Зия­рат тауабы (қа­жы­лық­тың үш па­ры­зы­ның біреуі)
Зия­рат тауабы (қа­жы­лық­тың үш па­ры­зы­ның біреуі)
10 жыл бұрын 7299
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Тауап де­ге­ні­міз не?

Тауап – араб ті­лін­де зия­рат ету, бір нәр­се­ні айна­лу сияқ­ты ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы – Қа­сиет­ті Қағ­ба­ны же­ті рет ғи­ба­дат ниеті­мен айна­лу. Тауап Аллаһ Та­ға­ла­ның ар­шы­ның айна­ла­сын­да тауап ете­тін пе­ріш­те­лер тә­різ­дес Аллаһ Та­ға­ла­ға де­ген сүйіс­пен­ші­лік­пен, тағ­зым­мен жа­са­ла­тын ғи­ба­дат. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) тауап­тың на­маз тә­різ­дес ғи­ба­дат еке­нін біл­ді­ре­ді: «Бай­тул­лаһ­тың[1] айна­ла­сын­да тауап жа­сау на­маз оқу сияқ­ты. Ерек­ше­лі­гі тауап­та сөйлеуге бо­ла­ды, бі­рақ тауап жа­сап жү­ріп кім сөйле­се, қайыр­лы сөз сөйле­сін».[2]

Қағ­ба­ның оң­түс­тік жа­ғын­да­ғы бұ­ры­шын­да «Ха­жа­рул-Әсуәд» деп ата­ла­тын қа­сиет­ті қа­ра тас бар. Тауап осы қа­ра тас­тың қар­сы­сы­нан бас­та­ла­ды. Қағ­ба­ны же­ті рет айна­ла­ды. Әр­бір айна­лым­ға «шаут» де­лі­не­ді. Же­ті рет ай­нал­ған­да, бір тауап то­лық біт­ті деп са­на­ла­ды. Тауап­та айна­лым­дар­ды бі­рі­нен кейін бі­рін іс­теу шарт емес. Тауап то­лық біт­пей жа­тып, ор­та­сын­да дә­рет алып, на­маз оқып, қайта­дан айна­лу­ды одан әрі жал­ғас­ты­ру­ға бо­ла­ды.

Тауап жа­сап жат­қан уа­қыт­та па­рыз на­маз­да­ры үшін қа­мат айтылса, тауап­ты тоқ­та­тып, жа­ма­ғат­пен бір­ге на­маз­ға тұ­ру ке­рек. Қал­ған айна­лым­дар­ды на­маз­дан кейін жал­ғас­ты­ра­ды.

 

Тауап түр­ле­рі

Тауап бес түр­ге бө­лі­не­ді.

 

1. Қа­дум тауабы

Бұл – сыр­ттан ке­ле­тін адам­дар­дың Мек­ке­ге кел­ген уа­қыт­та Қағ­ба­ға сә­лем ре­тін­де жа­сай­тын ал­ғаш­қы тауап. Бұл тауап­ты жа­сау – сүн­нет.

 

2. Зия­рат тауабы

Қа­жы­лар­дың Ара­фат­тан қайт­қан­нан кейін жа­сай­тын тауа­бын зия­рат тауабы не­ме­се «ифа­да» тауабы дейді. Бұл тауап­ты жа­сау – қа­жы­лық­тың үш па­ры­зы­ның бі­рі. Зия­рат тауа­бын­да­ғы же­ті айна­лым­ның төр­теуі – па­рыз, үшеуі – уә­жіп. Зия­рат тауа­бын жа­са­ма­ған адам қа­жы­лық жа­са­ған бо­лып са­нал­майды. Зия­рат тауабы­ның дұ­рыс орын­да­луы­ның бі­рін­ші шар­ты: Ара­фат­та уақ­фа­ның жа­сал­ған болуы. Екін­ші шар­ты: Бұл тауап­тың бел­гі­лі уа­қыт­та жа­са­луы. Бұл уа­қыт – Құр­бан айт­тың бі­рін­ші кү­ні таң­ның атуы­нан бас­тап, өмі­рі­нің со­ңы­на дейін­гі уа­қыт. Бі­рақ Әбу Ха­ни­фа­ның пі­кі­рі­не сүйен­сек, бұл тауап­тың Құр­бан айт­тың 1,2,3-күн­де­рі­нің бі­реуін­де жа­са­луы – уә­жіп. Осы күн­дер­ден ке­шік­ті­ріл­се, жа­за ре­тін­де құр­бан ша­лу ке­рек. Ал Әбу Юсуп пен Мұ­хам­мед[3] бойын­ша, бұл тауап­ты құр­бан­ның 1-2-3 күн­де­рі жа­сау уә­жіп емес, сүн­нет. Сон­дық­тан бұл тауап айт күн­де­рі­нен кейін жа­сал­ған жағ­дайда еш­қан­дай жа­за ке­рек емес. Бі­рақ зия­рат тауа­бын Құр­бан айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні жа­сау аб­зал, әрі сауабы мол.

