Қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры
Қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры
10 жыл бұрын 5004
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы
  1. Их­рам
  2. Ара­фат­та тұ­ру
  3. Тауап ету

 

Их­рам

(қа­жы­лық­тың бі­рін­ші па­ры­зы)

 

Их­рам де­ге­ні­міз не?

Қа­жы­лық, ум­ра не­ме­се екеуін бір­ге жа­сау ниеті­мен, бас­қа уа­қыт­та іс­теуіне рұқ­сат кей­бір іс-әре­кет­тер­ді қа­жы­лық, ум­ра уақы­тын­да өзі­не ха­рам қы­лу­ды – их­рам деп айта­мыз.

Их­рам­ға қа­лай кі­ре­ді?

Их­рам­ға қа­жы­лық түр­ле­рі­нің қайсы­сын орын­дай­тын бол­са, со­ны жү­ре­гі­мен ниет етіп, тәл­бия айту ар­қы­лы кі­ре­ді. Бі­рақ ниет­ті тіл­мен айту – мұс­та­хап. Их­рам­ға кі­ру­дің шарт­та­ры­ның бі­рі ға­на бо­лып та­бы­ла­тын «ри­да» жә­не «изар» деп ата­ла­тын екі бө­лік­тен тұ­ра­тын сүл­гі не­ме­се оған ұқ­сас ті­гі­сі жоқ ма­та ха­лық ара­сын­да «их­рам» деп атал­ға­ны­мен, Их­рам ма­ғы­на­сын то­лық қам­ты­майды. Орын­дай­тын қа­жы­лық тү­рін ниет ет­пей, тәл­бия дұ­ға­сын айт­пай, тек қа­на үс­ті­ге ақ, ті­гіс­сіз ма­та ора­ну­мен их­рам­ға кір­ген бо­лып са­нал­майды. Өйтке­ні, ниет пен «тәл­бия» дұ­ға­сы их­рам­ның шарт­та­ры­нан.

 

Қа­жы­лық түр­ле­рі

(Бар­лық қа­жы­лық түр­ле­рі ал­да ке­ңі­нен тү­сін­ді­рі­ле­тін­дік­тен бұл жер­де қыс­қа­ша бе­ріл­ді)

 

1. Иф­рад қа­жы­лы­ғы

Ми­қат­та их­рам­ға кі­рер кез­де тек қа­на қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның ат­қа­ры­луы ниет етіл­се, бұл қа­жы­лық тү­рі­не «иф­рад» қа­жы­лы­ғы де­лі­не­ді. Иф­рад қа­жы­лы­ғын­да ум­ра­сыз тек қа­на қа­жы­лық ғи­ба­да­ты жа­са­ла­ды. Ақа­ба жәм­ра­сы­на (Үл­кен шай­тан тас) тас лақ­ты­рып бол­ған­нан кейін қа­ла­са құр­бан ша­ла­ды. Өйтке­ні, иф­рад қа­жы­сын орын­да­ған­дар­ға құр­бан ша­лу уә­жіп емес. Со­сын ша­шын ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қарт­қы­зып их­рам­нан шы­ға­ды.

 

2. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы

Қа­жы­лық айла­рын­да ум­ра үшін их­рам­ға кі­ріп, ум­ра­ны бі­тір­ген соң, сол жыл­ғы Зил­хиж­жа айы­ның се­гі­зін­ші кү­ні не­ме­се одан да бұ­рын қа­жы­лық үшін қайта­дан их­рам­ға кі­ру ар­қы­лы жа­са­ла­тын қа­жы­лық тү­рі­не «тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы» дейді. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын­да ум­ра жә­не қа­жы­лық үшін бө­лек-бө­лек их­рам­ға кі­ре­ді. Бұл қа­жы­лық­тың тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы бо­лып са­на­луы үшін ум­ра мен қа­жы­лық­тың қа­жы­лық айла­рын­да сол жыл­да жа­са­луы шарт. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын­да ум­ра мен қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ған­дық­тан шү­кір құр­ба­нын ша­лу – уә­жіп. Қа­зақ­стан­дық­тар кө­бі­не­се тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын орын­дайды.

