Құран аятының адам жаратылысына байланысты тағы бір сыры
Құран аятының адам жаратылысына байланысты тағы бір сыры
6 жыл бұрын 15222 ummet.kz
Оразбек САПАРХАН

Адамзатқа өмір сүрудің тамаша үлгісі мен ғаламның түрлі ғажайыптарынан сыр шертетін Құран Кәрім аяттары «хикметке толы», «терең сырлы».

Құранда адамның жаратылысы туралы да аяттар кездеседі. Бүгінгі биотехнология бұл аяттардың мәнін аша түсуде. Құран аяттарына үңіліп көрелік:

خَلَقَ الْإِنسَانَ مِنْ عَلَقٍ

«Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан». («Аләқ» сүресі, 2-аят)

Тағы бір аятта:

 ثُمَّ خَلَقْنَا النُّطْفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقْنَا الْعَلَقَةَ مُضْغَةً فَخَلَقْنَا الْمُضْغَةَ عِظَامًا فَكَسَوْنَا الْعِظَامَ لَحْمًا ثُمَّ أَنشَأْنَاهُ خَلْقًا آخَرَ ۚ فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ

«Сосын тамшыны ұйыған қан жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла». («Мүминнүн» сүресі, 14-аяты)

يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِن كُنتُمْ فِي رَيْبٍ مِّنَ الْبَعْثِ فَإِنَّا خَلَقْنَاكُم مِّن تُرَابٍ ثُمَّ مِن نُّطْفَةٍ ثُمَّ مِنْ عَلَقَةٍ ثُمَّ مِن مُّضْغَةٍ مُّخَلَّقَةٍ وَغَيْرِ مُخَلَّقَةٍ لِّنُبَيِّنَ لَكُمْ ۚ وَنُقِرُّ فِي الْأَرْحَامِ مَا نَشَاءُ إِلَىٰ أَجَلٍ مُّسَمًّى ثُمَّ نُخْرِجُكُمْ طِفْلًا ثُمَّ لِتَبْلُغُوا أَشُدَّكُمْ ۖ

«Әй, адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе тектеріңді білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз...». («Хаж» сүресі, 5-аят).

Жоғарыдағы аяттарда адамның әу баста «علق(аләқ)»-тан жаратылатыны баяндалады.

Араб тіліндегі «علق (аләқ, әләқ, ғәләқ)» сөзі үш түрлі мағына береді екен: (1) Сүлік; (2) Ілініп тұрған зат; (3)Ұйыған қан. Қазақтілді Құран аудармаларында бұл сөздің «ұйыған қан» мағынасы ғана қолданылып жүр. Сөздікте араб тілінде ұйыған қанның басқа да атаулары бар екенін байқаймыз. Алайда, Алла Тағала үш мағынаны қамтыған «علق» сөзін таңдады. Алланың әрбір ісі хикметке толы. Демек, мұның да өз сыры болғаны...

Биотехнологияның соңғы зерттеу нәтижелері бұл сөздің үш мағына беруінің өзіндік хикметі бар екенін дәлелдеп отыр. Ендеше, желілес ізденісіміздің бұл бөлігін «علق» сөізінің «сүлік» деген мағынасымен қандай қатысы бар екенін зерделеп көрейік.

Ұрықтанған аналық ұрық клеткасы (зигота) тез арада бөлшектенуі басталады. Яғни, жұмыртқа жасушасы бөлінген кезде түзілетін жасуша бөлшектері пайда болады. Бұл ғылымда «бластомерлер» деп аталады. Соның нәтижесінде бір жасушалы ұрықтан көп жасушалы ұрық морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс бірнеше күнге созылады. Бұдан кейін морула сатысындағы ұрық жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналмақ. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді. Мұны – имплантация деп атайды. Осы кезеңде аяттарда айтылған «аләқ» сүлікке ұқсайды.

11-300x168.jpg

g-embryo-leech-ru.png
«Әләқ» сатысындағы эмбирон мен сүліктің суреті

1980-жылдары эмбриология саласының саңлақ ғалымдарының бірі, Канаданың Тронто университетінің (University of Toronto) анатомия факултетінің деканы, эмбриология ғылымының профессоры Кис Моурға ( Prof. Dr. Keith Moore)  аса қуатты микроскоп арқылы сынақ (тәжрибе) жасап, эмбрионның алғашқы мезгілде, ұйыған қан күйіндегі формасы сүлікке ұқсайтынын байқайды. Бұны бір деңіз. 

Сондай-ақ, осы кезеңде ананың қанымен тамақтанатын эмбрион, өзгелердің қанымен қоректенетін сүлікке ұқсайды.

0 пікір