Тиләуәт сәж­де­сі
Тиләуәт сәж­де­сі
9 жыл бұрын 61016
Қайрат Жолдыбайұлы

Құ­ран­да он төрт жер­де сәж­де аяты бар. Бұ­лар­ды оқы­ған, ес­ті­ген адам­ның сәж­де етуі – уә­жіп. Тиләуәт сәж­де­сін жа­сай­тын адам­ның дә­ре­ті, әу­рет же­рі­нің жа­бық бо­луы тиіс. Ниет етіп, құ­бы­ла­ға қа­рап, қол­да­рын кө­тер­мей «Аллаһу әк­бар» деп сәж­де­ге ба­ра­ды. Үш рет «суб­ха­на раб­биал-ала» де­ген­нен кейін қайта «Аллаһу әк­бар» деп ор­ны­нан тұ­ра­ды. Бұ­лай іс­теу – сүн­нет. Бі­рақ ар­ты­нан «Ғуф­ра­на­ка рәб­бә­нә уа иләй­кал-ма­сир» деу – мұс­та­хап. «Аллаһым! Ке­ші­рі­мің­ді ті­лей­мін. Сөз­сіз са­ған қайта­мыз».

Кі­сі бір жер­де тұ­рып, бір сәж­де ая­тын бір­не­ше мәр­те қайта­ла­са, бә­рі­не бір сәж­де жет­кі­лік­ті. Бі­рақ бір жер­де әр түр­лі сәж­де ая­тын оқы­са, әр­қайсы­сы­на же­ке-же­ке сәж­де қажет. Аят­ты радио, те­леар­на­дан ес­туі мен жа­нын­да­ғы адам­нан ес­туі ара­сын­да еш­қан­дай айыр­ма­шы­лық жоқ. Хайыз бен ни­фас­та­ғы әйел­дер­ге сәж­де аяты уә­жіп емес.

Сәж­де аят­та­ры: Ағ­раф, 7/206, Ра­ғыд, 13/15, На­хыл, 16/50, Ис­ра, 17/109, Мә­риям, 19/25, Хаж, 22/18, Фур­қан, 25/60, Нәмл, 27/25, Сәж­де, 32/15, Сад, 38/24, Фүс­си­ләт, 41/37, Нәжм, 53/62, Ин­ши­қақ, 84/20, Алақ, 96/19.

0 пікір