Жер мен Көк
Жер мен Көк
11 жыл бұрын 5282
Әділхан Жақсыбек

Ғалам жаңа пайда болып жатқан тұста оны қазіргі пішінге келтірген ғаламат қозғалыс болған.

Космология кітаптары жаратылыстың алғашқы  сатысынан кейінгі кезеңін  ғаламның қазіргі  ерекшеліктеріне ұқсатады. Материя қалыптасып, атомдар өзара үйлесімді түрде әсерлесе бастаған. Атомдардың пайда болуы молекуларларды туғызады. Молекулалардың бірігуінен материя ғарышты толтыра бастады. Ыңғайлы физикалық әсерден кейін аспан денелері пайда болды. Соның нәтижесінде жұлдыздар, ғаламшарлар қалыптасты. Ғарыштық  дамудағы алғашқы кезеңде таралған сәуледен бүкіл ғарыш қазіргідей қараңғы емес, жап-жарық болған.  

Газ тәрізді материяның тығыздалып, уақыт өте келе сууымен бара-бара біз білетін планеталар пайда болған. Оған дейін сутегі мен гелиден тұратын гомоген газ бұлты күйінде еді. Сөйтіп, бір ғана нүктеден миллиардтаған галактикалар шоғыры пайда болды. Ендеше, оған дейін қалай газ бұлты күйінде сақталған?

Космология қаншама жыл осы сұраққа жауап іздеумен болды. 1973 жылы теорик физик қарақұрдым маманы Рогер Пенроз «Бастама жалғыздығы және жалғыздық» формуласы бойынша Ұлы жаратылыс (Bin bang) күшін есептей бастады. Ол Үлкен Жарылыстан кейін пайда болған бір протоннан да кішкентай мини нүктелерді тапты. Бұлар қарақұрдым сияқты жұлдыздардан пайда болатын ақырғы нүктелер емес, алғашқы жаратылыс кезінде пайда болғандар еді. Бұл қара нүктелер бір атомнан да кішкене болғанына қарамастан тұп-тура қарақұрым тәрізді жолыққан нәрсенің бәрін өзіне тартып, жалмап жұта береді.

Көмірқышқыл газы мен гелий бұлттары осындай ғажап тартылыс күшінің маңында шоғырланған. Сөйтіп, миллиардтаған галактиканың ядросы осылай пайда болғанға ұқсайды. Ғарыш қалыптасып жатқан тұстағы бұл үлкен айналысты Құран былай деп хабарлайды:

«Ол қарсы шығушылар неге көрмейді?! (Бастапқыда) көктер мен жер бір-бірімен астасқан біртұтас еді. Біз оларды ажыраттық және барлық тіршілік иелерін судан жараттық. Сонда да сенбей ме?!» (Әнбия, 30)

 

Тозаң мен газ бұлтынан аспан жүйелерінің пайда болуы

Жұлдыздар да жандылар сияқты сәбилік, жастық, есею кездерінен кейін соңында қартайып, ақыры өледі. Галактикалар арасында «небула» деп аталатын газ бен тозаң бұлты бар. Олар жұлдыздардың шикізатын құрайды.  Өз галактикамыз — Құсжолында газ бен тозаң тұмандықтары сыртқа қарай ұзыннан жатқан спираль тәрізді  көрінеді. Жұлдыздар алғаш пайда болған тұста тығыздалған тұмандықтар тартылыс әсері аз өте нәзік пішінде болған.  Бір араға топтасқан тұмандықтар миллиондаған жыл бойы тығыздалған сайын ішкі қақтығыстардан қыза бастайды. Соңында тұмандықтар от шығарып, жарқылдау құбылысы туындаған. Олар өзінен қызғылтым  радио толқындары тәрізді сәулелер шашады.   Жұлдыздың жарқылдай бастауымен қатар жаңа туған жұлдыздың маңайында бір сақина пайда болады. Бұл сақина сыртқа қарай тарайтын ыстық газдан пайда болған қуатты желдерді туғызып, жұлдыздың көрінуіне кедергі келтіретін тозаң бұлтының көбісін өзімен бірге ала кетеді.

Осылайша жұлдыз жай ғана телескоппен көре алатын жағдайға жетеді. Жұлдыз пайда болып, әрі белгілі бір жасқа жеткеннен кейін ядросында жасалатын энергия  көзі жұлдыздың сөнуін тежейді. Осылайша жұлдыз ендігі жерде қалыпты пішінге келеді. Жай телескоптармен жұлдыз аралық тұмандықтарда туған жас жұлдыздарды көре алмаймыз. Өйткені, ғарыштағы тұмандықтар жұлдыздан шыққан сәулені жұтады. Сол себепті, тұмандықтарды жұлдыз жағдайындағы қою көлеңке тәрізді көреміз. Жұлдыздардың тууын  телескоптармен ғана зерттеу мүмкіндігі бар. Жетілдірілген ультрақызыл телескоп алғаш рет 1983 жылы орбитаға қойылды. Бұл телескоп жұлдызаралық тұмандықтарда жасырулы жатқан мыңдаған жас жұлдыздарды тапты.
Тығыздалған тозаң бұлтының жұлдыз қалпына  енуі үшін белгілі бір үлкендікке жетуі керек. Егер бір жерге топтасқан тозаң бұлттары жеткілікті үлкендікте болмаса түрлі формацияларға ұшырайды. Онда жұлдыздың емес, планетаның тууына куә боламыз. Міне, жұлдыз бен оның айналасындағы планеталар жүйесінің пайда болуы осылай іске асуда. Бір жағынан жұлдыздар пайда болып, бір жағынан олардың маңайындағы әлдеқайда кіші тозаң бұлттары планеталарды түзуде.

