Қа­те­лік сәж­де­сі (сә­һу сәж­де­сі)
Қа­те­лік сәж­де­сі (сә­һу сәж­де­сі)
10 жыл бұрын 44160
Қайрат Жолдыбайұлы

Қа­те­лік сәж­де­сі на­маз­да жа­са­лын­ған кей­бір қа­те­лік­тер­дің тү­зе­ті­ліп, на­маз­дың дұ­рыс бо­луы үшін на­маз­дың со­ңын­да жа­са­ла­тын қо­сым­ша екі сәж­де. Адам на­маз­да жа­ңы­лы­сып на­маз­дың бір па­ры­зын ке­шік­тір­се, не­ме­се ар­тық іс­те­се, яки бір уә­жіп­ті ұмы­тып тәрк ет­се, ке­шік­тір­се, на­маз­дың ақы­рын­да қа­те­ле­су сәж­де­сін жа­сайды.

 

Қа­те­лік сәж­де­сі қа­лай жа­са­ла­ды?

Бұл сәж­де­ні жа­сай­тын адам соң­ғы оты­рыс­та әт-та­хият­ты оқы­ған­нан кейін екі жақ­қа сә­лем бе­ріп, қайта «Аллаһу әк­бар» деп, екі рет сәж­де­ге ба­рып, қайта оты­ра­ды. Одан кейін әрі қа­рай қайта­дан «әт-та­хият» дұ­ға­сын, салауат, «Рәб­бә­нә әәти­на» дұ­ға­сын оқып, екі жақ­қа сә­лем бе­ре­ді. Егер Имам қа­те­лес­се, тек қа­на бір жа­ғы­на сә­лем бе­ріп, екі сәж­де жа­сайды. Екі жақ­қа сә­лем бе­ре­тін бол­са, жа­ма­ғат на­маз біт­ті деп ой­лап қа­лып, тұ­рып ке­туі ық­ти­мал.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.ғ.с.) бы­лай дейді: «Кім­де-кім на­маз­да шү­бә­лан­са, дұ­ры­сы қайсы­сы еке­нін ой­лап, на­ма­зын қа­на­ғат­тан­ған ойына қа­рай то­лық­тыр­сын. Со­сын сә­лем бер­сін де, қа­те­лік сәж­де­сін жа­са­сын, яғ­ни жа­ңыл­ға­ны үшін екі сәж­де жа­са­сын»[1]. Бас­қа бір ха­дис­те: «Кім­де-кім на­ма­зын төрт рә­кат па, әл­де үш рә­кат па оқы­ға­ны­на шү­бә­лан­са, шү­бә­сін тас­тап, анық біл­ге­ні­мен на­ма­зын то­лық­тыр­сын. Соң­ғы сә­лем­ді бер­мей екі сәж­де жа­са­сын. Егер бес рә­кат оқы­са, сәж­де­лер на­ма­зы­на ша­па­ғат­шы бол­мақ. Ал егер на­ма­зын то­лық оқы­ған бол­са, сәж­де­лер шай­тан­ның алыс­тауына се­беп бо­ла­ды»[2].

 

Сә­һу сәж­де­сін қа­жет ете­тін жағ­дай­лар:

1. «Фа­ти­ха­дан» кейін қо­сым­ша сү­ре оқы­мас­тан рү­күғ­қа ба­ру. Рү­күғ­те тұр­ған кез­де есі­не түс­се қайта қиям­ға ба­рып, қо­сым­ша сү­ре­ні оқып рү­күғ­ке ба­ра­ды. На­маз­дың со­ңын­да сә­һу сәж­де­сін жа­сайды.

2. Ұмы­тып «Фа­ти­ха» сү­ре­сін екі рет оқу.

3. Ұмы­тып үтір на­ма­зы­ның тәк­бі­рін жә­не құ­ныт дұ­ға­сын оқымау.

4. Төрт рә­кат­ты на­маз­дар­да екі рә­кат оқы­ған­нан кейін оты­ру­ды ұмы­тып, үшін­ші рә­кат­қа тұ­ру. Яғ­ни ал­ғаш­қы оты­рыс­ты ұмы­ту. Бұн­дай жағ­дайда егер үшін­ші рә­кат­қа то­лық, яки (ті­зе­ле­рі ашы­лып) қиям­ға жа­қын тұ­рып қойса, на­ма­зын әрі қа­рай жал­ғас­ты­рып, со­ңын­да сә­һу сәж­де­сін жа­сайды. Ал, егер оты­рыс­қа жа­қы­ны­рақ күйде бол­са, үшін­ші рә­кат­қа тұр­май оты­ра­ды. Сә­һу сәж­де­сін жа­са­майды.

