«Әйелі намаз оқымаса, күйеуі не істеуі керек?»: Имам Шағрауидің жауабы
«Әйелі намаз оқымаса, күйеуі не істеуі керек?»: Имам Шағрауидің жауабы
3 жыл бұрын 9397

Өткен ғасырдың атақты Ислам ғалымдарының бірі мархұм Имам Мұхаммед Мүтәуәлли әш-Шағрауиға «Әйелі намаз оқымаса, оған күйеуі немесе жақындары жауапты ма?» деген сауал қояды. Сонда Имам Шағрауи (рахимаһуллаһ) былай деп жауап береді:

«Егер әйелі намаздың парыздығын жоққа шығарып, әдейі мойындамай намаз оқымаса, мұсылман дінінен шығып, мүртәдд болады. Олай болған жағдайда, күйеуі мен ол екеуінің арасын бірден айыру міндет (себебі неке бұзылды).

Алайда, әйелі намаз оқудың парыз екендігіне сене тұра, жалқауланып оқымай жүрсе, күйеуі оған уағыз-насихат айтып, оны намаз оқуға үгіттеуі керек және оған сабырлық танытуы тиіс. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Жанұяңа (әйеліңе) намаз оқуды бұйыр және оған сабыр ет»[1] - деп бұйырған» - дейді абыз ғалым[2] .


[1] Құран Кәрім: «Тоһа» сүресі, 132 аят.
[2] Имам Шағрауи: «әл-Фиқһуль Исләми әл-Муяссәр». 2/102 бет.

А. Қасым
0 пікір