Судың қасиеттері
Судың қасиеттері
10 жыл бұрын 208149

Адам денесі 70 пайыз судан құралады. Су – бүкіл тіршіліктің көзі. Көптеген аңыз желістеріне қарағанда, көне гректер де, басқа халықтар да суға ерекше құрметпен қарап, оны қорғауға шақырған. Бұның бәрі бекер емес. Ендеше, суда не қасиет бар? Қазақ неге суға неге дем салады?

Судың қасиеті көп зерттелді. Ол жайында Пенсильвания университетінің профессоры Рустум Рой: «Су - өмір мәнісі. Ол өте жұмсақ болғанымен қоймай, өте икемделгіш қасиетке ие. Тіпті ол ең қатты деген жартастардың өзін тамшылап тұрып-ақ тесіп шығады» дейді. Расында да, су өте биік деген ағаштардың ұшар басына дейін көтеріле алады.

Суда есте сақтау қасиеті бар. Оның бүгінгі күнгі ғалымдар дәлелдеп отыр. Ол өзіне денесі тиген заттың не екенін біле қояды. Су түрлі пішінге ене алады: қатты да бола алады, сұйық та бола алады, газ түрінде де бола алады, бір түрден екінші түрге ауыса береді. Бір түрден екінші түрге ауысу кезінде су тазарып отырады. Булану барысында су химиялық әрі физикалық тұрғыдан тазарады. Оны қатырғанда яки еріткенде ол жағымды құрылымды иеленеді. 

Судың тұрақты химиялық құрамы Н2О. Алайда судың молекулалық құрылысы өзгере алатыны да шындық. Жай ғана микроскоптың көмегімен молекулалардың топтарға қалай бірігетінін көруге болады. Бұндай топтар «кластерлер» деп аталады. Ғалымдар «есте сақтаудың көзі - осы кластерлер» екендігін болжауда. Су осының негізінде магнитафонның лентасы секілді көргенін де, естігенін де жазып отырады. Қазіргі жаңа құралдар судың осы әрбір көзінде 440 мың ақпаратты панелдер бар екенін анықтаған. Осылардың әрбірі өзін қоршаған ортамен әсерде болады. Кластерлік құрылым судың ақпаратты қабылдап, есте сақтау гипотезасын растап отыр. Бұны Эмото Масару тіпті тәжірибе жүзінде дәлелдеуге тырысқан. 

Ресейдің жаратылыс ғылымдары академиясының академигі Коротковтың лабороториясында адамдағы көңіл-күйдің суға ететін әсерін тексеруге арналған бірнеше зерттеу жұмыстары жүргізілген. Зерттеу тобының адамдарына су толы ыдысқа сүйіспеншілік, жұмсақтық, жақсы сөйлеу секілді жағымды көңіл-күй мен ұрсу, дүрсе қоя беру, қорқыту секілді түрлі жағымсыз көңіл-күй көрсетілген. Кейіннен ыдыстағы су зерттелгенде, үлкен өзгерістерге куә болған профессор мынадай тұжырым жасады: «Махаббат пен сүйіспеншілік су энергетикасын арттырады. Ал жағымсыз жайттар судың энергетикасын қайтарады».

Ойдың суға әсер еткені жайлы тарихтан да мысал келтіруге болады. Мәселен, 1881 жылдың қысында «Лара» кемесі Ливерпульдан Сан-Францискоға жолға шығады. Сапардың үшінші күні аяқастынан кеме өртке оранады. Кемені тастап жансауғалағандардың арасында капитан Нейл Кери де бар еді. Аман қалған жолаушыларды шөл қысты. Жолаушылардың қиналысы сағат сайын арта түсті. Теңіз қиыншылығын тартудай-ақ тартқан жолаушылар әупірімдеп жағаға шыққанда өздерін шөлден аман алып қалған жайтты таңғалыса былай деп тілге тиек етісті: «Біз тұщы суға зар болдық. Шіркін-ай, мына теңіздің суы тұщы суға айналып кетер ме еді» деп армандаумен болдық. Мен бар жан-тәніммен соны қалап, судан іліп алып ішкенімде ол су тұщы боп шықты!»

1472 жылы аббат Карл Гастингстинг жалған айыпталып, түрмеге қамалды. Оған күніге бір тілім қатқан нан мен бір кесе борсыған су берілетін. Арадан бір айдан аса уақыт өткенде әлсіреудің орнына тұтқынның күш-қуат жинай бастағаны байқалды. Түрме басшылары Карлды қинағанда, ол әр әкелген сайын  суға дұға оқып, осындай қиындықтар берген Құдайға шүкір етіп барып сол судан ішкенін мойындаған. Ол дұға оқығанда судың дәмі де, иісі де өзгеріп сала берген.

