"Мұхаммед (с.а.у.) шүбәсіз пайғамбар, оған мына бір оқиға дәлел...": Пол Уиллямс, британдық зерттеуші
"Мұхаммед (с.а.у.) шүбәсіз пайғамбар, оған мына бір оқиға дәлел...": Пол Уиллямс, британдық зерттеуші
1 ай бұрын 2998
Пол Уиллямс, британдық зерттеуші

"Шүбәсіз Мұхаммед саллаллаһу алейһи уә сәлләм - Алла Тағала тарапынан жіберілген хақ пайғамбар, бұған күмән жоқ. Бірақ, жеке өзіме оның пайғамбар екендігіне көбірек сенім ұялататын дәлел - ол, мына сахих хадисте орын алған оқиға:

Оның емшектегі баласы Ибраһим қайтыс болған кезде, күн тұтылу құбылысы орын алады және бұл жағдай дәл баласының қайтыс болған сәті мен шетінеген күніне тура келеді. Бұл таңғажайып құбылысты көрген жергілікті жұрт ырымдап: «күн Ибраһимнің қайтыс болғанына күңіреніп жатыр» дей бастады. Сонда Алланың елшісі (с.а.у.) оларға:

«Күн мен ай - Алланың белгілерінен бір белгі. Ол екеуі адамдардың біреуі қайтыс болғаны үшін тұтылмайды! Егеряки, екеуінің бірін тұтылғанына куә болсаңдар, Аллаға арнап намаз оқыңдар және ашылғанға дейін дұға жасаңдар» деді. 

Міне осы оқиға менің ойымша, Оның (с.а.у.) Алла Тағаланың шынайы пайғамбары екендігінің ашық айғағы. Өйткені, жалғаншы болғанда, аталмыш аспан құбылысын Ол өзінің мүддесіне пайдаланып кетер еді - ізбасарлары мен сенушілері арасында қадірін арттыру мақсатында, өзінің қасиеттілігімен байланыстырар еді (өзінің жеке басының қадірін арттыруына, ізбасарлары мен сенушілері арасында атағына атақ қосуына оңтайлы тосынсый еді, ол сәтті өзінің жеке мансаптық мүддесіне пайдаланса да болар еді-ауд.). Алайда, Мұхаммед (с.а.у.) олай істемеді (Ол (с.а.у.) оңтайлы сәтті пайдаланудың орнына, керісінше аталмыш құбылыстың Алланың құдіреті екендігін білдіріп, жалған нанымның жайылуына тосқауыл болды). Осы бір риясыз қылығы Оның шынайы пайғамбар екендігінің нақты айғағы»1 

Пол Уиллиямс (Paul Williams), британдық зерттеуші, философ. Он бес жыл бұрын көп зерттеулерден кейін, атеизмнен христиандыққа, одан Исламға өтіп, мұсылман болды. Алла иманын берік қылып, өзінің сүйген құлдарынан еткей!

(Аударып дайындаған islam.kz)


1 

 

 

0 пікір