Дұғаның кереметі (АҚШ дәрігерлерінің эксперименті)
Дұғаның кереметі (АҚШ дәрігерлерінің эксперименті)
4 ай бұрын 4635
А. Қасым

Бисмилләһир рахманир рахим

Ислам дінінде біреудің сыртынан жақсы тілекте болып, ол үшін Аллаға дұға жасаудың үлкен сауабы бары айтылған. Дініміз әрдайым мүміндер үшін дұға етуді кеңес етеді. Құран аяттарында болсын, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде болсын, мүміндерге дұға етуге үнемі шақырған. Көптеген Сахих Хадистерінде ардақты Пайғамбарымыз (.с.а.у.) мүмін бауырының сыртынан дұға жасаудың артықшылығын айтады. Сондай хадис шәрифтердің бірінде былай делінеді: «Мұсылманның дін бауырының сыртынан жасаған дұға-тілегі қабыл болады. Бір өкіл періште дұға етушінің басықасында тұрады. Қашан ол өзінің дін бауырына дұға еткенде, әлгі тағайындалған періште оған: «Әмин. Оған тілегенің саған да болсын!» - деп тұрады» - дейді Алла елшісі (с.а.у.).

Кісінің сыртынан дұға жасап, оның тілеуін тілеудің пайдасын бүгінде шетелдік дәрігерлер де дәлелдеп отыр. Ақпарат көздеріне қарағанда АҚШ елінің Сан-Франциско қаласындағы аурухананың бірінде мынадай қызық бір эксперимент жүргізіліпті. Дәрігерлер жүрек ауруына шалдыққан 400 (төрт жүз) науқасты таңдап, оларды екі топқа бөлген. Оның 200-нің (екі жүзінің) сыртынан дұға-тілек жасалып, олар үшін Алладан шипа тіленген, ал қалған екі жүзі үшін дұға-тілек жасалмаған. Науқастар бұл эксперименттен хабарсыз болған. Сөйтіп екі жүз науқас үшін Құдайға тілек тілеп, олардың жақсылығы үшін дұғада болынған. Қалған екі жүзі үшін мүлдем дұға жасалмаған.

Бір жылдан кейін дәрігерлер эксперименттің қорытындысын шығарып қараса, дұға жасалмаған екі жүз науқастың нәтижесі:

  • Өлгендер қатары көп;
  • Бес есеге көп антиботик қабылдау;
  • Асқынушылық үш есеге артқан;
  • Он екі науқасқа ИВЛ апараты қажет болған;

Ал сыртынан дұға жасалып, олар үшін шипа тіленіп тұрған науқастарда айтарлықтай оңды нәтижелер байқалған. Бағдарламалардың бірінде осы ақпараттармен бөліскен американдық тележүргізуші сөзінің соңында: «Жаратушыға сенсеңіз де, сенбесеңіз де, немесе оны Құдай дейсіз бе, әлде басқа дейсіз бе, алайда сыртынан дұға жасалып, Құдайдан олар үшін дұға тіленген 200 науқастарда оңды нәтижелер туындағаны анықталған» деп қорытындылайды1. 

Ендеше, науқастарға шипа тілеп, ал қиналып жүргендерге Алладан жеңілдік сұрауымыз, олар үшін де, өзіміз үшін де оңды нәтиже берері сөзсіз екен. Бұл да болса төл дініміз Ислам дінінің тәңірлік қайнаркөзден туындағандығының айғағы болса керек. Пенделерін ең жақсы танитын Жаратушы Алла пайғамбарының тілімен біздерге бір-бірімізге дұға етіп тұруымызды үйретуінің бір пайдасы осы екен. Сол себепті, бір-біріміздің сыртымыздан өсек, ғайбат айтқанша, бір-біріміздің сыртымыздан дұға-тілек жасап тұрайық, ағайын! Уа ахиру даъуәнә әниль хамду лилләһи Раббиль аләмин!


Мәлімет шетелдік бейнерөліктен алынды.

0 пікір