 

3. Қи­ран қа­жы­лы­ғы

Ми­қат­та қа­жы­лық пен ум­ра­ны бір­ге ниет етіп, бір их­рам­мен іс­те­ле­тін қа­жы­лық­қа – «қи­ран» қа­жы­лы­ғы де­лі­не­ді. Ум­ра­сын тә­мам­да­ған­нан кейін их­рам­нан шық­пай қа­жы­лық амал­да­рын да сол их­рам­мен аяқ­тайды. Қи­ран қа­жы­лы­ғын­да ум­ра мен қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ға­ны үшін шү­кір құр­ба­нын ша­лу – уә­жіп.

 

Тәл­бия де­ге­ні­міз не?

Тәл­бия – их­рам­ға кі­рер ал­дын­да айты­луы уә­жіп бол­ған жә­не их­рам­ды бол­ған уа­қыт­та мо­лы­нан қайта­ла­нып айты­ла­тын сүн­нет дұ­ға.

{لَبَّيْكَ ألَّلهُمَّ لَبَّيْكَ, لَبَّيْكَ لا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ. إنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ لا شَرِيكَ لَكَ}

«Ләб­бай­кАллаһум­ма ләб­байк, ләб­байка ләә шә­ри­ка лә­кә ләб­байк, ин­нал­хам­да уан­ни'мә­тә лә­кә уал­мул­ка ләә шә­ри­ка ләк».[1] Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы: «Аллаһым, мен се­нің әмі­рің­ді орын­дауға кел­дім, се­нің әмі­рі­ңе бой ұсын­дым (2 рет). Се­нің се­рі­гің жоқ, се­нің әмі­рің­ді орын­дау – ме­нің бо­ры­шым. Кү­мән­сіз бар­лық ма­дақ са­ған тән жә­не жал­пы ие­лік пен нығ­мет се­ні­кі. Се­нің еш се­рі­гің жоқ».

 

Их­рам­ның уә­жіп­те­рі

1. Их­рам­ға бел­гі­лен­ген ми­қат­тар­дың бі­реуін­де кі­ру.

2. Их­рам­да тыйыл­ған нәр­се­лер­ді жа­са­мау.

 

Ми­қат де­ге­ні­міз не?

Қа­жы­ға не­ме­се ум­ра­ға ба­ра­тын адам­дар­дың их­рам­ға оранбай өту­ге бол­май­тын жер­лер­ге «ми­қат» де­лі­не­ді. Қа­сиет­ті Қағ­ба­ны қор­шап тұр­ған ме­кен­дер «Ха­рам», «Хил», жә­не «Әфақ» деп үш ау­мақ­қа бө­лі­не­ді. Қа­жы­лық жә­не ум­ра ғи­ба­да­тын орын­дауға ке­ле­тін адам­дар осы ау­мақ­тар­ға қа­рай их­рам­ға кі­ре­ді.

 

1. Ха­рам аума­ғы

Же­бі­рейіл пе­ріш­те­нің көр­се­туі ар­қы­лы Иб­ра­һим (а.с.) та­ра­пы­нан бел­гі­ле­ніп, кейін­нен Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) та­ра­пы­нан қайта­дан біл­ді­ріл­ген, өсім­дік­те­рі­нің жұ­лы­нуына жә­не аң­да­ры­ның, жал­пы жан-жа­нуар­ла­ры­на зиян ти­гі­зу­ге тыйым са­лын­ған Мек­ке жә­не оның айна­ла­сын­да­ғы қа­сиет­ті мү­бә­рак жер­лер «Ха­рам аума­ғы» де­лі­не­ді.

