Сахаба Убай ибн Кәъб былай деп әңгімелейді:
«Пайғамбарымызбен бірге едім (ғалейһиссәләм). Бір бәдәуи араб келіп:
- Уа, НәбийАлла! Менің бір бауырым бар. Ол ауырып жүр, - деп айтты.
- Қандай ауру? – деп сұрады Алла елшісі
- Жын тиген (немесе жындылық), - деді әлгі бәдәуи.
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
- Оны маған алып кел, - деді де, (алып келгеннен кейін) Пайғамбарымыз (с.а.у.) оны өзінің алдына жатқызды. Одан соң Алла елшісі оған мына Құран аяттарын оқыды:
- Фатиха сүресін.
- Бақара сүресінің алғашқы төрт аятын.
- (Бақара сүресінің) мына екі аятын: « وَإِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ» (Бақара-163) және «Аятуль курсиді» (Бақара-255).
- Бақара сүресінің ақырғы үш аятын (Бақара-284, 285, 286 аяттар).
- Әли Имран сүресінен бір аят: «شَهِدَ اللَّهُ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ...» (Әли Имран-18 аят).
- Ағраф сүресінен бір аят: «إِنَّ رَبَّكُمُ اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ...» (Әли Имран-54).
- «Мүминун» сүресінен бір аят: «فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ...» (Мүминун-116).
- Жын сүресінен бір аят: «وَأَنَّهُ تَعَالَى جَدُّ رَبِّنَا...» (Жын-3).
- Соффат сүресінің алғашқы он аяты.
- Хашр сүресінің ақырғы үш аяты. (Хашр-22, 23, 24).
- Құл һуалланы (Ықылас сүресі).
- Фалақ пен Нас сүрелерін.
(Осыларды оқығаннан кейін) Әлгі адам еш ауырмаған адам сияқты орнынан тұрды» - деп сөзін аяқтайды ардақты сахаба (радияллаһу анһ)[1].
Сондай-ақ, Мәкхульден (р.а.) жеткен "мүрсәл" хадистердің бірінде былай делінген:
"Алла елшісі (ғалейһиссәләм) Меккеге кірген кезінде Оны (с.а.у.) жындар қарсы алды. Олар оған қарай от ұшқынын лақтыра бастады (شَرَرٌ). Сонда Жебірейіл періште (ғ.с.) Пайғамбарға:
- Уа, Мұхаммед! Алладан пана тіле (немесе дұғалар оқы), - деді. Пайғамбарымыз мына сөздерді айтып дұға оқып, (ол дұға) олардың бетін қайтарды. Ол былай деп оқыған еді:
«Әъузу бикәлимәәтилләәһит тәәммәәти мин шәрри мә холәқ. Әлләтии лә южәуизуһуннә биррун уә лә фәәжирун мин шәрри мә янзилу минәс сәмәә-и уә мәә яъружу фиһәә. Уә мин шәрри мәә бәссә филь-Ардый уә мә яхружу минһә. Уә мин шәрриль ләйли уән нәһәәри. Уә мин шәрри күлли тоориқин, Илләә ториқон ятруқу бихойрин, Йә Рахмәну!»[2].
islam.kz
[1] Әл-Хәкими: «әл-Мүстәдрак». №8319 хадис.
[2] Алауддин әл-Һинди: «Кәнзуль Ъуммәл» – Ъаузәтуль Жинн. 2/264 бет.