Алла тауды неліктен жаратты?
Алла тауды неліктен жаратты?
7 жыл бұрын 8590 www.kaheel7.com ummet.kz vignette2.wikia.nocookie.net

Әр мұсылман адам иманының артып, сенімінің күшейіп, исламының асқақтауы үшін айналасындағы жаратылыстарға ой жүгіртуі керек. Осы жаратылыстардың ең ғажайыптарының бірі – тау. Таудың көптеген қызметтері бар. Оған бірге көз жүгіртелік...

والجبال أرساها متاعاً لكم 

«Оған таулар орналастырды. Сендер және малдарың пайдалану үшін» (Назиғат 32-33)

 Таулар жердің бетін биік әрі алып пішінімен көркемдік пен сұлулыққа бөлейді. Таулардың құрылысы мен оның болмыстағы мақсаты ғұламаларды әлі күнге шейін таң қалдыруда. Егер таулар болмағанда не болар еді?! Ғалымдардың айтуынша таулардың бар болуы өте маңызды. Себебі ол жердің тұрақты болуына ықпал етіп, онда өмір сүруге қолайлы жағдай туғызады:

  • Таулардың жер астына қазық сынды терең орналасқан астыңғы бөлігі мен өзінің алып пішіні жердің беткі қабатының тоқтаусыз сілкінуіне жол бермей тұрақты етіп ұстап тұрады. Алла Тағала бұл жайында:

أَلَمْ نَجْعَلِ الْأَرْضَ مِهَادًا  وَالْجِبَالَ أَوْتَادًا

«Жерді бір төсеніш, тауларды қазық қылмадық па?!» (Нәбә 6-7) дейді.

  • Таулар қатпарлы бұлттарды түзеді, алып пішінімен желдердің қатты күшеюіне тосқауыл болады. Сол себепті де Алла Тағала өзінің қасиетті кітабында таулардың пішіні мен жаңбырдың жауатынын байланыстырып:

خَلَقَ السَّمَاوَاتِ بِغَيْرِ عَمَدٍ تَرَوْنَهَا وَأَلْقَى فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَنْ تَمِيدَ بِكُمْ وَبَثَّ فِيهَا مِنْ كُلِّ دَابَّةٍ وَأَنْزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ زَوْجٍ كَرِيمٍ

«Сендердің көріп тұрған көктерді тіреусіз жаратты да сендерді теңселмесін деп жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл тіршілік иелерін өргізді де көктен жаңбыр жаудырып, онда әр түрлі көркем өсімдіктерді қос-қосымен өсірдік» (Луқман 10) дейді.

  • Таулар көптеген қабаттардан тұратындығынан сулардың тазаланып, сүзгіден өтуіне де септігі тиеді. Бұл жайында Алла Тағала:

وَجَعَلْنَا فِيهَا رَوَاسِيَ شَامِخَاتٍ وَأَسْقَيْنَاكُمْ مَاءً فُرَاتًا

«Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді таза сумен суардық» (Мурсәлат 27) дейді.

  • Сонымен қатар таулар өзінің алыптығы мен табиғаттағы көркімен Жаратушысының нендей ұлы екенін де көрсетеді. Әрі таулардың шыңында сақталған қар қорының молдығы ішуге жарамды тәтті су көзінің бастауы ретінде де білінеді. Алла Тағала айтады:

وَهُوَ الَّذِي مَدَّ الْأَرْضَ وَجَعَلَ فِيهَا رَوَاسِيَ وَأَنْهَارًا

«Ол сондай Алла, жерді төсеп, онда асқар таулар, өзендер жаратты» (Рағд 3) дейді.