Мек­ке­лік­тер қа­жы­лық­қа Ха­рам аума­ғы­ның ішін­де их­рам­ға кі­ре­ді. Ал, ум­ра үшін Ха­рам аума­ғы­ның сыр­тын­да­ғы Хил аума­ғы­на ең жа­қын ор­на­лас­қан Тан'им­ға ба­рып их­рам­ға кі­ре­ді.

 

 

2. Хил аума­ғы

Ха­рам аума­ғы мен Ми­қат жер­ле­рі­нің ор­та­сын­да­ғы ме­кен – Хил аума­ғы. Бұл ау­мақ­та тұ­ра­тын­дар Ха­рам аума­ғы­ның сыр­ты­нан өз­де­рі­нің тұ­рып жат­қан жер­ле­рі­нен их­рам­ға кі­ре­ді.

 

3. Әфақ аума­ғы

Ха­рам жә­не Хил ау­мақ­та­ры­ның сыр­тын­да­ғы ау­мақ­тар – Әфақ аума­ғы. Әфақ аума­ғы­нан Ха­рам аума­ғы­на не­ме­се Мек­ке­ге ке­ле­тін­дер­дің их­рам­сыз өту­ле­рі­не бол­май­тын бес жер­ді Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ми­қат ре­тін­де бел­гі­ле­ген.

Бұл бес ми­қат:

1. Мә­ди­на жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Зул­ху­лайфә», Мә­ди­на қа­ла­сы­на 10 км жа­қын. Қа­зір бұл жер – «Әбәр Али» деп ата­ла­ды (Қа­зақ­стан­дық­тар кө­бі­не­се осы жер­ден их­рам­ға кі­ре­ді).

2. Мы­сыр жә­не Си­рия та­ра­пы­нан ба­ра­тын­дар үшін – «Жух­фа», Мек­ке­ден 187 км ұзақ.

3. Нәжд жә­не Кувуейт та­ра­пы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Қар­нул-Ма­на­зил», Мек­ке­ден 96 км ұзақ.

4. Йе­мен жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Иа­лам­лам», Мек­ке­ден 54 км ұзақ.

5. Ирак жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Зә­тул-ғирқ», Мек­ке­ден 94 км ұзақ.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) өзі­нің ха­дис­те­рін­де осы жер­лер­ді ми­қат ре­тін­де та­ғайын­да­ған.[2] Мі­не, сон­дық­тан қа­жы­лық­қа не­ме­се ум­ра­ға ба­ра­тын адам бұл жер­лер­дің қайсы­сы­нан өт­се, сол жер­ден их­рам­сыз өту­ге бол­майды. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Еш­кім ми­қат­тан их­рам­сыз өт­пе­сін», деп бұйыр­ған. Бұл жер­лер­ге жет­пес бұ­рын их­рам­ға кі­ріп алу­ға да бо­ла­ды.

Сыр­ттан қа­жы­лық жә­не ум­ра үшін кел­ген­дер ми­қат­тан их­рам­сыз өтіп кет­кен жағ­дайда, құр­бан ша­ла­ды не­ме­се ке­рі қай­тып, ми­қат­та их­рам­ға кі­ре­ді.

Их­рам­ға кір­ген адам­ға тыйыл­ған
нәр­се­лер

1. Их­рам­ға кір­ген адам­ның де­не­сі­не байла­ныс­ты тыйым­дар:

  • Ша­шын, са­қа­лын, мұр­тын алу не­ме­се қыс­қар­ту
  • Қол­тық­тың ас­тын­да­ғы жә­не жал­пы де­не­де­гі түк­тер­ді жұ­лу не­ме­се қыс­қар­ту
  • Тыр­нақ алу
  • Шаш, са­қал жә­не мұрт­қа май жа­ғу не­ме­се бояу
  • Әйел­дер­дің бояну­ла­ры (лак, да­лап, т.б.)
  • Де­не­ге не­ме­се их­рам­ға хош иіс се­бу жә­не иіс са­бын қол­да­ну

 

2. Киім­ге байла­ныс­ты тыйым­дар:

  • Ті­гіл­ген киім кию. Ті­гіл­ген киім­дер­ді суық­та иық­қа жа­бу­ға не­ме­се де­не­ге жа­бу­ға бо­ла­ды. Бі­рақ жап­қан уа­қыт­та қо­лын киіп, түйме­ле­рін түйме­леуге бол­майды.