 

3. Уа­дағ (қош­та­су) тауабы

Қа­жы­лық­та Ми­на­да шай­тан­ға тас лақ­тыр­ған­нан кейін, Мек­ке­ге қайт­қан кез­де жа­са­ла­тын тауап. «Са­дәр тауабы» деп те ата­ла­ды. Қа­жы­лық­қа сыр­ттан кел­ген­дер үшін бұл тауап­ты жа­сау – уә­жіп. Бұл тауап­ты жа­сау ар­қы­лы қа­жы амал­да­ры тә­мам­да­ла­ды. Тауап­тан кейін қа­жы­лар Қағ­ба­мен қош­та­сып, отан­да­ры­на қайта­ды.

 

4. Нә­піл тауабы*

Мек­ке мұ­сыл­ман­да­ры­ның әр­дайым жа­сап тұ­ра­тын тауабы. Сыр­ттан кел­ген­дер­ге де жа­сауға бо­ла­ды. Нә­піл тауап жасау, нә­піл на­маз оқу­дан да аб­зал. Өйтке­ні, на­маз­ды әр жер­де оқу­ға бо­ла­ды. Ал, тауап Қағ­ба­да ға­на жа­са­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) тауап­тың ке­ре­мет­ті­гін бы­лай деп сүйін­ші­лейді: «Кім­де-кім Бай­тул­луһ­қа[4] тауап жа­са­са, ана­сы­нан жа­ңа туыл­ған­дай кү­нә­ла­ры­нан ары­лып, та­за­ра­ды.[5]

 

5. Ум­ра тауабы

Ум­ра­ға бар­ған­да жа­са­ла­тын тауап. Бұл тауап­тың ал­ғаш­қы төрт айна­лы­мы – ум­ра­ның па­рыз­да­ры­нан, мін­дет­ті түр­де жа­са­луы ке­рек. Жа­сал­ма­са, ум­ра­сы дұ­рыс емес. Қал­ған үш айна­лым орын­дал­ма­са, ар­найы жа­за өте­ле­ді (қа­жы­лық­та іс­те­ле­тін кем­ші­лік­тер жә­не олар­дың жа­за­сы бө­лі­мі­не қа­ра­ңыз).

 

