«Айзада» есімінің мағынасы қалай? Оны ұлға қоюға бола ма?
«Айзада» есімінің мағынасы қалай? Оны ұлға қоюға бола ма?
11 ай бұрын 5187

«Айзада» есімі - ай және зада сөздерінен құралған. Зада сөзі парысша «ұрпақ», «бала» деген ұғымдарға саяда («ханзада» сөзіндегі «зада» сөзінің дәл өзі). Сонда "айзада" есімінің қазақшадағы мағынасы, «айтуған», «айбала», «айдың баласы» деген ұғымдарды білдірмек. 

Ұл балаларға қоюға бола ма?

Айзада есімі біздің халықта көбіне қыз балаларына қойылады. Сондықтан да, біздің қоғамда ұлға жараспайды. Оның орнына «бекзада» деп қойса болады. «Бекзада» есімі де «бек» пен «зада» сөздерінен құралған - «бектің ұлы» дегенге саяды, ал қазақшадағы мәні: «ақсүйек» (аристократ), «текті адам» деген мағыналарды ұғындырады. Мысалы, «балаңды бекзадалыққа тәрбиеле» деген сөйлемдер кездеседі, яғни, «текті ұрпақ қылып тәрбиеле» деген ұғымда. Сол себепті, ұл балаға «айзада» деп қойғаннан гөрі, «бекзада» (мағынасы: текті адам, аристократ) деп қойған абзалырақ болмақ.

0 пікір