Нә­піл на­маз­дар
Нә­піл на­маз­дар
10 жыл бұрын 6605
Қайрат Жолдыбайұлы

Па­рыз не­ме­се уә­жіп на­маз­дар­дан бас­қа Аллаһ Ел­ші­сі­нің оқы­ған жал­пы на­маз­да­ры «нә­піл» деп ата­ла­ды. Бес уа­қыт па­рыз на­маз­дар­мен бір­ге оқы­ла­тын нә­піл на­маз­дар­ға жүйелі (рауа­тиб) сүн­нет на­маз­да­ры де­лі­не­ді. Жүйелі сүн­нет на­маз­да­ры «мүәк­кад (бе­кі­тіл­ген) сүн­нет» жә­не «ғайру мүәк­кад (бе­кі­тіл­ме­ген) сүн­нет» бо­лып екі­ге бө­лі­не­ді. Бес уа­қыт па­рыз на­маз­дар­мен бір­ге оқыл­май­тын нә­піл на­маз­дар­ға «мән­дүп нә­піл» на­маз­да­ры де­лі­не­ді.

 

Жүйелі (рауа­тиб) сүн­нет на­маз­дар

1. Мүәк­кад (бе­кі­тіл­ген) сүн­нет­тер

Бес уа­қыт на­маз, жұ­ма на­маз­да­ры­мен бір­ге оқы­ла­тын нә­піл на­маз­дар­дың бір бө­лі­мі–мүәк­кад сүн­нет­тер. Аллаһ Ел­ші­сі бы­лай дейді: «Әр­бір адам күн­де­лік­ті па­рыз на­маз­да­ры­нан тыс он екі рә­кат на­маз оқы­са, Аллаһ оған жән­нат­та бір үй са­ла­ды. Бұ­лар мы­на на­маз­дар: Таң на­ма­зы­нан бұ­рын–екі рә­кат, бе­сін­нен бұ­рын–төрт рә­кат, бе­сін­нен кейін–екі рә­кат, ақ­шам­нан кейін–екі рә­кат жә­не құп­тан­нан кейін–екі рә­кат» 238. Бұ­лар аса ма­ңыз­ды сүн­нет­тер. Бейне бір па­рыз­дың қор­ған­да­рын­дай. Қор­ға­ны жоқ не­ме­се бұ­зыл­ған қа­ла­ға әр уа­қыт­та дұш­пан­ның кі­ру­ге дайын тұ­ра­ты­нын­дай, сүн­нет­те­рін тәрк ет­кен адам әр­қа­шан па­рыз на­маз­да­рын қа­за қы­лу­ға не­ме­се тү­гел тас­тап ке­ту­ге бейім тұ­ра­ды. Сон­дық­тан Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) таң на­ма­зы жайын­да: «Сен­дер­ді ат­ты­лар (жау) қу­са да, таң на­ма­зы­ның екі рә­кат сүн­не­тін тас­та­маң­дар»239 – де­ген. Жұ­ма­ның ал­дын­да­ғы жә­не со­ңын­да­ғы төрт рә­кат на­маз – мүәк­кад сүн­нет. Мүәк­кад сүн­нет­тер­дің бі­рі – тарауих на­ма­зы. Бұл на­маз­ды жа­ма­ғат­пен оқу – сүн­нет. Аллаһ Ел­ші­сі Ра­ма­зан­ның үшін­ші, бе­сін­ші, же­тін­ші, жә­не жиыр­ма­сын­шы түн­де­рін­де осы на­маз­ды ме­шіт­те жа­ма­ғат­пен бір­ге оқы­ған. Кейін­нен мұ­сыл­ман­дар­ға па­рыз бо­лар де­ген ой­мен ме­шіт­те оқы­ма­ған. Кейде Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) тарауих на­ма­зын се­гіз рә­кат оқи­тын. Қал­ға­нын са­ха­ба­лар өз­де­рі то­лық­тыр­ған. Сол се­беп­ті са­ха­ба­лар­дан түн ішін­де ара­ның ызы­ңын­дай дауыс­та­ры ес­ті­ле­тін240. Бұл на­маз Ра­ма­зан айын­да құп­тан на­ма­зы­нан кейін үтір­ден бұ­рын оқы­ла­ды. Ең мық­ты көз­қа­рас­қа қа­рай, осы на­маз­ды жа­ма­ғат­пен оқу – ки­фая (жалпылама) сүн­нет. Бұл на­маз­ды адам же­ке өзі оқи ала­ды. Бі­рақ жа­ма­ғат­пен оқу аб­зал. Тарауих на­ма­зы – жиыр­ма рә­кат. Әр­бір төрт рә­кат на­маз­дан кейін дем алы­нып, бой жа­зыл­ға­ны үшін «тарауих» деп атал­ған. Яғ­ни, тарауих – дем алу, ты­ны­ғу де­ген сөз. Тарауих на­ма­зы­ның әр екі рә­ка­тын­да сә­лем бе­ріп оқу аб­зал. Бі­рақ төрт, се­гіз, он, тіп­ті жиыр­ма рә­кат­тан кейін де, сә­лем бе­ру­ге бо­ла­ды. Ха­на­фи­лер тарауих на­ма­зы­ның са­нын Ха­зі­ре­ті Омар­дың жа­са­ға­ны­на қа­рай орындайды. Ха­зі­ре­ті Омар ха­ли­фа бол­ған ке­зін­де жиыр­ма рә­кат оқыт­қан.



238 Тирмизи, Салат, 189.

239 Ханбәл, ІІ, 405.

240 әз-Зухайли, а.а.е., ІІ, 43.

0 пікір