Тауап­тың дұ­рыс орын­да­луы­ның шарт­та­ры

  1. Ниет. Ниет – іс­те­ле­тін амал­дың жү­рек­пен бе­кі­ті­ліп бел­гі­ле­нуі. Ниет­ті тіл­мен айту – мұс­та­хап. Ниет­сіз жа­сал­ған тауап дұ­рыс емес. Ниет­те жа­са­лайын деп жат­қан тауап­тың тү­рін бел­гі­леу шарт емес. Жал­пы ғи­ба­дат ниеті­мен тауап жа­сауды ниет ет­се жет­кі­лік­ті. Ум­ра тауабы үшін бы­лай ниет еті­ле­ді: «Аллаһум­ма ин­ни ури­ду тауафа байти­кал-ха­рам, уа иас­сир­һу ли уа та­қаб­бал­һу мин­ни саб'ата ашуа­тин тауафа 'ум­ра­ти лил­лә­һи Та­ға­ла а'зза уа жәл­ла» Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы: «Аллаһым, мен се­нің ри­за­лы­ғың үшін Қағ­ба­ны же­ті рет айна­лу ар­қы­лы ум­ра тауа­бын жа­сауды ниет ет­тім. Оны ма­ған же­ңіл­дет жә­не ме­нен қа­был ал». Қа­жы­лық тауабы үшін «тауафа 'ум­ра­ти» деу­дің ор­ны­на «тауа­фал-хаж» де­лі­не­ді. Ниет­ті араб­ша айту шарт емес.
  2. Тауап­ты Ха­рам Ме­ші­ті­нің ішін­де жасау. Адам ты­ғыз бол­ма­са да Мәс­жи­дул-Ха­рам­ның ішін­де Қағ­ба мен өзі­нің ара­сын­да дуал бол­мау шар­ты­мен Қағ­ба­дан алыс­тау жер­де тауап жа­сауға бо­ла­ды. Бі­рақ Мәс­жи­дул-Ха­рам ме­ші­ті­нің сыр­ты­нан жа­сауға бол­майды.
  3. Же­ті айна­лым­ның кем де­ген­де төр­теуін жасау. Қал­ған үшеуін жа­сау уә­жіп бол­ған­дық­тан, жа­сал­май қал­ған жағ­дайда да тауабы дұ­рыс деп есеп­те­ле­ді. Бі­рақ жа­сал­ма­ған әр айна­лым үшін ар­найы жа­за­сы бар. Бұл па­рыз жә­не уә­жіп тауап­тар­ға ға­на байла­ныс­ты. Ал сүн­нет жә­не нә­піл тауап­тар­да қан­ша аз жа­сал­са да жа­за ке­рек емес.
  4. Па­рыз жә­не уә­жіп тауап­тар­дың әр­қайсы­сын ар­найы бел­гі­лен­ген уақы­тын­да жасау.

 

Тауап уә­жіп­те­рі

1.  Тауап ет­кен уа­қыт­та әр­қа­шан дә­рет­ті бо­лу. Дә­рет бұ­зыл­ған жағ­дайда, тауап тоқ­та­ты­лып, дә­рет алы­на­ды. Со­сын қал­ған айна­лым­дар то­лық­ты­ры­лып, тә­мам­да­ла­ды. Жү­ніп, хайыз жә­не ни­фас күйін­де тауап жа­сауға бол­майды.

 

Әйел­дер қа­жы­лық уақы­тын­да хайыз күн­де­рін ке­шік­ті­ру үшін дә­рі қол­да­ну­ла­ры­на бо­ла ма?

Әйел­дер хайыз кү­нін­де Қағ­ба­ны тауап жа­сай ал­май­тын­дық­та­н, хайыз күн­де­рін ке­шік­ті­ру­ле­рі үшін ден­сау­лық­та­ры­на зияны ти­мей­тін дә­рі қол­да­ну­ла­ры­на бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) дәуі­рін­де кей­бір әйел­дер «а'рәк» деп ата­ла­тын су ішу ар­қы­лы хайыз күн­де­рін бел­гі­лі бір уа­қыт ке­шік­ті­ре­тін-ді. Қа­зір­гі за­ман­да әйел адам­дардың ден­сау­лық­қа зияны ти­мей­тін ар­найы дә­рі­лер ар­қы­лы қа­жы­лық уақы­тын­да хайыз күн­де­рін ке­шік­ті­ру­ле­рі­не бо­ла­ды.

 

Қа­жы­лық­тың үш па­ры­зы­ның біреуі са­на­ла­тын зия­рат тауабы­ның уақы­ты әйел­дер­дің хайыз  күн­де­рі­не ту­ра ке­ліп қал­ған жағ­дайда,

 бұл па­рыз­ды қа­шан ат­қа­ра­ды?

