Қантты жиі пайдаланудан туындайтын 15 проблема
Қантты жиі пайдаланудан туындайтын 15 проблема
5 жыл бұрын 2660 el.kz/
Мөлдір Қайнар

Тәтті сүйгіштер күніне кем дегенде 22 шай қасығындай қант жейді екен. Оның денсаулыққа тигізер кері әсері жетерлік: артық салмақ, жүрек ауруы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы және т.б. Біз бүгінгі мақаламызда қанттың тағы қандай зияны бар екендігін айтпақпыз.

Қазіргі кезде азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қауіпсіздігін басқару ұйымы күніне 4 қасық шай қасығындай (бұл «Кока-Кола» шөлмегінен кішкене көп) қант әрбір адамға жеткілікті десе, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол көрсеткішті екі қасыққа дейін төмендетіп отыр.

1. Тісжегі (кариес)

Тісжегі ауызқуысындағы бактериялар қантпен қоректенгенде пайда болады. Соның әсерінен тістің эмалін кетіретін оттек түзіледі, тіпті жұмсақ дентинге дейін жетеді. Сол себепті, стоматологтар диетологтарға қарағанда, қанттың мөлшерін минимумға дейін жеткізуді талап етеді.

2. Әрдайым аштық сезімде жүру

Лептин гормоны миға жетерліктей тамақтанғаныңызды жеткізіп отырады. Бірақ, фруктоза әлгі лептинді миға жеткізбей, аштық сезімін тудыруға шебер. Лептинге төзімді жандар миға ақпар алмаған соң, өзінің тәбетін тыя алмайтын көрінеді. Фруктозаны көп беру арқылы тышқандарға тәжірибе жүргізген ғалымдар, лептиннің айтарлықтай көп бөлінетіндігіне көз жеткізген. Жеміс шырыны өз кезегінде ағзаның лептинге деген сезімталдығын төмендеткен. Ал фруктозаны ас мәзірінен алып тастағанда, кеміргіштердегі лептин мөлшері қалыпқа келіпті.

3. Салмақ қосу

Бір орында отырып жұмыс жасау салмақ қосуға жалғыз себеп емес. Тәттіге құмар жандар калорияның көптігінен, оны дұрыс жұмсай алмай, аштықты көп сезіне бермейді.

Жаңа Зеландияның ғалымдары ересек ер адамдарға зерттеу жүргізіп, артық салмақ пен басқа да факторлардың (жас мөлшері, қант, дене салмағының индексі, алкоголь пайдалану, темекі тарту) арасында қаншалықтың байланыс барын анықтаған. Тәжірибе нәтижесі артық салмақ пен қанттың тығыз байланысын көрсетіпті. Арықтауды мақсат тұтқандар болса, алдымен қанттан бас тартуды ойласын.

 

4. Диабет

Қазірде Қазақстанда 340 мың адам қант диабетіне шалдыққандардың тізімінде тұр. Олардың 92%-ы бұл дерттің екінші типіне жатқызылады. Бұл дегеніміз, аурудан айығу адамның өзіне тікелей байланысты.
Ғалымдар 1991-1999 жылдар аралығында 51 мың адамның денсаулығына зерттеу жүргізгенде лимонад, шай, энергетик секілді тәтті сусындарды көп ішетіндерде диабетке шалдығу көрсеткіші тым жоғары болғандығын байқаған. 310 мың адам қатысқан тағы бір тәжірибе де алдыңғы нәтижені көрсетіпті.

 

5. Инсулин бұзылысы

Егер таңғы асқа құрамында қанты көп тамақ жесеңіз, сіздің ағзаңыз ішке түскен асты энергияға айналдыру үшін инсулин-гормонды көбірек талап ететін болады. Бірақ, инсулин деңгейінің әрдайым жоғары болуы – ағзаны өзіне үйретіп, сезімталдығын төмендетеді. Бұл қандағы глюкоза көрсеткішін өсіріп жібермек. Инсулин бұзылысы тез шаршауға, әрдайым аштық сезіміне, қан қысымының көтерілуіне алып келеді. Соның кесірінен ішке май жинала бастайды. Көп адам инсулинге төзімділігін қант диабетіне бір-ақ жеткенде байқап жатады.

 

6. Семіздік

Егер сіз тәтті лимонадтың бір стақанын күн сайын ішетін болсаңыз, бір жылда алты келіге дейін оп-оңай толысатын боласыз. Әрбір қосымша тәтті сусын семіздікке апарады.

 

7. Бауыр жетіспеушілігі

Фруктозаның ағзаға көп түсуі бауыр жұмысын ауырлататын болады. Оның шамадан тыс артуы – алкогольсіз майлы бауыр дертінің туындауына бірден бір себеп. Май бауырдың айналасына жинала береді. Алайда, ғалымдар бұл ауруға қант не артық салмақтың қайсысы әсер етендігін әлі нақты анықтай алмапты (артық салмақтың неден туындайтын ілгеріде айтып кеткен едік). Артық май келе-келе бауыр жетіспеушілікке жеткізіп, адам ағзасына орасан кесірін тигізеді.

