На­маз­дың жа­ма­ғат­пен оқы­лу үл­гі­сі
На­маз­дың жа­ма­ғат­пен оқы­лу үл­гі­сі
10 жыл бұрын 27288
Қайрат Жолдыбайұлы

Жа­ма­ғат­тың әр­бі­рі имам­ға ұюға ниет ете­ді. Мы­са­лы: «Бү­гін­гі бам­дат на­ма­зы­ның па­ры­зын өтеуге ниет ет­тім. Ұйы­дым имам­ға». Одан кейін имам қол­да­рын кө­те­ріп, жа­рия түр­де «Аллаһу әк­бар» деп на­маз­ға бас­тайды. Жа­ма­ғат қол­да­рын кө­те­ріп, құ­пия­лай «Аллаһу әк­бар» деп, имам­мен бір­ге на­маз­ға бас­тайды. Имам мен жа­ма­ғат «суб­ха­на­ка­ны» жа­сы­рын оқи­ды. Имам құ­пия­лай ә'узу мен Бис­мил­лаһ­ты оқып, әрі қа­рай жа­рия­лай «Фа­ти­ха» жә­не қо­сым­ша сү­ре оқи­ды. Имам бам­дат, ақ­шам жә­не құп­тан на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы екі рә­ка­тын­да жә­не үтір на­ма­зы­ның үш рә­ка­тын­да, жұ­ма мен айт на­ма­зы­ның бар­лық рә­кат­та­рын­да «Фа­ти­ха» мен оған қо­сым­ша аят­тар­ды жа­ма­ғат ес­ти­тін­дей жа­рия оқи­ды. Жә­не тәк­бір­лер мен «са­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ­ты» жә­не де сә­лем­ді жа­рия айта­ды. Ақ­шам на­ма­зы­ның үшін­ші жә­не құп­тан на­ма­зы­ның үшін­ші, төр­тін­ші рә­кат­та­ры мен бе­сін, на­маз­ды­гер на­маз­да­ры­ның бар­лық рә­кат­та­рын­да­ғы тәк­бір­лер мен «са­ми' Аллаһу ли мән ха­ми­даһ» сө­зін жә­не сә­лем­дер­ді жа­рия түр­де, ал «суб­ха­на­ка» мен қы­ра­ғат­ты құ­пия оқи­ды.

Имам бам­дат на­ма­зы­ның ал­ғаш­қы рә­ка­тын­да­ғы аят­тар­ды, екін­ші рә­кат­та оқи­тын аят­тар­дан екі есе көп оқу ке­рек. Бұл – сүн­нет. Жа­ма­ғат­тың ал­ғаш­қы рә­кат­қа же­туіне кө­мек­те­се­ді.

Жа­ма­ғат тәк­бір­лер­ді құ­пия айта­ды. Имам рү­күғ­тен тұр­ған кез­де жа­рия­лай «са­ми' Аллаһу ли­мән ха­ми­даһ» деп, құ­пия­лай «Раб­бә­нә уә лә­кәл-хамд» дейді. Имам Ағ­зам­ның бас­қа бір риуая­тын­да имам «Раб­бә­нә лә­кәл-хам­дты» айт­пайды. Жа­ма­ғат құ­пия­лай «Аллаһум­ма Раб­бә­нә уә лә­кәл-хамд» не­ме­се «Раб­бә­нә уә лә­кәл-хамд» дейді. Одан әрі рү­күғ пен сәж­де­де бә­рі бір­ге құ­пия­лай тәс­бих­тар­ды айта­ды.

Имам сә­лем­ді–жа­рия түр­де, жа­ма­ғат–құ­пия түр­де бе­ре­ді. Имам да, жа­ма­ғат та «әмин­ді» құ­пия­лай айта­ды.

Имам сә­лем бер­ген­нен кейін мы­на дұ­ға оқы­ла­ды.

{أللهُمَّ اَنْتَ السَّلامُ وَ مِنْكَ السَّلامُ تَبارَكْتَ يا ذَالْجَلالِ وَ الاكْرَامِ}

 «Аллаһум­ма ән­тәс-сә­лә­әм уә мин­кәс-сә­лә­әм тә­бәәрак­тә иә­зәл-жә­лә­әли уәл-ик­рә­әм» дейді. Ма­ғы­на­сы: «Аллаһым! Сен–сә­лем­сің. Сә­лем се­нен. Сен күл­лі нұқ­сан­дық атаулы­дан пәк­сің. Дү­ние мен ақы­рет сә­ле­ме­ті мен бей­біт­ші­лі­гі се­нің кө­ме­гің­мен ға­на бо­ла­ды. На­ғыз қа­сиет­ті – Сен­сің. Ей, құ­ді­рет пен жо­март иесі Раб­бым»

Бұ­нан кейін имам мен жа­ма­ғат құ­пия­лай – «Ая­тул-күр­сі­ні» оқи­ды да, отыз үш рет «Суб­ха­наллаһ», отыз үш рет «Әл­хам­ду­лил­ләһ», отыз үш рет «Аллаһу әк­бар» тәс­би­ха­тын жа­сайды.

Бұ­дан кейін:

{لاَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ وَحْدَهُ لاَ شَريكَ لهُ لهُ الْمُلْكُ وَ لهُ الْحَمْدُ وَ هُوَ عَلىَ كُلِّ شَيْءٍ قَديرٌ}

«Ләә илә­һә ил­лАллаһу уах­да­һу ләә шә­ри­кә ләһ. Лә­һул-мул­ку уә лә­һул-хам­ду уә һуә а'лә күл­ли шәй'ин қа­ди­ир» дұ­ға­сын оқып, имам мен жа­ма­ғат дұ­ға жа­сайды. Ма­ғы­на­сы: «Аллаһ­тан бас­қа құ­дай жоқ. Ол – жал­ғыз. Оның тең­де­сі мен се­рі­гі жоқ. Күл­лі мү­лік иесі – Ол ға­на. Ма­дақ Оған лайық. Ол бар­лық нәр­се­ге кү­ші же­ту­ші, аса құ­ді­рет­ті». Же­ке на­маз оқы­ған­дар да осы­ны оқи ала­ды.

1 пікір
  • Ассалаумағалайкум! Жамағатпен оқылатын намазда екі жаққа сәлем берген соң оқылатын Аллахума дұғасын имам емес имамға ұйыған жамағаттан бір кісі оқи алады ма?
    5 жыл бұрын