Изар мен ри­да­ның[3] шет­те­рін сө­гі­ті­ліп кет­пеу үшін ті­гу­ге, жыр­ты­ғын жа­мауға рұқ­сат. Ақ­ша са­лу үшін ті­гіл­ген ар­найы қап­шық, бел­дік сияқ­ты нәр­се­лер­ді, ыс­тық­тан қор­ға­ну үшін ті­гіл­ген қол­ша­тыр­ды қол­да­ну­ға бо­ла­ды.

  • Бас­ты не­ме­се бет­ті жа­бу. Та­қия кию, сәл­де орау, т.б.
  • Қол­ғап, шұ­лық кию

Киім­ге байла­ныс­ты тыйым­дар тек қа­на ер­кек­тер үшін. Әйел­дер әдет­те­гі­дей киіне­ді.

 

3. Ха­рам аума­ғы­на байла­ныс­ты тыйым­дар:

Мек­ке қа­ла­сы­ның жә­не жан-жа­ғын­да­ғы «Ха­рам» деп ата­ла­тын ау­мақ­тың аң­да­рын аулау, өсім­дік­те­рін жұ­лу не­ме­се ша­бу их­рам­ды адам­дар­ға да, их­рам­сыз адам­дар­ға да ха­рам.

 

4. Жал­пы тыйым­дар:

  • Әйелі­мен жы­ныс­тық қа­ты­нас жасау, сүйісу, құ­шақ­та­су, жал­пы нәп­сі­ні қоз­ды­ра­тын бар­лық нәр­се­лер­ді іс­теу.
  • Дін­де ха­рам бол­ған іс­тер­ді жасау.
  • Мұ­сыл­ман бауыры­мен таласу, ере­ге­сіп, ұры­сып, тө­бе­ле­су, жа­ман сөз айту, бі­реуді рен­жі­ту. Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран­да бы­лай дейді: «Қа­жы­лық бел­гі­лі (Шәууал, Зил­қағ­да, Зил­хиж­жа­ның ал­ғаш­қы он кү­ні) ай­лар­да. Кім­де-кім бұл ай­лар­да қа­жы­лық­ты мін­дет­тен­се (мы­на­лар­ды біл­сін!) әйелі­мен жа­қын­да­су­ға, кү­нә іс­теуге жә­не жан­жал­да­су­ға бол­майды».[4]
  • Аң аулау.

 

Их­рам­да­ғы­ға рұқ­сат іс­тер

  • Иіс са­бын қол­дан­бау шар­ты­мен жуыну
  • Кө­лең­ке­де оты­ру не­ме­се қол­ша­тыр қол­да­ну
  • Де­не­нің түк­те­рін тү­сір­меу шар­ты­мен қа­сы­ну
  • Сын­ған тыр­нақ­ты тү­сі­ру
  • Тіс пас­та­сы­мен тіс жуу жә­не көз­ге сүр­ме жа­ғу
  • Их­рам киім­де­рін жуу не­ме­се ауыс­ты­ру
  • Жү­зік, сыр­ға, қол са­ғат қол­да­ну
  • Әтір са­та­тын дү­кен­де оты­ру
  • Гүл­ді не­ме­се же­міс­ті иіс­кеу
  • Ба­сын жә­не жү­зін жап­пау шар­ты­мен де­не­сін көр­пе­мен жа­бу
  • Зияны тие­тін жән­дік­тер­ді өл­ті­ру
  • Бел­дік та­ғу, иық­қа сөм­ке асу

 

Их­рам­ның сүн­нет жә­не мұс­та­хап­та­ры

1.  То­лық жуыну

Их­рам­ға кір­мес бұ­рын де­не­ні то­лық жуу – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) их­рам­ға кір­мес бұ­рын то­лық жуын­ған.

