Синус пен косинусты алғаш ойлап тапқан Баттани
Синус пен косинусты алғаш ойлап тапқан Баттани
11 жыл бұрын 7741 Fernando Batista/Shutterstock
Бақ БЕР

Өз дәуірінің ең маңызды астрономы, әрі математиктерінің бірі Баттани 859-929 аралығында Харран деген аймақта дүниеге келген.

Раққада арнайы обсерватория салдырып, осында 887-918 жылдар аралығында өте маңызды бақылауларын жүргізген. Күн, Ай мен ғаламшарлардың қозғалыстарын байқап, орбиталарын дұрыс негізде анықтауға тырысқан. Күн мен Айдың тұтылуына көңіл бөліп, маусымдардың мезгілін нақты туралықпен есептеген. Бұдан бөлек, эклиптиканың еңкіштігін де нәзік есептей білген.

Бұған қоса, математикамен айналысқан Баттани осы салада да айтарлықтай еңбектер жазып қалдырған. Синус, косинус, тангенс, котангенс, секант, косекантты шын мәнінде алғаш рет қолданған ғалымның Баттани болғандығы айтылады. Баттани жұмыстары кезінде кейбір негізгі тригонометриялық байланыстарға қол жеткізіп, әрі бұларда астрономиялық есептерде қолданған.

Синус пен косинус ұғымдарын алғаш қолданған ғалым

M.Чарлез «Геометрияда әдістердің тарихи көрінісі» атты еңбегінде Баттани туралы сөз қозғаған. Оның синус пен косинус ұғымдарын алғашқы қолданған кісі екенін айтып, бұл ұғымдарды күн сағатын есептеуде тапқанын, оған ұзарған көлеңке атауын бергенін, бұған қазіргі геометрияда «тангенс» дейтіндігін білдірген. Баттанидың көп жыл бұрын ашқан жаңалықтарын батыстықтар көп ғасыр кейін барып қолдана бастаған. Ислам тарихын зерттеушілердің бірі проф. Филип К. Хитти «Қысқаша араб тарихы» атты еңбегінде былай деген: «Күмәнсіз, математика мәліметтері тангенс жайында Баттанидан тек бес ғасырдан кейін мәліметке қол жеткізген. Неміс астрономы, әрі математигі Региомантанус (1436-1476) соны білу бақытына бөленсе, одан бір ғасыр кейін өмір сүрген Коперник (1473-1543) бұны танымаған».

Еңбектері

1. Китабу мағрифатил маталил буруж фи ма бәйна әрбаил фалак: Он екі жұлдыз шоғырының көк жүзінің төртте біріндегі туылу орындарының білінуі: Айдың тұтылуы, Ай мен жұлдыздардың туылу жерлері туралы айтады. Данторн 1794 жылы айдың ғасырлық жылдамдығын есептегенде, Баттанидың ай мен күн тұтылуына қатысты байқалуларын көбірек пайдаланған. Бойлықтары 0° ден 36° ға дейін сай келетін жұлдыздардың туылу орындарын көрсететін каталог. Осындай сызғышты алғаш рет ғылымда ойлап тапқан ғалым Баттани болған. Бұған дейін жасалған Хабас әл-Хасиб атты жұлдыз топтамасында бұндай сызғыш болмаған.

2. Рисалатун фи тахқиқи ақдарил иттисалат: Жұлдыздардың қатар келу өлшемдерінің зерттелуі жайындағы кітапша: Жұлдыздардың ендіктерінен пайдаланып, сәулелерін жіберуін сфералық тригонометрияға сүйене отырып түсіндіреді.

3. Шархул мақалатил әрбаи ли Батламиус: Батламустың «Төрт кітап» атты еңбегінің түсіндірмесі.

4. Китабуз-зыйж: астрономия туралы. Баттанидың ең маңызды, әрі қазіргі уақытқа дейін сақталған жалғыз кітабы. Еңбек Баттанидың бақылауларынан қол жеткізген нәтижелерді де қамтуда. Бұл еңбек тек Ислам әлемінде ғана емес, Ортағасырда және Рененсанстың алғашқы кезеңдерінде Европада сфералық тригонометрияға үлкен ықпал еткен.

Кітап Патша X.Aльфонс (ө.ж. 1284) тарапынан арабшадан испан тіліне аудартылған. 1143 жылы Испанияда Роберт Ретиненсис тарапынан аударылса да қазіргі күнге дейін сақталмаған. Бұдан бөлек кітап 12-ғасырдың алғашқы жартысында Тиволи Пиато Тибуртинус тарапынан латын тіліне аударылған.
Бұдан бөлек, Региомантанус (1436-1476) Сабии сызғыштары деген атпен танымал осы еңбекті астрономияға тән алғысөзбен бірге бір түсіндірмесін латын тіліне аударған. Алғысөз 1537 жылы Фарғанидың (?-860) еңбегімен бірге Ньюнбергте басылып, Европа ғалымдарына танытылған. 1645 жылы Болонияда жалғыз еңбек ретінде «Йоханнес региомонтанустың» бірнеше қосымшасымен «Aлбатегниустың (Баттани) астрономия ғылымы жайлы еңбегі» деген атпен латынша атаумен жарияланған.
Коперник (1473-1543) те осы мұсылман ғалымның еңбектерімен кең танысып, одан көп пайдаланған. Оның еңбектері 1800 жылының өзінде Қаһира ли ибни Юнустың (?-1009) еңбектерімен бірге Францис Лаплейстың (1749-1827) зерттеулеріне көмекке жараған. Баттанидың астрономиядағы қызметтерін жоғары бағалаған батыс Айға оның да есімін берген. Ай карталарында Батыста Albategnius ретінде танымал болғандықтан, Albategnius ретінде тіркелген.

0 пікір