Мек­ке­де хайыз күн­де­рі­нің бі­туін кү­те­ді. Хайыз күн­де­рі біт­кен­нен кейін мін­дет­ті түр­де зия­рат тауа­бын ат­қа­ру­ла­ры ке­рек. Зия­рат тауа­бын ке­шік­тір­ген­де­рі үшін жа­за өтел­мейді. Егер зия­рат тауа­бын хайыз, ни­фас яки жү­ніп күйін­де жа­сап қой­ған жағ­дайда, әлі Мек­ке­де бол­са, қайта­дан жа­сау ке­рек. Қайта­дан жа­са­ма­ған жағ­дайда, жа­за ре­тін­де түйе не­ме­се сиыр­ды Ха­рам аума­ғын­да ша­ла­ды.

 

2. Әйел­дер мен ер­кек­тер­дің ша­ри­ғат­та әу­рет деп са­на­ла­тын мү­ше­ле­рі­нің жа­бық болуы. Не­гі­зін­де әу­рет жер­дің жа­бық бо­луы әр­қа­шан па­рыз. Тауап­та уә­жіп­ті­гі­нің се­бе­бі, ашық бол­ған жағ­дайда бел­гі­лі бір жа­за мен тауап­ты қайта­дан жа­сауды қа­жет ет­кен­ді­гі үшін. Па­рыз жә­не уә­жіп тауап­та­рын­да әу­рет деп са­на­ла­тын кез кел­ген мү­ше­нің төрт­ те бі­рі ашыл­са, жа­за ре­тін­де құр­бан ша­лу – уә­жіп. Төрт ­те бі­рі­нен аз бол­са, құр­бан ша­лу уә­жіп емес. Нә­піл тауап­тар­да әу­рет мү­ше­ле­рі­нің біреуі­нің төрт­те бі­рі ашыл­са, жа­за ре­тін­де са­да­қа бе­рі­ле­ді. Әйел­дің қо­лы, жү­зі жә­не аяқ­та­ры­нан бас­қа бар­лық жер­ле­рі әу­рет же­рі са­на­ла­ды. Ал ер­кек­тің әу­рет же­рі – кін­ді­гі мен ті­зе­сі­нің ара­сын­да­ғы тұс.

3. Тауап­қа Ха­жа­рул-Әсуәд­дің (қа­ра тас­тың) қар­сы­сы­нан бас­тау

4.  Тауап ет­кен уа­қыт­та Қағ­ба­ны сол жақ­қа алып, оң жақ­пен жү­ру

5.  Тауап­ты «Ха­тим» де­ген жер­дің сыр­ты­нан жасау. Өйтке­ні, «Ха­тим» де­ген жер Қағ­ба­ның бір бө­лі­гі са­на­ла­ды. Ха­тим­нің сыр­ты­нан жа­сал­ма­ған айна­лым­дар (шаут­тар­дың) қайта­дан жа­са­луы тиіс.

6.  Ал­ғаш­қы төрт айна­лы­мы па­рыз бол­ған Ифа­да, Ум­ра, Уа­дағ тауап­та­рын же­ті айна­лым­мен (шаут­пен) тә­мам­дау – уә­жіп.

7.  Тауап­ты жаяу жасау. Ауруына не­ме­се кә­рі­лік­ке байла­ныс­ты жү­ре ал­май­тын­дар ар­найы зем­біл­дер ар­қы­лы тауап ет­ті­рі­ле­ді.

8.  Бар­лық тауап түр­ле­рі­нен (па­рыз,уә­жіп,нә­піл) кейін екі рә­кат на­маз оқу. Мәк­рүһ уа­қыт­тар­дан тыс бар­лық уа­қыт­тар­да екі рә­кат на­маз­ды тауап­тан кейін де­реу оқу – аб­зал. Кейін оқы­са да бо­ла­ды. Бір тауап­тан (Қағ­ба­ны же­ті рет айна­лу бір тауап) кейін, екін­ші тауап­ты екі рә­кат на­маз оқы­мас­тан жа­сау – мәк­рүһ. Мүм­кін жағ­дайда атал­мыш екі рә­кат на­маз­ды Иб­ра­һим ма­қа­мын­да оқы­ған жөн. Мүм­кін бол­ма­ған жағ­дайда, Мәс­жи­дул-Ха­рам­ның кез-кел­ген же­рін­де оқу­ға бо­ла­ды. Иб­ра­һим ма­қа­мын­да ға­на оқи­мын деп адам­дар­ды жан­шып, тап­тауға қа­таң тыйым са­лы­на­ды.

