Фарақлит
Иоанн Інжіліндегі бір шұмақта:
«Мәсих: (Иса) «Мен – менмін. Мен сендерге Тәуилді әкелетін Фарақлитті жіберу үшін сендердің Рабтарыңа кетемін», – деп баяндалған.
Фарақлит – хақтың рухы, оның мағынасы ақиқат пен жалғанды бір-бірінен толық ажыратушы дегенге келеді. Алла елшісі – ақиқаттың рухы. Өйткені өлі жүректер Оның әкелген шындық шырынымен ғана тіріліп, бүршік жарды. Ол адамдардың тура жолға түсуі үшін аянбай күресті. Хақ пен жалған ұғымдары бір-бірінен тек осындай бір күрес пен күш-жігердің арқасында ажыратылады. Хазірет Мәсих хабар берген Фарақлит келіп жетті. Ол – Алланың ақырғы елшісі, екі әлем сардары Хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм).
Иоанн Інжілінде:
«Егер мені жақсы көрсеңдер, әмірлеріме бас иіңдер! Мен Раббыма жалбарынамын. Ол сендерге үнемі өздеріңмен бірге болу үшін менен басқа бір жұбатушы, ақиқат рухын (Фарақлитті) береді», – делінеді
Енді кезегімен төмендегі Інжіл шұмақтарына назар аударайық:
«Фарақлиттің Рухул-Қудус болғанының ерекшелігі сонда – Рабб Оны менің атыммен (яғни, пайғамбар етіп) жібереді. Ол сендерге барлық нәрсені үйретеді. Әрі менің сендерге үйреткендерімді де қайта еске салады» (
«Фарақлит келген кезде, мен үшін куәгер болады. Сендер де маған куәлік етіңдер»
«Мен сендерге хақты айтамын. Менің кетуім сендер үшін жақсы. Өйткені мен кетпесем, Фарақлит сендерге келмейді. Бірақ мен кетсем, оны жіберемін»
«Фарақлит келген кезде, барлық әлемді жасаған қателіктері үшін кінәлап, оларды тәрбие етеді» (
Інжілдің негізгі түпнұсқасы көне еврей тілінде, кейін грек тіліне аударылды. Біздің қазіргі қолымыздағы арабша аудармалар грек тілінен тәржімаланған.
«Фарақлит» – грек тіліндегі «ақиқатты айқындаушы» сөзінің арабша баламасы, яғни араб тіліне аударылып, осы тілге енген сөз.
Иоанн Інжілінде:
«Мәсих (Иса) былай деді: Мен енді сендер мен сөйлеспеймін. Өйткені бұл әлемнің басшысы келе жатыр. Онда бар нәрсе менде жоқ» – делінген (14/30).
Ендеше бұл жердегі айтып отырған «Фарақлит» ақырғы пайғамбар – хазірет Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) еді.
Хазірет Исаның пайғамбар болып келуінің бір сыры – адамзатқа жіберілген ақырғы пайғамбарды сүйіншілеу болатын. «Саф» сүресіндегі мына аят та осыны қуаттайды.
«Сол уақытта МәриямұлыИса: «Уа, Исрайыл ұрпақтары! Шын мәнінде, мен Алла елшісімін, алдымдағы Тәуратты растаушы және менен кейін келетін «Ахмәд» атты пайғамбарды айтып сүйіншілеймін», – деген еді».