5. Бі­рін­ші оты­рыс­та «әт-та­хият» дұ­ға­сын оқы­ған­нан кейін де­реу тұр­май «салауат» жә­не бас­қа дұ­ға­лар­ды оқу яки на­маз­дың бір рү­кі­ні (па­ры­зы) орын­да­ла­тын­дай уа­қыт оты­ру. Егер салауат­тан бір сөй­лем­дей оқып қойса сә­һу сәж­де­сі іс­те­ле­ді. Мы­са­лы, «Аллаһум­ма сал­ли а'ла Му­хам­мад» сияқ­ты. Ал егер бір сөй­лем­нен аз бол­са сә­һу сәж­де­сі қа­жет емес.

6. Төрт рә­кат­ты па­рыз на­маз­дар­дың соң­ғы рә­ка­ты­нан кейін отыр­май ша­та­сып, де­реу бе­сін­ші рә­кат­қа тұр­ған жағ­дайда, егер әлі бе­сін­ші рә­кат­тың сәж­де­сін жа­са­ма­ған бол­са, де­реу соң­ғы оты­рыс­қа оты­ра­ды. «Әт-та­хият» дұ­ға­сын оқы­ған­нан кейін сә­лем бе­ріп, сә­һу сәж­де­сін жа­сайды. Өйтке­ні па­рыз бол­ған соң­ғы оты­рыс ке­шік­ті­ріл­ді. Ал егер бе­сін­ші рә­кат­тың сәж­де­сін жа­сап қой­ған бол­са, та­ғы бір рә­кат қо­сып, ал­ты рә­кат қы­лып та­мам­дайды. Бұл ал­ты рә­кат­тық на­ма­зы па­рыз емес, нә­піл на­маз­ға айна­лып кет­кен­дік­тен па­рыз­ды қайта­дан оқи­ды.

7. Төрт рә­кат­ты па­рыз на­маз­дар­дың соң­ғы рә­ка­ты­нан кейін оты­рып «әт-та­хият» дұ­ға­сын оқы­ған­нан кейін не­ме­се оқи­тын­дай уа­қыт отыр­ған­нан кейін ша­та­сып, бе­сін­ші рә­кат­қа тұр­ған жағ­дайда, егер әлі бе­сін­ші рә­кат­тың сәж­де­сін жа­са­ма­ған бол­са, де­реу оты­рып, «әт-та­хият» дұ­ға­сын оқы­ған­нан кейін сә­һу сәж­де­сін жа­сап, на­ма­зын тә­мам­дайды. Ал егер бе­сін­ші рә­кат­тың сәж­де­сін жа­сап қой­ған бол­са, та­ғы бір рә­кат қо­сып оқи­ды. Бұл ал­ты рә­кат­тық на­маз­дың төр­ті па­рыз ре­тін­де екеуі нә­піл ре­тін­де жү­ре­ді. На­маз­дың со­ңын­да сә­һу сәж­де­сі жа­са­ла­ды. Па­рыз­ды қайта­дан оқу қа­жет емес. Өйтке­ні, төр­тін­ші рә­кат­тан кейін «әт-та­хият» дұ­ға­сы оқыл­ған­дық­тан, яки оқы­ла­тын­дай уа­қыт отыр­ған­дық­тан па­рыз бол­ған соң­ғы оты­рыс орын­да­лып отыр. Уә­жіп бол­ған сә­лем бе­ру ке­шік­ті­ріл­ген­дік­тен ал­тын­шы рә­кат­тың со­ңын­да сә­һу сәж­де­сі жа­са­ла­ды.

8. Жа­рия оқы­ла­тын на­маз­дар­ды құпия, ал құ­пия оқы­ла­тын на­маз­дар­ды жа­рия оқу. Мы­са­лы, бе­сін на­ма­зын­да «Фа­ти­ха» сү­ре­сі мен қо­сым­ша сү­ре­ні дауыс­тап оқып, ақ­шам на­ма­зын­да құ­пия оқу сияқ­ты. Бұ­лай оқыл­ған на­маз­да сә­һу сәж­де­сі жа­са­ла­ды. На­маз­да­ғы тәс­бих, тәк­бір­лер­ді жа­рия айту сә­һу сәж­де­сін қа­жет ет­пейді.