 

Тауап сүн­нет­те­рі

Тауап­тың сүн­нет­те­рін орын­дау – сауап, бі­рақ орын­дал­ма­ған жағ­дайда да тауап дұ­рыс бо­лып есеп­те­лі­не­ді.

1.  Де­не­де не­ме­се киім­де на­маз­ға бө­гет жа­сай­тын нә­жіс­тің бол­мауы

2. Тауап­қа бас­та­ған уа­қыт­та жә­не әр айна­лым­ның со­ңын­да Ха­жа­рул-Әсуәд­ді (қа­ра тас­ты) сүю не­ме­се сә­лем бе­ру.

Кей­бір адам­дар қа­ра тас сүйіл­мей қал­ған жағ­дайда не­ме­се қол­мен ұс­та­ма­ған жағ­дайда, қа­жы­лық ғи­ба­да­ты қа­был бол­май қа­ла­ды де­ген қа­те тү­сі­нік­пен, адам­дар­ды итер­ме­леп, жан­шып-тап­тап, тіп­ті рен­жі­тіп, жан­жал­да­сып, сүюге ты­ры­сып жа­та­ды. Әри­не, бұл іс-әре­кет­тер дін­ді дұ­рыс біл­ме­ген­дік­те­н. Әйтпе­се қа­сиет­ті қа­ра тас­ты сүю – сүн­нет, ал, адам­дар­дың ма­за­сын ал­мау, рен­жіт­пеу – па­рыз. Іс­тел­мей қал­ған жағ­дайда кү­нә бол­май­тын сүн­нет ама­лын іс­теу үшін па­рыз­ды тас­тап, кү­нә­ға ба­ту­ға бол­майды. Өйтке­ні, па­рыз­ды іс­те­ме­ген уа­қыт­та­ғы кү­нә сүн­нет­тің сауабы­нан ба­сым. Олай бол­са, адам­дар­дың ты­ғыз, көп­ті­гі­не байла­ныс­ты қа­сиет­ті қа­ра тас­қа ба­ра ал­ма­ған­дар алыс­тан бұ­ры­лып, сә­лем бе­ре­ді. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) кейде қа­сиет­ті қа­ра тас­тың қар­сы­сы­на ке­ліп, қо­лын­да­ғы таяғы­мен сә­лем бер­ген­ді­гі риуаят етіл­ген.

1. Зия­рат тауа­бын жа­са­ған уа­қыт­та де­не­нің үс­тің­гі жа­ғын­да­ғы «ри­да» деп ата­ла­тын жап­қыш­тың бір ұшын оң қол­тық­тың ас­ты­нан өт­кі­зіп, сол иық­қа тас­тап, оң қол­ды иық­пен бір­ге ашық тас­тау. Их­рам­ды бұ­лай ора­ну­ды «из­ти­ба» дейді. Әйел­дер из­ти­ба жа­са­майды.

2. Зия­рат тауабы­ның ал­ғаш­қы үш айна­лы­мын­да иық­тар­ды сіл­ті­ген бойда қыс­қа адым­дар­мен жыл­дам-жыл­дам жү­ру. Бұ­лай жү­ру­ге «рә­мәл» де­лі­не­ді.

3. Тауап­тың айна­лым­да­рын бі­рі­нен кейін бі­рін іс­теу. Дә­рет алу үшін айна­лым­ды тоқ­та­ту­ға бо­ла­ды.

Ер адам­дар­дың мүм­кін­дік­те­рі­не қа­рай Қағ­ба­ға жа­қын тауап жа­саула­ры, ал, әйел­дер­дің ер­кек­тер­дің ара­сы­на ара­лас­пай­тын­дай жер­ден тауап жа­саула­ры сүн­нет.



[1] Қасиетті Қағба.

[2] Тирмизи, Хаж,112.

[3] Ханафи мәзһабының негізгі ғұламалары.

* Парыз және уәжіп болмаған тауап.

[4] Қағба.

[5] Тирмизи, Хаж,41.

0 пікір