Сәжденің денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?
Сәжденің денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?
8 жыл бұрын 13047 islam-today.ru
Аударған: М. Бақдәулетқызы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Сәжде-бұл намаз уақытындағы бірегей сәт пен құлының Раббысына жақындай түсетін рухани, қасиетті кезеңі. Сәждеге жығылу сәтінде-ақ, біз Алланың мейірімділігі мен кешірімділігіне жақын боламыз. Рақымы шексіз Алланың құзырында намаз оқу барысында бірнеше рет сәжде етеріміз хақ. Ал намаздың адамға рухани жағы айтпаса да өте маңызды, сонымен қатар денсаулыққа пайдасы жағынан да маңыздылығын айшықтай түседі.

Алла Елшісі (с.а.у.) мүбәрак хадистерінде: "Намаз-барлық бәледен құтылудың жолы", "Алланың құлына жақын болатын кезі-сәждеге барған сәт", - деп баяндаған.

Құранда Алла Тағала былай деген: "Әй, мүміндер! Сәждеге бас иіп, Раббыңа құлшылық етіңдер әрі ізгі іс істесеңдер, мүмкін табысқа қол жеткізесіңдер!" (Құран, 18: 110).

"Кімде-кім Раббысымен кездесуді қаласа, игі амал жасап, Алламен бірге өзгеге табынбасын" (Құран, 18:110). Пайғамбарымыз (с.а.у.): "Егер адам толыққанды  сәжде етіп, намазын көркем түрде оқыса, намаз ол адамға: "Сен мені сақтағандай, Алла да сені сақтасын",-дейді. Содан кейін намазы көкке көтеріледі (және қабылданады)".

Егер адам  толыққанды сәждесін жасап, тиісінше амалдарын орындаса, намазын ең көркем бейнеде оқыса, онда намаз оған: "Сен мені сақтағандай, Алла да сені сақтасын!",-дейді. Осыдан соң намазы көкке көтеріледі(және қабылданады).

Егер адам дұрыс сәжде жасамай, басын толық имесе, намазын дұрыс оқымаған болады, оған намазы: "Сен мені қалай дұрыс сақтамасаң, Алла да сені сақтамайды", - дейді. Кейін намаз сол адамның бетіне лақтырылып тасталады. "Рукуғ пен сәждені дұрыс орындаңдар".

"Ең нашар ұры - бұл өз намазынан ұрлаған адам". Сахабалар: "Қалайша өз намазынан ұрлайды, Алланың Елшісі (с.а.у.)?" - деп сұрады. Ол былайша жауап берді: "Адам қашан өзінің рукуғ пен сәждесін толыққанды түрде орындамаса".

 

Сәжденің денсаулыққа пайдасы

Сәжде еткен сәт адамға жеңілдік пен артықшылық сыйлайды. Бұл жағдайда ол тыныштық пен жанына жайлылық самалын сезінеді. Сәжде - адам миы жүрегінің төменгі орнында болатын ерекше сәті. Бұл шақта миға көбірек қан мен оттегі барады, оны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ете отырып, жадты, көру, есту қабілетін және басқа да танымдық қабілетін жақсартады.

Бес уақыт намаз оқушы адамдарда үлкен ерік күші болады. Олар бас ауруы мен психологиялық бұзылулардан көп зардап шекпейді. Сәжде ету барысында мойын бұлшықеттері көп әрі тиімді қозғалысқа түседі. Сіз мұны еденнен бас көтерген сәтте сезіне аласыз. Сәжде ету мен сәждеден тұру уақытында арқа бұлшықеттері қатаяды. Сондықтан намаз оқитындарда арқа ауруы көп кездеспейді.  Сәжде - адам денесінен шығатын электромагниттік сәулелердің күшін жоюдың тиімді құралы. Ғалымдар сәжде еткен кезде жердің гравитациясы өзіне барлық зиянды сәулелер мен толқындарды тартатындығын дәлелдеген. Мұсылмандар күніне намазда аз дегенде 34 рет сәжде ету нәтижесінде қуаныш пен тыныштыққа, жан мен тәннің саулығына қауышады, ең бастысы - өзін Жаратқан Ұлы Аллаға рухани жақындайды.

4 пікір
  • BQ
    Жаратушы Иемиз жасаган кулшылыктарымызды кабыл етсин!
    8 жыл бұрын
  • Мақалаңызға Алла разы болсын! Намаз оқудың, рүкү-сәжде жасаудың негізгі мотивациясы – ақиреттегі Алла алдындағы намаздардың есебі. Содан кейін дұғалардың қабыл болуына мол мүмкіндік, тағы сол сияқты ынталандырулар. Намаз, оразаның пайдаларын ғылымның, медицинаның жаңалықтарымен ұштастырып айту да адамды ынталандырудың жақсы жолы. Алла разы болсын!

    Ескерте (айыпқа бұйырмаңыз)! Парыз намаздар мен үтір уәжіп намаздағы, бекітілген сүннет намаздарғы сәжделердің саны – 32. Бұған екінті (асыр) мен құптанның бекітілмеген сүннеттерін қоссаңыз, жиыны қырық болады.
    8 жыл бұрын
    • Сіз де кешіріңіз! Бірақ сіз айтып отырған сан (32, 40) ракәғат саны ғой. Ал бір ракәғатта 2 сәжде бар. Ол санды 2-ге көбейтіңіз. Сонда 64 не 80 сәжде шығады. Ал жоғарыдағы мақалада 17 ракәғат парыз намаздар жазылған болу керек.
      8 жыл бұрын