9. На­маз­да бір рү­кін яғ­ни, на­маз­дың ішін­де­гі бір па­рыз орын­да­ла­тын­дай уа­қыт ойла­ну. Мы­сал­ға, үш рә­кат оқы­дым ба, жоқ әл­де төрт рә­кат оқы­дым ба деп, бір рү­кін орын­да­ла­тын­дай уа­қыт ойла­нуы не­ме­се «Фа­ти­ха­дан» кейін қай сү­ре­ні оқи­ты­нын бір рү­кін орын­да­ла­тын­дай уа­қыт ойла­ну сә­һу сәж­де­сін қа­жет ете­ді.

 

Ес­кер­ту:

На­маз­да сә­һу сәж­де­сін қа­жет ете­тін бір­не­ше қа­те үшін бір сә­һу сәж­де­сі жет­кі­лік­ті.

Имам­ға кейін­нен қо­сыл­ған адам өзі оқы­ған рә­кат­тар­да қа­те жа­са­са, сол қа­те­сі үшін сә­һу сәж­де­сін жа­сайды.

На­маз­да оқып тұр­ған сү­ре­ні жал­ғас­ты­ра ал­май, бас­қа сү­ре­ге өте­тін бол­са, сә­һу сәж­де­сі қа­жет емес.

Оқып жат­қан на­ма­зы­ның рә­кат­та­ры­ның са­нын­да жа­ңы­лы­сып, кү­мән­дан­ған адам, егер бұн­дай жа­ңы­лы­су мен кү­мән бі­рін­ші рет бо­лып тұр­са, на­ма­зын қайта­дан оқи­ды. Ал егер бұн­дай кү­мән жиі-жиі кез­де­сіп тұ­ра­тын бол­са, жү­ре­гі­нің ба­сы­мы­рақ таң­да­ға­ны­на қа­рай на­ма­зын жал­ғас­ты­ра­ды. Мы­са­лы, таң на­ма­зы­ның «бір рә­ка­тын оқы­дым ба, жоқ әл­де екі рә­ка­тын оқы­дым ба?» – деп кү­мән­да­нып, бір рә­кат оқы­ға­ны­на кө­ңі­лі то­лып, жү­ре­гі үкім бер­се, та­ғы бір рә­кат оқып, на­ма­зын тә­мам­дайды. Кү­мән­да­нып, кі­дір­ге­ні үшін ар­ты­нан сә­һу сәж­де­сін жа­сайды. Ке­рі­сін­ше екі рә­кат оқы­ға­ны­на кө­ңі­лі то­лып, жү­ре­гі үкім бер­се, тә­шәһ­һуд­ке оты­рып, сә­лем бер­ген­нен кейін сә­һу сәж­де­сін жа­сайды. Бір рә­кат оқы­ға­нын не­ме­се екі рә­кат оқы­ға­нын ба­сы­мы­рақ етіп таң­дай ал­май, кө­ңі­лі тол­ма­ған жағ­дайда, ең азын не­гіз­ге алып, на­ма­зын жал­ғас­ты­ра­ды. Мы­са­лы, таң на­ма­зы­ның бір рә­ка­тын оқы­дым деп, та­ғы бір рә­кат қо­сып оқи­ды. Бі­рақ кү­мән­дан­ған бі­рін­ші рә­ка­ты­нан соң, тә­шәһ­һуд­ке отыр­ған­нан кейін ға­на екін­ші рә­ка­тын қо­сып оқи­ды. Өйтке­ні, бі­рін­ші рә­ка­ты екін­ші рә­кат бо­лып қа­лу ық­ти­ма­лы бол­ған­дық­тан, екін­ші рә­кат­тан кейін ақыр­ғы оты­рыс­қа оты­ру – па­рыз. Екін­ші рә­кат­ты қо­сып оқы­ған­нан кейін, сә­һу сәж­де­сін жа­сайды.


[1] Бухари, Салат, 31.

[2] Бухари, Сәһу, 6-7.

0 пікір