  • Адамдар мыңдаған жылдар бойы тауларды баспана ретінде қолданған. Таулар адамдарды жабайы аңдардан, суықтан және басқа да қауіптерден қорғап келген. Алла тағала айтады:

وَجَعَلَ لَكُمْ مِنَ الْجِبَالِ أَكْنَانًا

«...Сендерге таулардан паналар жасады...» (Нахл 81)

  • Таулар алып формасымен, қойнауында сақтаған су қорының молдығымен өсімдік қабатының теңдігін ұстап тұрады. Сол үшін Алла Тағала Құран Кәрімде:

وَالْأَرْضَ مَدَدْنَاهَا وَأَلْقَيْنَا فِيهَا رَوَاسِيَ وَأَنْبَتْنَا فِيهَا مِنْ كُلِّ شَيْءٍ مَوْزُونٍ

«Тағы жерді жайдық та оған асқар таулар орналастырдық. Сондай-ақ онда теңестірілген әр нәрсені өсірдік» (Хижр 19) дейді.

  • Таулар өзінің ерекше пішінімен жердің бетін сілкіндірмей тұрақтандырып ұстайды. Таулардың төбелерінің арасынан түзілген жазықтықтар мен сайлар өзіндердің құрылуына өзіндік ықпалын жасайды. Құран Кәрімде бұл жайында:

وَأَلْقَى فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَنْ تَمِيدَ بِكُمْ وَأَنْهَارًا وَسُبُلًا لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ

«Сендерді теңселтпеу үшін жер жүзінде асқар тауларды орналастырды. Жөн тауып жүрулерің үшін өзендер, жолдар жаратты» (Нахл 15) делінген.

  • Егер таулар болмаса қазіргі салынып жатқан тұрақты жолдар да болмас еді. Себебі, тарихтың айтуы бойынша жердің бетінің қалыптасуы үшін жүздеген миллион жылдар өткен. Сөйтіп жердің қабаттары құрылып онда таулар пайда болған. Таулардың пайда болғанынан кейін ғана араларындағы кеңінен жайылған жазықтықтар мен жүруге оңтайлы жолдар қалыптасты. Мыңдаған жылдардан бері осы жазықтықтар адамдардың бір жерден екінші жерлерге көшіп, қоныс аударуларына жағдай туғызуда. Алла Тағала бұл жайында:

وَجَعَلْنَا فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَنْ تَمِيدَ بِهِمْ وَجَعَلْنَا فِيهَا فِجَاجًا سُبُلًا لَعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ

«Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық. Және жөн табулары үшін кең жолдар жараттық» (Әнбия 31) дейді.

Бұл тау АҚШ-ның Калифорния штатында орналасқан. Оның биіктігі 4418 метрді құрайды. Бұл тау – қозғалысы барысында бір-бірімен қатты соқтығысқан жер плиталарының нәтижесінде пайда болған. Бұл таудың түстеріне қарап ойға шомған адам Алла Тағаланың:

وَمِنَ الْجِبَالِ جُدَدٌ بِيضٌ وَحُمْرٌ مُخْتَلِفٌ أَلْوَانُهَا وَغَرَابِيبُ سُودٌ

«... Сондай-ақ таулардан да ақ, қызыл әрі қап-қара түрлі-түсті жолақтарды көрмейсің бе?» (Фатыр 27) дегені есіне түседі.

Исландия аралындағы базальттан құрылған тау. Зерттеушілердің айтуынша лаваның осы тастарға құйылуы барысында осындай базальттық бағаналар пайда болған. Жердің бетінде тіршіліктің жалғасуы үшін осындай тастардың болуы маңызды.

Осы себепті Құран Кәрім жаңбырдың түзілуіне, жердің бірқалыпты тұруы мен тіршіліктің тепе-теңдікте болуы үшін таудың маңызын ерекше атап көрсеткен. Бұны ақиқаттарды Құран аяттары керемет баяндаған. Алла Тағала айтты:

وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَلِكَ دَحَاهَا * أَخْرَجَ مِنْهَا مَاءَهَا وَمَرْعَاهَا * وَالْجِبَالَ أَرْسَاهَا * مَتَاعًا لَكُمْ وَلِأَنْعَامِكُمْ

«Сосын жерді төседі. Одан су және жайылыс майданға келтірді. Оған таулар орналастырды. Сендер және малдарың пайдалану үшін» (Назиғат 30-33)

0 пікір