ЖАНАЗА НАМАЗЫ
ЖАНАЗА НАМАЗЫ
9 жыл бұрын 65968
Қайрат Жолдыбайұлы

Өлім – не­гі­зін­де жоқ бо­лу, мәң­гі­лік есі­нен та­нып, ші­ріп ке­ту де­ген нәр­се емес. Өлім – рух­тың тән­нен айры­лып, ғұ­мыр­дан ар­ғы бет­іне өтуі. Әһли сүн­нет бойын­ша, рух өлмейді, жо­ғал­майды.

Абай ата­мыз­дың айтқа­нын­дай:

Өл­се өлер та­би­ғат, адам өл­мес,

Бі­рақ ол ой­нап, кү­ліп, қайта кел­мес,

«Ме­ні» мен «Ме­ні­кі­нің» ай­рыл­ға­нын

Өл­ді деп ат қойып­ты өң­кей біл­мес.

Де­не­ден шық­қан жан фә­ни мен ба­қи әлем­нің ара­сын­да­ғы қа­бір ат­ты кү­ту әле­мі­не ке­те­ді. Жақ­сы мен жа­ман бір емес. Екеуіні­кі екі бө­лек дүние. Жақ­сы­лар жән­нат­қа ұқ­сас әлем­де, жа­ман­дар жа­һан­нам­ның бір шұ­қы­ры­на тү­сіп, қайта ті­ріл­ген­ше ру­хы азап ше­ге­ді. Шейіт­тер бол­са, мүл­дем бас­қа ға­жайып әлем­де өмір сү­ре­ді. Олар­дың қа­бір әле­мін­де­гі адам­дар­дан ең бас­ты айыр­ма­шы­лы­ғы – өлі­лер өз­де­рі­нің өл­ген­де­рін бі­ле­ді, шейіт­тер бұл фә­ни­ден өт­ке­нін біл­мейді. Өз­де­рін ті­рі деп ой­лайды. Құ­ран­да Аллаһ Та­ға­ла: «Аллаһ жо­лын­да өл­ген­дер­ге (шейіт) «өлі» де­мең­дер. Ке­рі­сін­ше, олар ті­рі. Бі­рақ сен­дер се­зе ал­май­сын­дар», 267 – дейді.

 

Өлім та­қа­ған­да жа­са­ла­тын нәр­се­лер

Соң­ғы сәт таян­ған­да кі­сі­ні оң жа­ғы­мен жат­қы­зып, құ­бы­ла­ға қа­ра­ту ке­рек. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Қағ­ба жайын­да: «Өлі мен ті­рі­лер­дің құ­бы­ла­сы»268, – де­ген. Өлім ау­зын­да­ғы кі­сі­нің аузы­на қа­сық не­ме­се сау­сақ­пен су бе­рі­ле­ді. Нау­қас қат­ты қи­нал­са, оған жа­қын­да­ры кө­мек­те­суі ке­рек. Оның жа­нын­да тұ­рып, «шә­һа­дат кә­ли­ма­сын» қайта­лап, оның айтуына кө­мек­те­су – сүн­нет. Бі­рақ бұл сөз­ді зор­лап айтқы­зу­ға бол­майды. Өйтке­ні, Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) ес­керт­кен: «Ләә ила­һә ил-лаллаһ­ты» айту­ға кө­мек­те­сің­дер. Өлім сә­тін­де оны айт­қан жан­ды осы сөз жа­һан­нам­нан құт­қа­ра­ды». «Ақыр­ғы сө­зі «Ләә ила­һә ил-лаллаһ» бол­ған адам жән­нат­қа кі­ре­ді»269.

Кі­сі қай­тыс бол­ған кез­де аузы жа­бы­лып, та­за шү­бе­рек­пен та­ңы­ла­ды. Бір ма­та­мен ба­сын бай­лайды. Көз­де­рін жұ­ма­ды. Қол­да­ры жа­ны­на қойыла­ды. Одан кейін өлік­тің үс­тін ма­та­мен жа­ба­ды. Өл­ген­ кісінің жанында жуылғанға дейін Құ­ран оқу – мәк­рүһ.

 

Жа­на­за­ның жуылуы

Жа­на­за­ның жуылуы­нан кө­мі­луіне дейін жа­са­ла­тын іс­тер­ге – «тәж­һиз» (әзір­леу) дейді. Ис­лам­да өл­ген адам­ның ең қыс­қа мер­зім­де жуы­лып, ке­бін­де­ліп, жа­на­за на­ма­зы оқы­лып кө­мі­луі ке­рек. Бұл – мұс­та­хап.

Мәйіт­тің жуылуы: Мәйіт­ті жо­ға­ры бір жер­ге шал­қа­лап жат­қы­зып, әу­рет же­рі жа­бы­ла­ды. Ер кі­сі­ні – ер­лер, әйел за­тын – әйел­дер жуады. Мәйіт­ті жу­ған бір кі­сі­ге та­ғы бір кі­сі су тө­гіп кө­мек­те­се­ді. Мәйіт­тің ба­сы мен де­не­сі­нің ба­сым көп­ші­лі­гі бар бол­са жуыла­ды. Егер де ба­сы бол­май тек қа­на жар­ты­сы бол­са, не­ме­се кеуде­сі­нің ба­сым көп­ші­лі­гі жоқ бол­са, жуыл­майды. Ке­бін­дел­мейді, на­маз да оқыл­майды. Бір ма­та­ға орап кө­мі­ле­ді. Мәйіт­ті жуу – оған ғұ­сыл мен дә­рет ал­ды­ру. Ғұ­сыл алу­ды бі­ле­тін адам өлік­ті жуа ала­ды.

