Өмірлік қиыншылықтарды жеңудің 7 қадамы
Өмірлік қиыншылықтарды жеңудің 7 қадамы
3 жыл бұрын 5434
Аударған: Меруерт Мұхамадиева

Қиындықтар-біздің өміріміздің бір ажырамас бөлігі. Біз әрдайым өмірлік қиыншылықтарды жеңе отырып, күнделікті көптеп туындап жататын мәселелер мен міндеттерді шешуге мәжбүр боламыз. Мүміндер үшін сынақ дегеніміз-жоғары сатыға көтерілудің бір  мүмкіндігі. Осы орайда кез келген өмірлік қиындықтарды жеңудің 7 түрлі тәжірибелік қадамын жинақтап, назарларыңызға ұсынамыз.

1. Намаз оқыңыз.

Ешқашан міндеттелген парыз ғибадаттарды тәрк етпеңіз, одан қашқақтамаңыз, тіпті қосымша намаздарды да оқуды бастаңыз. Ғибадат-рухтың, жанның азығы, рухы тойынбаған адам кез келген жаманшылыққа бой алдырып қоюы ықтимал.

Ғибадатта шынайы ықыласты болыңыз  әрі намазды өміріңіздегі соңғы намаз сияқты оқыңыз. Бірде Алла Елшісінен (с.а.у.): «Алла Тағала қай амалды жақсы көреді?»-деп сұрады.  Ол: «Өз уақытында оқылған намаз», - деп жауап қатты (Бұхари).

2. Садақа беріңіз.

Садақа тарату арқылы сіз мұқтаж жандардың көңілін аулайсыз әрі Алланың разылығына лайықты боласыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жомарттық - бұл тамыры жұмақта, бұтақтары осы әлемде болатын ағаш. Оларды ұстасаңыз, олар (тамырлар) жұмаққа апарады. Сараңдық– бұл тамыры тозақтағы ағаш, ал бұтақтары  осы әлемде ілулі, оларды (тамырларды)ұстасаңыз тозаққа апарады» (Байхаки).

3. «Кім ерте тұрады - оған Жаратушы  береді».

Ерте тұрыңыз, ерте тұруда берекет бар, таңертеңгі уақытты құлшылыққа арнаңыз. Сондай-ақ, Айша анамыздан (р.а.) жеткен хадисте  Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Таңертең ризық сұраңдар, өйткені таң - берекет пен мақсатыңа жетудің уақыты», - деген.

4. Құранға көңіл бөліңіз.

Қасиетті Құранды жүрегіңіздің төріне қойып, рухыңызға шаттық сыйлаңыз. Құран оқу жан әлемін тыныштандырып,  көңілге аппақ үміт сыйлайды.

Әбу Хурайрадан (р.а.) жеткізген хадисте былай делінген: «Құран оқылатын үйде отбасының берекеті артады, періштелер осы үйге түседі, ал шайтан ол жерден қашады. Құран оқылмайтын үйдің өмірі қиындайды, берекеті кетеді, періштелер бұл үйден кетіп,  шайтан сол үйді қонақтайды».

5. Мақсат қойыңыз және оларға жетіңіз. 

Есіңізде болсын, егер ұлы Жаратушы сізбен бірге болса, сізге ештеңе кедергі болмайды. Абдулла ибн Аббас былай деп жеткізеді: «Бір күні мен Алланың Елшісімен (с.а.у.) бірге оның артында отырдым,  ол маған: «Жас жігіт, мен саған бірнеше сөз үйретемін: «Алланы сақта, Алла сені сақтайды. Алланы сақта - оны алдыңнан табасың. Егер  сұрасаңыз, онда Алладан сұраңыз, егер көмек іздесеңіз, оны Алладан іздеңіз. Біліңіз: егер барлық адамдар сізге пайдасын тигізу үшін жиналса, онда олар сізге Алла Тағаланың жазғанынан басқа ешқандай пайда әкелмейді. Ал егер барлық адамдар сізге зиян келтіру үшін жиналса, онда олар сізге Алла Тағаланың жазғанынан басқа ешбір зиян тигізбейді. Бәрі алдын ала анықталған және сия құрғаған».  

6. «Шыдамдылық пен еңбек бәрін жеңеді».

Алла Тағала сіздің бастан кешірген  қиындықтарыңызды ешқашан ұмытпайтынын әрі шыдамдылығыңыз үшін сізге сый беретінін біліңіз.

«Иман келтіріп, ізгі іс істегендер, әлбетте оларды жаннаттың астынан өзендер ағатын жоғарғы орындарына орналастырамыз да олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйлығы нендей әйбет. Сондай сабыр етіп, Раббыларына тәуекел етеді» (Анкәбут, 58-59).

7. Мына дұғаны еске сақтаңыз!

«Уа, Алла, сен жеңіл еткеннен басқа ешнәрсе оңай емес, егер қаласаң, бұл қиындықты жеңілдетесің!» 

Дереккөз: islam-today.ru 

0 пікір