«Һаман» қашан өмір сүрген?»: Құраннан қате таптық деген ориенталистердің қателігі
«Һаман» қашан өмір сүрген?»: Құраннан қате таптық деген ориенталистердің қателігі
5 жыл бұрын 7464

(*Ориенталист - шығыс тілі мен мәдениетін зерттеуші маман. Шығыстанушы. Зерттеу нысаналары көбіне Ислам және араб әлемі).  

«Һаман» қашан өмір сүрген?

Құран Кәрім әзәлі және әбәди (бастуы және соңы жоқ) Алланың сөзі болғандықтан ол қамтыған тарихи мәліметтер де шындық болып табылады. Алайда, адам баласы килігіп, негізін бұрмалаған өзге тәңірлік кітаптарда көптеген қателіктер бары белгілі. Мұның бір мысалы тарихта өмір сүрген «Һаман»атты бір адамның тарихы жөнінде.

Құран Кәрімде Һаманның аты Перғауынмен бірге аталады (және Мұса пайғамбардың кезеңінде өмір сүргендігі баяндалады). Һаман есімі Құранда 6 рет келген әрі Перғауынға ең жақын адамдардың бірі ретінде тілге алынған. Ал, еврейлердің киелі кітабы «Ъаһду Атиқта» болса, Һаман туралы «Небиим» (Нәбилер) бөліміндегі «Естер» кітабында (3-7 баптарында) айтылған. Мұнда Һаманды Исраил әулетіне зұлымдық жасаған Перс патшасының көмекшісі деп түсіндірген. «Ъаһду Атиқтағы» бұл мәлімет бойынша, Һаман Әзіреті Мұсадан кейінгі дәуірлерде өмір сүрген болып тұр[1]. (Құранда болса, Әзіреті Мұсаның кезінде өмір сүргендігі айтылады).

Осыған қарап шығыстанушы, батыс ориенталист христиан ғалымдары мен еврей ғалымдары Құранда қателік бар екендігін алға тартқан еді. Бірақ, кейіннен Мысыр иероглиф жазуын оқи келе, ғалымдар көне Мысыр жазуларындағы (эпитафияларда) «Һаман» деген аттың кездескендігіне куә болып, әлгі шығыстанушылардың көлденең тартқан уәждерінің жаңсақ пікір екендігі тағы бір анықталды.

Білім адамдары көне Мысыр тіліндегі иероглиф жазуларды 18 ғасырға дейін оқи алмаған. Өйткені, христиан дінінің сол аймақта кең таралуы себепті Мысырлықтардың көне сенімі де, тілі де ұмытылып кеткен еді. Мысырлықтардың иероглиф жазуын 394 жылға дейін қолданғаны сол жылға тән жазудан белгілі болды. Сонан соң бұл тілді 1799 жылға дейін оқып білетін ешкім болмады. Ол сөйтіп, ұмытылып кеткен болатын. Көне жазудың сыры «Rosetts Stone» (Розетта Стоун) деген атпен белгілі, 196 жылы жазылған эпитафияның табылуымен қайта ашылды. Бұл эпитафия үш түрлі жазумен жазылған еді: Иероглиф, Демотик (иероглифтің қол жазба түрі) және Грек тілінде. Jean-Franchoise Champollion атты франсуз ғалымы грек тілінде жазылған мәтінді пайдалана отырып, эпитафиядағы көне Мысыр жазуын толығымен оқып шықты.

Бұл жетістікпен бірге аса маңызды бір мәліметке де қол жеткізген болды. Шынымен де Һаман деген есім Мысыр эпитафияларында Әзіреті Мұса ғалейһиссәләм кезінде өмір сүргендігі аталып өтілген етін. Венадағы Хоф музейіндегі тарихи деректегі жазуда да бұл есім бар. Сол эпитафияда Һаманның Перғауынға болған жақындығы айтылған[2].

Қолдағы барлық эпитафияларға сүйене отырып жазылған «Жаңа патшалықты тұлғалар» деген сөздікте болса, Һаманды «тас кенішіндегі жұмысшылардың басшысы» деп танытқан[3]. Бұл археологиялық жаңалықтар Құран Кәрімнің Һаман жайында бізге берген мәліметіне сай. Құран Кәрім, «Қасас» сүресінде былай делінеді:

«Перғауын былай деді: «Ей, жояндар! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар деп білмеймін. Ей, Һаман! Кірпіш күйдіріп, маған арнайы мұнара жасат! Бәлкім (соған шығып) Мұсаның құдайын көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын» (деді перғауын)[4].

(Осы аятта, ғылым да анықтағандай, Һаманның Мұса пайғамбар кезінде өмір сүргендігі айтылып тұр, әрі Оның тас кеңішін немесе құрылысты басқарғандығына да ишара бар).

Көне Мысыр жазуларында Һаман деген аттың болуы Құранға қатысты айтылып келген жалаларды жоққа шығарумен шектелмей, Оның Алладан келгендігін тағы бір рет паш етті. Өйткені, Құран түскен дәуірде білу әрі сырын ашу мүмкін емес болған бір тарихи мәліметті мұғжизауи түрде (ғажап керемет ретінде) біздерге ұсынған еді[5].

(Бұл да кейбір Ислам дұшпандарының Құран Кәрімнің Мұхаммед пайғамбардың туындысы деген сөздерінің жала, керісінше Құранның білгіштігінде шек жоқ, бүкіл әлемді жоқтан бар етуші Хақ Тағаланың сөзі екендігін тағы бір дәлелі).

«Рахмет самалы және Құран мұғжизасы» атты кітаптан.
Авторы: Осман Нұри Топпаш.


[1] Еврейлердің киелі кітабы – Ъаһду Атиқ үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі – Таурат кітабы. Мұнда жаратылудың басталуынан бастап, Әзіреті Мұса пайғамбардың опат болуына дейінгі оқиғалар қамтылған. Екінші бөлімі – «Нәбилер». Үшінші бөлімі – «Кетубим» (Кітаптар). Бұл соңғы екі бөлім Әзіреті Мұсадан кейін болған оқиғаларды, яғни, Исраил әулетінің Әзіреті Мұсадан кейінгі тарихын баяндайды.
[2] Walter Wreszinski, Agyptische Inschriften aus dem K.K. Hof Museum in Wien, 1906, J. C. Hinrich’che Buchhandlung.
[3] Hermann Ranke, Die Agyptischen Personennaman, Verseichnis der Namen, Verlag Von J.J. Augustin in Gluckstadt, Band I, 1935, Band II, 1952.
[4] Құран Кәрім: «Қасас» сүресі 38 аят.
[5] Қараңыз: Maurise Bucaille, «Musa ve Firaun», түрік тілінде. Түрікшеге аударған: Айша Мәрал. Стамбул-Түркия. 2002 ж. 144-152 б.; Заман журналы, 1 Қыркүйеук, 2007 жыл. Дүйсенбі. 

0 пікір