Пенсильвания университетінің профессоры, АҚШ халықаралық академиясының мүшесі Рустум Рой су жөнінде былай деуде: «Мидың негізгі бөлігін су құрайды. Судың өзі сияқты молекулалары да тез қозғалады. Ол мидың есте сақтау бөлігін құрайды. Сондықтан су мидың ақпаратты есте сақтау бөлігіне жауапты».
Нобель сыйлығының иегері Курт Вютрих: «Егер жүрек, өкпе, немесе бұлшық еттер, ми секілді қарапайым құралдар арқылы көрінетін адамның ішкі мүшелеріне қарасаңыз, бәрінің де суға толы екенін көресіз. Сіздің көріп тұрғаныңыздың бәрі су. Сіздің басыңыз да суға толы. Бізде судан басқа ештеңе жоқ».

Жапония зерттеушісі Эмото Масару «Мәселен, ойлап көрейікші, адам мен су қатар тұрса. Суға түрлі мәліметтер енгізіліп барып адамға ішкізсек, әлгі адамда түрлі өзгерістер болуы мүмкін».

Австрия зерттеушісі Аллоис Груббер: «Суға қандай сөз айтсаңыз, ол содан тез әсерленеді. Мысалы, сіз оған «рақмет» десеңіз оның сапасы арта түседі. Сапасы артқан судың адам денсаулығына пайдасы зор». Барлық әлемдік діндерде: ислам, христиан, иудаизмде көпшілікпен бірге асқа отырар алдында бата жасау, дұға оқу бар. Біз осыны неліктен деп ойланып көрдік пе? Өйткені, оқылған дұға міндетті түрде ас пен суға әсер етуде. Осы мәселеге орай, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясының академигі, Константин Коротков мынадай пікір айтуда: «Біз қазіргі уақытта бұның су кластерлері, су молекулалары арқылы қалай іске асатынын білеміз. Сондықтан жалпы жұртшылыққа мынандай жеңіл ғана кеңес айтқымыз келеді: Дастархан басына отырарда көтеріңкі көңіл-күймен отырған абзал. Егер дастархан басына ашулы күйде отырсаңыз, ол сіздің денсаулығыңызға міндетті түрде кері әсерін тигізеді».

Судың «мәліметті қабылдау» қасиеті

Жапонияның Йокогам университетін тәмамдаған 43 жасар ғалым, доктор Эмото Масару 1987 жылы алғаш рет судың жұмбақ қасиетінің куәсі болды.

Көп жыл зерттеу жұмыстарын жүргізген Эмото берілген сыртқы мәліметке қарай су құрамының өзгеретіндігіне анық көз жеткізді. Екі бірдей ыдысқа су құйып, біреуіне жақсы, ұнамды, жағымды сөз, екіншісіне жаман, жағымсыз сөз жазылған қағаз жапсырған. Сулардан түзілген кристалдарға қарағанда, жағымды сөз жазылған су кристалының өте әдемі, ал керісінше, жағымсыз сөз жазылған судағы кристалдардың пішіні бүлінгендігі анықталған. Айталық, «жақсы», «бақыт», «рақмет» деген сөздер жазып жапсырылған су кристалдары жаңа ашылған гүл секілді әдемі түскен. Ал, «жаман», «сорлылық», «жынды» деген секілді сөздер жазылған судың кристалдары дереу бұзылуға ұшыраған. 

Бір қызығы, шет тілінде жазылған бір мәндегі сөздерге де су кристалдары әдемі түзілген. Мәселен, рақмет мағынасындағы ағылшынша «thank you», қытайша «doce», французша «merci», немісше «danke» италиянша «grazie», арабша «шүкран», түрікше «тешеккүр», корейше «камусамунида» сөздерінің бәрі де жақсы әсер ететіндігін байқатқан. Ең қызығы, «махаббат және құрмет» сөзі жапсырылған судан түзілген кристалдар тым әдемілігімен ерекше көз тартқан.

