Мәк­рүһ уа­қыт­тар
Мәк­рүһ уа­қыт­тар
10 жыл бұрын 43410
Қайрат Жолдыбайұлы

Па­рыз на­маз­дар үшін мұс­та­хап уа­қыт­тар бол­ға­нын­дай, жал­пы на­маз оқу­дың мәк­рүһ уа­қыт­та­ры да бар. Бұ­лар екі­ге бө­лі­не­ді. Бі­реуін­де еш­қан­дай на­маз оқу­ға бол­майды. Екін­ші­сі – нә­піл на­маз оқу­ға бол­май­тын, бі­рақ қа­за на­маз оқу­ға бо­ла­тын уа­қыт.

Еш­бір на­маз оқыл­май­тын уа­қыт­тың өзі үш­ке бө­лі­не­ді:

Күн көк­жиек­тен шы­ғып, найза бойы кө­те­ріл­ген­ге дейін­гі уа­қыт. Бұл ша­ма­мен 40-45 ми­нут­тай уа­қыт.

Күн­нің дәл тас тө­бе­де тұруы. Яғ­ни, күн­нің ең биік­те бол­ған ке­зе­ңі. Бұл уа­қыт бе­сін уақы­ты кір­ген­ге дейін со­зы­ла­ды.

Күн­нің сар­ғайып ба­ту­ға бет ал­ған мез­гі­лі. Ша­ма­мен бұл да күн ба­ту­ға 40-45 ми­нут қал­ған уа­қыт. Бұл уа­қыт­та сол күн­нің тек на­маз­ды­гер на­ма­зын мәк­рүһ түр­де оқу­ға бо­ла­ды.

Бұл үш уа­қыт­та еш­қан­дай қа­за на­ма­зы да, жа­на­за на­ма­зы да оқыл­майды. Бұл уа­қыт­тар­да сәж­де аяты да жа­сал­майды. Сәж­де ая­тын жа­сай қал­ған қүн­де де, оны кейін­нен қайта­дан өтеу тиіс. Нә­піл на­маз оқыл­са, оны кейін­нен өтеу тиіс емес. Ол – мәк­рүһ ре­тін­де іс­ке аса­ды. Бі­рақ кейін­нен қа­за­сын өтеу – аб­зал. Бұл уа­қыт­та на­маз оқу­ға са­лын­ған тыйым – күн­ге та­бын­ған­дар­ға ұқ­са­мау үшін бе­ріл­ген. Бұл үш уа­қыт жайлы Уқ­ба ибн Амир әл-Жу­һе­ни (р.а.) бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) үш уа­қыт­та біз­ге на­маз оқу мен өлі­ле­рі­міз­ді жер­леуі­міз­ге тыйым сал­ды: Күн шы­ғып кө­те­ріл­ген­ге дейін, күн дәл тас тө­бе­ге шы­ғып, тө­мен тү­се бас­та­ған­ға дейін жә­не күн ба­ту­ға бет ал­ған уа­қыт­та»137.

137 Муслим, Мусафирин, 293; Әбу Дәәуд, Жәнаиз, 51; Тирмизи, Жәнаиз, 41.

0 пікір