Біздің Күн көп жұлдыздың бірі саналады. Ол орташа жұлдыздар қатарына кіреді. Ғарышта Күннен жүз есе үлкен жұлдыздарды көптеп кездестіруге болады.

Күнмен салыстырғанда сөнген, не беткі ыстығы 3000 С-лік жұлдыздар,  Күн секілді беткі ыстығы 6000 С дәрежелік жұлдыздар да, 30 000 С- ге және одан да жоғарғы беткі ыстыққа ие өте үлкен массалы жұлдыздар да анықталуда. Массасы үлкен жұлдыздар қысқа өмір сүреді. Өйткені, бұл жұлдыздардың ортасы әлдеқайда тығыз әрі өте ыстық болғандықтан ядролық  реакция да сол шамада күшті. Сол себепті, бұлардың беткейі өте жарқырауық. 

Үлкен массалық жұлдыздар ядролық отынын өте жылдам қолданатындықтан жағармайын (сутегі) тез түгеседі деген сөз. Массасы аз жұлдыз болса, өте аз жағармайға ие болғанмен оны өте аз қолданып, анағұрлым ұзақ өмір сүреді.

Жабық ыдыстағы газды ысытсақ қысымы артады да,  азайтсақ қысымы да азаяды. Олай болса жұлдыздың орталығында миллиондаған дәреже ыстықты ойласақ, оның ішінде қаншалықты қысым бар екенін шамалауға болады. Бұндағы температураның ядролық реакциядан өндірілетінін білеміз. Жұлдыздың массасы үлкейген сайын тартылыс күші де арта береді. Сырттан ішке қарайғы бұл күш іштен сыртқа қарайғы ядролық жарылыстың қуатымен тепе-теңдікте сақталады. Жұлдыздың өміршеңдігін қамтамасыз ететін процесс ядролық  реакция арқылы сутегінің гелийге ауысуы. Алайда ерте ме кеш пе жанармай азайып, реактор сирей бастайды. Ішкі температуралары мен тығыздықтары одан да жоғарылап, темір, никель, хром, кобальт күйіне түскен жағармай енді жана алмайды. Температура мен қысым электрон мен протондарды бір-біріне жабыстырып, нейтрон жағдайына түсіреді. Осы кезде жұлдыз, төтенше температурада бір миллиард есе сәуле тарата отырып жарылады. Бұл – «супернова» жарылысы. Жарылыспен қатар маңайға қорқынышты бір толқындар мен нейтрон ағысы ғарышқа жайылады.

 

«Супернова» оқиғасы және Жер шары

Жоғарыдағы әңгімелеген ғарыштық оқиғаны былайша қортындылауға болады. Біздің материалды денеміз кезінде бір жұлдыздың тозаңы еді. Үлкен ықтималдықпен есептегенде ол қазіргі Күннен де алып жұлдыз еді. Және ғаламның жаратылысынан сәл кейін, яғни алғашқы бірнеше жүз мың жыл ішінде пайда болғанға ұқсайды.

Ол кездерде ғалам сол күйі сутегіден тұратын. Күн жүйесі де, Жер де осы элемент негізінде құрылды. Ғаламдағы материядан тұратын нәрселердің барлығы осы қарапайым сутегі атомынан шығып еді. Осылайша тұтас бір дәуір артта қалды. Жұлдыз қоймасындағы жағармай түгесіле бастағанда оған өлім де жақындай түсті. Пеш сөнгендей болып, алып жұлдыздың массасы да сөнді. Сөнген сайын арта түскен қысым жаңа ядролық реакцияларға түрткі болды. Осылайша карбоннан темірге дейінгі бір қатар элемент түзілді.

Ақыр соңында «Супернова» деп аталатын ғаламат жарылыс нәтижесінде жұлдыз тіршілігін жойды. Миллиардтаған жылға жалғасқан өмір бірнеше секунд ішінде осылайша ғайып болды. Жұлдыз ядросындағы атом бөліктері тек қана бірнеше секунд ішінде еріп, нейтронға айналды. Беткі жақтары болса секундына он миллион шақырым жылдамдықпен ғарышқа шашылды. Бұл – миллиардтаған дәрежеде ыстық өндірілген және бір миллиард күннің жарығына қол жеткізілгендей ғаламат бір сәт еді. Темірден де ауыр элементтер осы кезде жаратылған болатын.

Осы жұлдыздық «пеште» темірден бөлек алтын, күміс, уран секілді тағы да басқа ауыр элементтер де өндірілді. Бұл элементтер бұрынырақта синтезделген карбон мен оттегі секілді анағұрлым жеңіл элементтермен бірге ғарышқа лақтырылады. Дәуірлер бойы бұл ауыр элементтерден жаңа жұлдыз бен планеталар жаратылды. Сөйтіп, планетамызда карбон, оттегі, алтын, мыс, күміс секілді элементтердің жаратылуына «супернова» атты ғаламат жарылыс себеп болған. Тіршілік көзі болған карбон мен оттегі де, саусақтарымызға таққан алтын мен күміс жүзіктер де, ядролық реакторлардағы уран жағармайлары да, тағы басқалардың бәрі де біздің Күн пайда болғанға дейінгі өліп кеткен алып жұлдыздың қалдықтары деуге болады.

Өздеріңіз  байқағандай, Супернова жарылысы материяның ғаламдағы бір нүктеден басқа нүктелерге тарауына себеп болған. Жарылыс нәтижесінде жайылған жұлдыз қалдығынан ғарыштың басқа тұстарында жаңа жұлдыздар немесе жұлдыз жүйелері жасалуда. Күн, күн жүйесі ішіндегі планеталар және Жер шарымыз да көне замандағы  супернова жарылысы нәтижесінде пайда болған деп түсінеміз. Алланың Құдіретіне тағы бір таңдай қағамыз...

0 пікір