Өмірге келу де – су, кету де – су

Адам 70 пайыз судан құрала отырып, тәулігіне 2,5 литр су ішеді. Тағы бір жарым литр суды моншаға, душқа түсу кезінде терісі арқылы қабылдайды екен. Жұптасып, ұрық қабылдаған аналық жұмыртқа клеткалар 96 пайыз, ал өмірге жаңа келген сәби 80 пайыз  судан құралады. Адамның өсуімен оның бойындағы су құрамы азая түскенмен ересек тартқанда, оның бойындағы су құрамы шамамен 70 пайыз суды көрсетеді. Нәресте өзінің өмірге келуін шешесінің қарнындағы суға толы жатырда күтеді. Оған қажетті барлық қорек кіндік пен бала жолдасы арқылы келеді. Өмірге келерде осындай маңызды рөл атқаратын су өмірден қайтқанда да өте маңызды рөл атқарады. Өлер алдында ерні кезерген адамның аузына су тамызу яки дымқыл шүберекпен ернін сулап отыру – қазақта жиі кездесетін жайт. Бұл адам өмірінің сумен тығыз байланыста екенін көрсетсе керек. Демек, таза су ішу арқылы адам денсаулығы жақсара түседі. Ал, таза су тапшылығы барған сайын арта түсуде. Жуырда бірнеше еуропалық баспалардан шыққан «Ресурстар үшін соғыстар» кітабының авторы, сарапшы Майкл Клэйр қазіргі уақытта әлем соғыстардың жаңа кезеңіне өтуде. Ол ресурстар үшін соғыстар. Соның бірі - су.   Өйткені су жер шарының 70 пайызын алып жатыр. Оның 2,5 пайызы тұщы су. «Сайнес» атты американдық журналдағы материалдар бойынша қазіргі кезде әлем халықтары жер бетіндегі қол жетім судың 54 пайызын тұтынуда. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 70 пайызға дейін өспек.

Сол себепті өткен ғасыр адамдары мұнай үшін соғысса, алдағы ғасырда су үшін қанды соғыстар болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

7 пікір
  • Құрметті сайт админдері мына жерді калай тусінемін

    1472 жылы аббат Карл Гастингстинг жалған айыпталып, түрмеге қамалды. Оған күніге бір тілім қатқан нан мен бір кесе борсыған су берілетін. Арадан бір айдан аса уақыт өткенде әлсіреудің орнына тұтқынның күш-қуат жинай бастағаны байқалды. Түрме басшылары Карлды қинағанда, ол әр әкелген сайын суға дұға оқып, осындай қиындықтар берген Құдайға шүкір етіп барып сол судан ішкенін мойындаған. Ол дұға оқығанда судың дәмі де, иісі де өзгеріп сала берген.

    10 жыл бұрын
    • Ойдың суға берер әсері жайында берілген мысал. Сол параграфты мұқият оқысаңыз түсінікті болады. Алла разы болсын
      10 жыл бұрын
      • менің сұрайын аббат, яғни христианның дұғасын Аллаһ қабыл еткен бе? Кішкене қисынға келетін нәрсе жазсаңыздар
        10 жыл бұрын
        • Ол аллаһқа (құдайға) берген қиыншылықтарына шүкіршілік еткен, яғни ол аллаһтың жалғыз екендігіне сенгендігі байқалады, мұсылман не христиан бол бәрімізде Адам ата мен Хауа ананың ұрпағымыз, Аллаһ барлығын білуші және рақым иесі.
          10 жыл бұрын
        • Алланын алдында баримиз бирдеймиз.Тек кулшылык етуіміз керек.Алла жалгыз жаратушы.Аллага кай тілде тілек етсен де кабыл етеді.Арине ана тілі биік қой.Қай халық болмасын Аллаға шукіршілік етіп тауба жасаса қабыл етеді.Баримизді БірАлла жаратқан.Менін Анам марқұм солай дейтін.Адамдарды алалау болмайды жақсы не жаман деуге болмайды- оны тек Аллам ғана биледі.Кунага батады айтқан адам-дейтін.Анам лсындай ангемені айтып отыратын
          9 жыл бұрын
  • Қиыншылық көрген адамның дұғасы қабыл болады ғой
    10 жыл бұрын
  • Қиыншылықты да Алла суйген құлына береді.Сынақ ретінде.Баріне тауба етіп , дұға тілек етсе- Алла алақанымызды құр қайтармайды.Алла ұлық,Алла мейрімді.Сол себепті барлық ұлтқа бірдей.Тек асылық не күншілік жасамай дұға тілек етсек жəне бірі бірімізге дұға етсек Алла қабыл етеді.Сүйікті пайғамбарымыз айтып өткендей мұсылмандар бірі бірімізге дұға етсек Аллаға тез жетеді-деп айтқан пайғамбар.Жəне сүйікті пайғамбарымызға дұға артынан салауат айтсақ та тілегіміз қабыл болады.
    9 жыл бұрын