Көз әдебі мен құлақ әдебі
Көз әдебі мен құлақ әдебі
3 жыл бұрын 6761
Имам Әбу Хәмид әл-Ғазали (рахимаһуллаһ)

Көзге келер болсақ:

Көз – қараңғы кезде жол тапсын, қажеттіліктерінде қолдансын, көктер мен жердің керемет жаратылыстарына назар салсын, Алланың белгілеріне қарап ғибрат алсын деп сен үшін жаратылған. Ендеше, оны мына төрт нәрседен қорға:

  1. Махрам емес (туыс емес) әйелдерге қараудан,
  2. Әсем бейнеге (мысалы қыздың суреті-ауд) нәпсінің құмарлығымен қараудан, 
  3. Бір мұсылманға жек-көрушілік назармен қараудан,
  4. Бір мұсылманның айыбын қарастырудан.

Құлаққа келер болсақ:

Бидғаттарға (дінге қайшы нәрселерге), ғайбатқа, арсыздыққа, жалған нәрселерге немесе адамдардың жамандықтары тілге алынғанда оларға құлақ түруден сақтан. Құлақ, ол – Алланың сөзін, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисін және Алла достарының (әулиелердің) даналықтарын тыңдасын деп жаратылған. Сондай-ақ, ғылым-білім естіп, (естіп-білген) ғылыммен Алланың құзырындағы тұрақты патшалыққа, үзілмес нығметке (пейішке) қол жеткізсін деп жаратылған.

Ал енді құлақпен ұнамсыз нәрселерді естісең, ол кезде саған қарсы даушы болмақ. Осылайша, сенің жетістігіңе себеп болуы керек нәрсе, сенің құрдымға кетуіңе себеп болып қалады. Бұл – қасыретке жетелер адасушылық.

Сен «күнә – ғайбат айтушыға ғана болады, естушіге күнә жазылмайды» деп ойла ма! Риуаятта былай делінген: «Құлақ түріп естуші – айтушының ортағы. Ол да ғайбаттаушылардың бірі саналады».

«Бидәятуль  Һидая» атты кітабынан.
 islam.kz 

0 пікір