Құранның бес ғылыми жаңалығы
Құранның бес ғылыми жаңалығы
7 жыл бұрын 5396 fondihlas.ru
Аударған Меруерт Бақдәулетқызы

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құран түскен кезде Алланың құдіретімен жаратылған алып күн жүйесі мен шеті шексіз көгілдір мұхиттарды, жануарлардың жасушалары мен көптеген таңғажайып құбылыстарды баяндады. "Оның (Құранның) ақиқат екендігі айқындалғанға дейін Біз оларға (сенбеушілерге) белгілерімізді (кереметтерімізді) көкжиектерде және өздерінде көрсетеміз. Әлде Раббыңның әрбір нәрсеге куә екендігі жеткілікті емес пе?"/Фуссилат, 53/.

    Таулар

    Таулардың түзілуін ғылым  екі тектоникалық плиталардың өзара соқтығысуынан  жаңа жаратылыс қалыптасқан деп түсіндіреді. Таудың жоғары бөлігі, негізгі бөлігі, мантия бөлігінің құрамына енеді. Бұл кескін үздік бейнеде Құранда былайша түсіндірілген: "Әлде жерді төсеніш етіп жасамап па едік және тауларды қазақ етіп?"/Нәбә, 6-7/.

    Ұрықтың дамуы

     Жатыр ішіндегі  ұрықтың даму  үдерісі ғасырлар бойы ғалымдарды таң қалдырды, біз осы күнге дейін бұл кереметтің  қалай  болғандығын түсіне алмай келеміз. Құрандағы "Мүминун" сүресінде осы кезең былайша сипатталған: "Сосын оны (Адам ұрпағын) тамшы күйінде  орнықты орынға (ана жатырына) орналастырдық. Сосын тамшыны ұйыған қан етіп жасап, сосын ұйыған қаннан бір түйір ет жасап, бір түйір еттен сүйектер жарттық та, ол сүйектерді етпен қаптадық. Сосын оны басқа бір жаратылыс қылып дамыттық. Жасампаздардың ең көркем шебері - Алла ұлық, берекелі!"/23:13-14/.

     Бұлт

    Біздің балалық шақтағы, мектепте оқып жүрген кезеңде, бұлттар жайлы оқығанымыз есімізде. Алайда, бұлттар жайындағы қандай да бір білімді технологиялардың өнертабысы арқасында айқындадық. Өз кезеңінде метеорология саласындағы ғылыми-зерттеулер бұлттар қосылып, бірігіп, жоғары бағанды ​​қалыптастыру кезінде  жаңбыр  жауады деп дәлелдеді. Барша ғылымның энциклопедиясы болған Құран ол жөнінде тамаша түсіндіреді: "Әлде сен Алланың бұлттарды айдап әкеліп, сосын оларды жинақтап, сосын түйдек-түйдек ететіндігін көрмеп пе едің? Сосын сен олардың араларынан жаңбырдың шыққанын көресің. Ол (Алла) көктен ондағы таулардан (таудай бұлттардан) бұршақ түсіреді де, оны қалағанына тигізіп, қалағанынан оны аулақтатады" /Нұр, 43/.

     Исламның алтын ғасыры

Исламның алтын ғасыры медицина саласындағы  кейбір таңғажайып жаңалықтардың  ашылуымен көрініс табады. Оның үстіне биология ғылымының  негізі Құранда баяндалған болатын. Бұл анатомия мен  жасушалы биологияға да қатысты. Тіпті микроскоптар мен ренгтген сәулелері пайда болмаған ғасырдың өзінде-ақ Құранда барша ақиқат айқын айшықталған: "Әлде кәпір болғандар көктер  мен жердің біртұтас болғандығын, сосын ол екеуін ажыратқанымызды, сондай-ақ әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды көрмеген бе? Олар сонда да иман келтірмей ме?" /Әнбия, 30/.

     Орбиталар

     Ғалымдар көптеген ғасырлар бойы жер күнді айналады деген қорытындыға  бірауыздан келе алмады. Бұл ғарышты игеру идеясы  көптеген ғасырлар бойы  басталғанымен, Құранда Алланың құдіретімен  бұдан  бұрын-ақ жазылған болатын: "Әрі түн мен күндізді де, күн мен айды  да жаратқан-Ол (Алла). Әрбірі өз көгінде жүзеді"/Әнбия, 33/. Түйіндей келгенде, алыстағы шөл даладағы арабтың өз дәуіріндегі  ғарыш жайындағы кемел білімнің  сенімді  қайнар көзі болғандығы, таңқаларлық факт екендігі даусыз.

 

1 пікір