ашулануға итермелесе, ол жағдайды басқарып кетеді. Өзіңді бақылау әр кезде өзіңді ұстай білуден басталады.

11. Балаңызға не айтқаныңызды қадағалаңыз. «Мені ашуландырдың, тым жайбарақат қимылдайсың. Шапшаңдат. Айқайлатқаннан басқаны білмейсің» десеңіз, оған жағдайды басқартып, өз әрекетіңізді басқаруға рұқсат бергеніңіз.

12. Бала Алланың сыйы. Ендеше өзіңізді жетілдіру уақыты басталды деп есептеңіз.

13. Баланың қылығына төзімсіздік танытып, ашуға бой алдырсаңыз, оған жүргізетін билігіңізден айырыласыз.

14. Не жағдай болса да, бейбіт түрде, байсалды қалыпта шешіңіз. Сонда ішкі теңгерімнің арқасында тәрбиеге аса қажет болатын даналық пен махаббатты көрсете аласыз.

15. Бара-бара салмақты бола бастайсыз. Бейбіт жолмен шешім табудың рақатын сезінесіз. Ашуға беріліп уақыт ұрлатасыз.

16. Ашумен жауап қату жағдайды басқара алмайтыныңызды және балаға өзіңізге еш құрметіңіздің жоқтығын паш етесіз.

17. Балаға үйлесімді ымыраластық құрмет керек. Оларға өзіңнің жақсы қасиеттеріңмен үлгі болып, мейірімге сусындатып, құрметтеп, жайдары көңіл күй сыйлап үйреніңіз. Егер ашулансаңыз, оның өзін жақсы ұстай білуіне кедергі келтіресіз. Өзіне деген сеніміне дақ түсіресіз.

18. Ашу, күйзеліс, дұға, дауласу, айғай – тәрбиеге араласпауға тиісті, аса жағымсыз сезімдер. Олар тек тәрбиеге балама болуы ғана ықтимал.

19. Бала рұқсат етілген дүниенің шегін білуі тиіс. Бірақ оларды дұрыс жолмен орнатпасаңыз, олар шекті мүлде көрмейтін болады.

20. Егер сіздің ашуыңыз өзіңізді ренжітетінін сараптап көрсеңіз, ол бағытталған адамды да ренжітетіні сөзсіз. Жүріс-тұрысты қадағалай бастасаңыз, тәрбиедегі шекті орнатудың жолы жеңілдей түседі.

21. Балаға ашулансаңыз, тез шаршап, қайғырасыз. Бұл жағдайға бала емес, өзіңіз кінәлісіз. Балаға ұрса беру жағдайды тұйыққа тірейді.

22. Балаңыз туралы не ойлайтыныңызды саралаңыз. Егер ойыңыз ашу мен күйгелектікке толы болса, онда қиындықтың бәрі балада емес, ойыңызда.

23. Ой өмірді өзгертеді. Балаңыз қандай болсын десеңіз, солай ойлаңыз, оны қалай тәрбиелесем дегенді де ойлай жүріңіз.

24. Даналық қиындықты өршітпей, тез шешуге бағытталады. Балаңыздың әрекеті көңілден шықпаса, онда ашуланам деп бәрін бүлдіресіз.

25. Баланынң қылығына жауабыңызды өзгерту үшін алдымен баланы кінәлай беруді доғару керек.

26. Балаға деген ашу мен долылық өзіңізді қатты қыстайтыныңыздың белгісі, содан бала зардап шегеді. Өзіңізді жақсы көрсеңіз, балаңыздың да қылығы жаман боп көрінбейді.

27. Бұл балаға енді не істесем деп қиналсаңыз, үндемеңіз, оның әрекетін бақылаңыз. Өзіңізге деген сенімнен айырылмаңыз. Жағдайды дұрыс бағалаңыз. Сонда ең жақсы шешім санаңызға өзі-ақ сарт етеді.

28. Жағдайды басқармас бұрын басқарудың не екенін түсініп алыңыз. Жағдай бақылаудан шығып кетсе, бәрі табиғи түрде жүре берсін.

29. Ашуға тиетін қылықтарына мән бермеуге үйреніңіз. Керісінше, балаңыздың бойындағы ұнайтын қылықтарына назар салыңыз.

30. Баланың жаман қылықтарымен күресудің қажеті жоқ. Керісінше, қалаған тәрбиеге қол жеткізу үшін конструктивті шаралар қолдана біліңіз.

31. Баланың тәрбиелі болуының бірден бір шарты, талабы – ата-анасымен жылы, жақсы қарым-қатынаста болуы. Өзара сенім тек жақсылыққа бастайды. Ашу сенімнен аулақтатады.

32. Баланы жақсы жағына қарай өзгерту үшін алдымен өзіңіз де жақсы қылықтарыңызды көбейтіңіз.

33. Баланың тәрбиесіне жұмсалынатын әрекетіңіздің 95% жағымды, жүректен шыққан, әзіл араласқан болуы тиіс.

34. Егер үнемі қайғырып, мен не деген сорлы едім деп өзіңізді айыптай берсеңіз, өзіңізге деген құрметіңіз кеміп, жағдай бақылаудан шығып кетеді. Өзіңізді құрбандық ретінде қабылдауды доғарыңыз. Өзіңіздің жеңістеріңізді тойлауды үйреніңіз.

35. Егер қаталдық таныту керек болса, қаталдық танытыңыз. Тек көңіл күйді өзгертпеңіз. Балаға шектеу қойған сайын оған мейірлене қараңыз. Сіз салмақты болсаңыз, балаңыз қалауыңызды ұғады

36. Ашуланған сайын тәрбиенің тізгінін қолдан шығарғаныңыз. Ашу мен долылық баланың жаман қылығымен отқа май құйғандай әрекеттеседі.

37. Бәрін жеңемін деген сенім керек. Сонда балаңызды мейірімге бөлеп тәрбиелейсіз. Ашу мен күйгелектікті адалайсыз. Қалауыңыз сол болса, онда мүмкіндік те туады.

0 пікір