Қа­жы­лық сүн­нет­те­рі
Қа­жы­лық сүн­нет­те­рі
10 жыл бұрын 3203
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры, уә­жіп­те­рі сияқ­ты сүн­нет­те­рі де бар. Сүн­нет­тер­ді орын­дау – үл­кен сауап­ты іс. Ал, се­беп­сіз орын­да­мау – мәк­рүһ. Бі­рақ іс­тел­ме­ген жағ­дайда жа­за та­лап етіл­мейді. Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның қа­лай ат­қа­ры­ла­ты­нын Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) іс жү­зін­де көр­сет­кен жә­не «Қа­жы­лық мә­на­си­кі­ні* ме­нен үйре­нің­дер, ме­нің іс­те­ге­нім сияқ­ты іс­тең­дер» ,[1] – деп бұйыр­ған. Мі­не, сон­дық­тан кә­міл қа­жы­лық сүн­нет­тер­дің де қал­ды­рыл­май то­лық орын­да­луы ар­қы­лы жү­зе­ге ас­пақ. Қа­жы­лық­тың сүн­нет­те­рі «не­гіз­гі сүн­нет­тер» жә­не «тар­мақ сүн­нет­тер» бо­лып екі­ге бө­лі­не­ді. Тар­мақ сүн­нет­тер қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры мен уә­жіп­те­рі­не байла­ныс­ты бол­ған­дық­тан, қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры мен уә­жіп­те­рі­мен бір­ге қа­рас­ты­рыл­ды. Қа­зір қа­жы­лық­тың не­гіз­гі сүн­нет­те­рін ға­на жа­за­мыз.

 

1. Қа­дум тауабы

Қа­дум (араб ті­лін­де) – ба­ру, же­ту сияқ­ты ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді. Қа­дум тауабы – Мек­ке­ге кел­ген уа­қыт­та Қағ­ба­ға сә­лем ре­тін­де жа­са­ла­тын ал­ғаш­қы тауап. Ми­қат ше­ка­ра­ла­ры­ның сыр­ты­нан ке­ле­тін иф­рад жә­не қи­ран қа­жы­лық­та­рын орын­дай­тын қа­жы­лар үшін қа­дум тауабы – сүн­нет.

Ум­ра не­ме­се там­ма­туғ қа­жы­лы­ғын орын­дай­тын­дар, ми­қат ше­ка­ра­сы­ның ішін­де тұ­ра­тын­дар, иф­рад қа­жы­лы­ғын орын­даушы­сы бо­ла тұ­ра Мек­ке­ге кел­мес­тен Ара­фат тауына шық­қан­дар, хайыз, ни­фас сияқ­ты жағ­дай­лар­ға байла­ныс­ты бұл тауап­ты жа­сай ал­май Ара­фат­қа шық­қан әйел­дер қа­дум тауа­бын кейін жа­са­майды.

Қа­дум тауабы Мек­ке­ге кел­ген уа­қыт­тан бас­тап, Ара­фат­та уақ­фа жа­са­ған­ға дейін­гі уа­қыт ара­лы­ғын­да жа­са­ла­ды. Қа­дум тауабы зия­рат тауабы сияқ­ты орын­да­ла­ды.

 

2. Қа­жы­лық хұт­па­ла­ры

Қа­жы­лық­та үш жер­де хұт­па оқы­лу – сүн­нет. Бі­рін­ші­сі, Ара­фа кү­ні­нен бір күн бұ­рын Ха­рам-Шә­ріф­те[2] бе­сін на­ма­зы­нан кейін, екін­ші­сі, Ара­фа кү­ні түс­тен кейін Нә­ми­ра ме­ші­тін­де на­маз­ды­гер уақы­тын­да қо­сы­лып, бір­ге оқы­ла­тын бе­сін жә­не на­маз­ды­гер на­маз­да­ры­нан бұ­рын, үшін­ші­сі, айт­тың екін­ші кү­ні бе­сін на­ма­зы­нан бұ­рын Ми­на­да «Мас­жи­дул-Хайфа­да» оқы­ла­ды.

 

3. Ара­фа­ға қа­ра­ған түн­ді Ми­на­да өт­кі­зу

Қа­жы­лар­дың зил­хиж­жа­ның 8-ін­ші кү­ні күн шық­қан­нан кейін Ми­на­ға қа­рай бет алып, сол күн­гі бе­сін, на­маз­ды­гер, ақ­шам, құп­тан жә­не Ара­фа кү­ні­нің таң на­ма­зын Ми­на­да оқып, күн шық­қан­нан кейін Ара­фат­қа ба­руы – сүн­нет.

 

4. Құр­бан айтқа қа­ра­ған түн­ді Муз­дә­ли­фә­да өт­кі­зу

Ара­фа кү­ні күн бат­қан­нан кейін қа­жы­лар­дың Ара­фат­тан Муз­дә­ли­фә­ға ба­рып тү­неп, таң на­ма­зы­нан кейін жа­рық тү­се Ми­на­ға қа­рай жү­ру­ле­рі сүн­нет.

 

5. Айт күн­де­рін­де Ми­на­да қа­лу

Айт күн­де­рін­де яғ­ни, зил­хиж­жа­ның 10,11,12-ін­ші күн­де­рі Ми­на­да қа­лып тү­неу – Ха­на­фи мәз­һа­бын­да, сүн­нет, қал­ған мәз­һаб­тар­да – уә­жіп.



* Қажылықтың арнайы амалдары.

[1] Муслим, 2/943.

[2] Масжидул-Харам.

0 пікір