2.  Их­рам­ға кір­мес бұ­рын тыр­нақ алу, шаш тү­зе­ту, қол­тық­тың ас­ты жә­не ұят­ты жер­дің түк­те­рін алу – мұс­та­хап.

3.  Ер адам­дар, ті­гіл­ген киім­де­рін ше­шіп, изар жә­не ри­да деп ата­ла­тын екі та­за ма­та­ға ора­на­ды. Изар­мен кін­дік­тен тө­мен қа­рай ора­нып, ри­да­мен жо­ғар­ғы де­не­сін орайды. Бас­та­ры­на еш нәр­се ки­мейді. Аяқ­та­ры­на сүй­рет­пе аяқ киім киеді.

Их­рам­ға кір­ген әйел адам әдет­те­гі киім­де­рін шеш­пейді. Бас­та­ры жа­бық күйде, тек қа­на жүз­де­рі ашық бо­ла­ды.

4.  Их­рам­ды бо­лып жүр­ген уа­қыт­та па­рыз на­маз­дар­дан кейін, топ­та­сып жүр­ген бас­қа қа­жы­лар­ға кез­дес­кен уа­қыт­та, жо­ға­ры не тө­мен тү­сіп-шық­қан­да жә­не сә­ре­сі уа­қыт­та­рын­да, жал­пы мүм­кін бол­ған әр жағ­дайда кө­те­рің­кі дауыс­пен тәл­бия айту – мұс­та­хап. Әйел адам тәл­бия айт­қан уа­қыт­та дау­сын қат­ты шы­ғар­майды.

5.  Тәл­бия айт­қан­нан кейін кө­бі­рек салауат ай­тып, ар­ты­нан дұ­ға жа­сап, ті­лек тілеу.

6.  Их­рам­ға кір­мес­тен (их­рам­ға кі­ру – их­рам киім­де­рін кию­мен емес, қа­жы­лық­қа не­ме­се ум­ра­ға, яки екеуіне бір­дей ниет ету мен тәл­бия айту ар­қы­лы бо­ла­ды) бұ­рын де­не­ні әтір­леу – сүн­нет. Айша ана­мыз мы­на ха­дис­ті риуаят ет­кен: «Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) их­рам­ға кі­рер­де мен оған ең жақ­сы әті­рін жа­ға­тын­мын».[5] Бі­рақ, их­рам­ға кі­ріп қой­ған­нан кейін әтір жа­ғу­ға бол­майды.

7.  Их­рам на­ма­зы

Де­не­ні то­лық жу­ған­нан кейін не­ме­се дә­рет ал­ған­нан кейін, их­рам­ға кір­мес­тен бұ­рын, екі рә­кат на­маз оқы­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) Зул­ху­лайфа­да екі рә­кат на­маз оқып, со­сын их­рам­ға кір­ге­ні риуаят еті­ле­ді. Бұл на­маз­дың бі­рін­ші рә­ка­тын­да – «Ка­фи­рун», екін­ші рә­ка­тын­да – «Ықы­лас» сү­ре­сін оқу сүн­нет.



[1] Бухари, Хаж /26, Муслим, Хаж /147, Тирмизи, Хаж/ 97.

[2] Бухари, 1/206.

[3] Изар – белден төмен қарай, рида – белден жоғары қарай жабатын сүлгі немесе мата. Бұлардың түсі ақ және жаңа болғаны жөн.

[4] Бақара, 2/197.

[5] Бухари, Хаж,21; Муслим, Хаж,1-3.

0 пікір