 

8. Бүйрек дерті

Ғалымдар қантты шамадан тыс пайдалану бүйректі де «отырғызады» деп топшылайды. 9538 адамға жүргізілген тәжірибеде тәтті лимонадтар мен сусындар бүйрек ауруын туындатқан екен. Тышқандарға жасалған зерттемеде ғалымдар олардың тамағына 12 есе қантты көп беру арқылы бүйректерінің ісіп, жұмысының бұзылғанын көрген.

 

9. Ұйқы безінің рагы

Кейбір зерттеушілер қанттың көптеп ағзаға түсуі үйқы безінің рагына алып келеді деген пікірде. Ал басқалары рак пен қанттың байланысын былай түсіндіреді: қант семіздік пен диабетке шалдықтырса, соңғы аталғандар ұйқы безі рагының туындауына жол ашады.

 

10. Қан қысымының көтерілуі

Қант қан қысымының көтерілуіне де ықпал ететін болып шықты. Бір тәжірибеде бұрын-соңды гипертониясы болмаған 4528 ересек адам күніне 74 грамм қант пайдаланған екен. Нәтижесінде олардың қысымы айтарлықтай көтерілген.  Тағы бір зерттеуде 15 адам 60 грамм фруктоза ішкеннен соң, екі сағат өтпей, артериалды қысымы жоғарылағанын біледі. Оған себеп, көп түскен фруктоза ыдырау кезінде қан қысымына кері әсер ететін жанама өнім – несіп қышқылына айналуы.

11. Жүрек-қан тамыр ауруы

Жүрек-қан тамыр ауруы – әлем бойынша өлімге алып келетін себептердің негізгісі. Оған көбінесе аз қозғалыстағы өмір салты, шылым шегумен қатар, қант, диабет, артық салмақ та әсер етіп жатады. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, сіз мөлшерден тыс қант қолдану арқылы өз жүрегіңізге зиян келтіресіз. Бұл әсіресе әйелдерге қатысты.

АҚШ-тағы ауруларды бақылау орталығының жүргізген зерттемесіне сүйенсек, тәжірибеге қатысқан 11733 адам күнделікті қант пайдалану арқылы өз жүрек-қан тамыр жүйесіне залал келтірген. Қатысушылардың 17-21 %-ының жүрек ауруына шалдығу көрсеткіші 38%-ға дейін өсіп кеткен көрінеді.

12. Тәуелділік

Қантқа деген тәуелділіктің алкогольге, есірткіге басыбайлықтан өзгешелігі бар. Мәселен, темекі тастауды қалап жүрген адам, бірден тәтті жеуге құмартып кетеді. Бұдан шығатыны – ми тәуелді болған бір затты, басқасымен алмастырады.

Алайда, адамдардың тағамдарға әуестігі құрамында қант бар-жоғына қарамай артып жатады.

13. Нәрлі заттардың жетіспеуі

Қантты көп пайдалану ағзаға өте қажет көптеген нәрлі заттардан бас тартқызады. Мәселен, қанты көп газдалған сусындар, құрамында дәрумені бар табиғи шырындар мен сүтті алмастырады. Қант арқылы көп калория алғанмен D, кальций, калий секілді дәрумендерді жетіспеуі байқалады.

Нәрлі заттардың жетіспеуі шаршауға, сүйектердің сынғыштығына, бұлшықеттердің әлсіздігіне алып келеді. Американдық ғалымдар жасаған зерттеуде күніне 18% не одан да көп қанттан калория алғандарда қажетті дәрумендер – фолий қышқылы, кальций, темір, А мен С дәруменінің жетіспеушілігі байқалған.

14. Когнитивтік қабілеттің төмендеуі

Семіздік, диабет когнитивтік қабілеттің төмендеуі мен Альцгеймер ауруына жеткізіп жатады.

Ғалымдар тышқандарға көп қант беру арқылы олардың жадына зиян келгенін және эмоционалды қозғыштыққа дейін жеткенін аңғарған. Адам ағзасында да осындай өзгерістер болады екен: яғни, құрамында майы және көміртегі көп тағамдар мидағы есте сақтау қабілетіне жауап беретін гиппокамптың бөлінуін төмендеткен.

15. Тұз байлану ауруы

«Корольдар ауруы» аталатын дерт тамақ не ішімдікке қанағатсыздықтан пайда болады. Бұл артриттің ауыр формасы бүгінгі күні қанатын кеңге жайып келеді.

Тұз байлануға әкелетін қарапайым азық-түліктерде пурин деңгейі жоғары болады. Пурин ағзаға сіңе бастағанда несеп қышқылы бөлінеді де, тұз байлануы кеселіне жетізеді.  Алайда, несеп қышқылы тек пуриндерден ғана емес, қанты көп тағамдардан да туындауы мүмкін. Бұл ауру көбінесе ер адамдарда кездеседі.

0 пікір