Жуа­тын адам қо­лы­на бір ма­та орап, мәйіт­тің әу­рет же­рін жуып, та­за­лайды. Осы­дан кейін мәйіт­ке дә­рет ал­ды­ра­ды. Дә­рет ал­дыр­ған уа­қыт­та аузы­на, мұр­ны­на су құй­майды. Тек қа­на сау­сақ­та­ры­мен мә­сіх етіп сүр­те­ді. Бе­тін жә­не қол­да­рын жуып, ба­сын мә­сіх ете­ді. Аяқ­та­рын жуады. Осы­дан кейін мәйіт­тің үс­ті­не су тө­гіп, ба­сы мен де­не­сін са­бын­дал­ған су­мен та­за­лап жуады. Оң мен со­лы­на ке­зек-ке­зек ауыс­ты­рып жуады. Әр мү­ше­ні жу­ған кез­де үш­тен аз жу­мау – сүн­нет. Осы­дан кейін жа­на­за­ны отыр­ған­дай етіп, өзі­не тар­тып, қар­нын ба­са­ды. Ас­ты­нын бір нәр­се шық­са, тек сол жер­ді ға­на жуып та­за­лайды. Қайта дә­рет ал­ды­ру­дың қа­же­ті жоқ. Бә­рі біт­кен кез­де мәйіт­ті сүл­гі­мен сүр­тіп, ке­бін­дейді. Одан кейін ба­сы­на, жү­зі­не, са­қа­лы­на әтір жа­ға­ды. Мәйіт­тің шаш пен тыр­нақ­та­ры алын­байды. Мәйіт­ті жа­бық жер­де жуу ке­рек. Мәйіт­ті өзі­не ең жа­қын адам­ның не­ме­се жа­на­за жууды жақ­сы бі­ле­тін адам­ның жу­ға­ны жақ­сы. Әйел ерін жуа ала­ды. Бі­рақ әйел­ді жуа­тын әйел кі­сі бол­май қал­ған жағ­дайда ері өл­ген әйелі­не тек қа­на тәйәм­мүм ал­ды­ра ала­ды. Қат­ты ісіп ке­тіп жа­рыл­ға­лы тұр­ған не­ме­се жуылуы мүм­кін емес мәйіт­тің үс­ті­не су тө­гіл­се, жет­кі­лік­ті. Жуа­тын кез­де жууға ниет етіп, «бис­мил­лаһ» деп бас­тайды. Жу­ған уа­қыт­та «ғуф­ра­на­ка иа Рах­ман», «Аллаһым ке­шір» де­ген дұ­ға­на қайта­лап оты­ра­ды. Егер су та­был­ма­са тәйәм­мүм жа­са­ла­ды. Бө­тен ер­кек­тер ара­сын­да өл­ген әйел мен бө­тен әйел­дер ара­сын­да өл­ген ер­кек­тер­ге тәйәм­мүм жа­са­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Әйел өзі­нен бас­қа әйел бол­май ер­кек­тер ара­сын­да өл­се, ер­кек те өзі­нен бас­қа ер­кек бол­май әйел­дер ара­сын­да өл­се, екеуі де тәйәм­мүм жа­са­лып кө­мі­ле­ді. Екеуі­нің жағ­дайы да су та­был­ма­ған бо­лып са­на­ла­ды».

 

Шейіт жайын­да

Со­ғыс ке­зін­де кә­пір­лер­дің қо­лы­нан өл­ген шейіт­тер жуыл­майды. Тек қа­на ке­бін­дік­ке лайық көй­лек­пен ке­бін­де­ле­ді. Олар қан­да­ры­мен қо­са кө­мі­ле­ді. Яғ­ни, қан­да­ры жуыл­майды. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Шейіт­тер жуыл­майды. Өйтке­нң, әр­бір жа­ра­сы мен әр­бір қа­ны қия­мет кү­ні айна­ла­ға миск се­кіл­ді жайыла­ды270. Аллаһ Ел­ші­сі Ухуд шейіт­те­рін қан­да­ры­мен қо­са жер­ле­ді. Олар­ды жу­ма­ды әрі на­маз­да­рын да оқы­ма­ды. Ха­на­фи­лар бойын­ша, жа­на­за на­ма­зы оқы­ла­ды. Шейіт­тер­ге жа­на­за на­ма­зы оқыл­мауы­ның хик­ме­ті – жа­на­за на­ма­зы өлі­лер­ге оқы­ла­ды. Шейіт­тер бол­са ті­рі. Құ­ран­да олар­ға: «Аллаһ жо­лын­да өл­ті­ріл­ген­дер­ді (шейіт­тер­ді) өлі де­мең­дер, олар ті­рі, бі­рақ сен­дер се­зіп бі­ле ал­май­сың­дар»271, – деп айты­ла­ды.

 

Жа­на­за­ның ке­бін­де­луі

Мәйіт жуыл­ған­нан кейін ке­бін су­лан­бау үшін құр­ға­ты­ла­ды. Ер адам­ның ке­бі­ні үшеу:

Әуел­гі екеуі: «Изар» мен «Ли­фа­фә» бас­тан аяқ­қа дейін ұзын бо­ла­ды. Ли­фа­фә ең үс­тін­де, бас пен аяқ ұш­та­ры­нан буыла­тын­дық­тан изар­дан ұзын тұ­ра­ды.

Ақыр­ғы­сы: «Қа­мис». Ма­та екі қа­бат­та­лып ба­рып, ор­та­да­ғы тұйық жер­ден бас сыяр­лық­тай жыр­ты­ла­ды. Бас шы­ға­ры­ла­тын жыр­тық екі иық­қа қа­рай жыр­тыл­ған жөн. Ұзын­ды­ғы мойын­ның тү­бі­нен аяқ­қа дейін.

Әйел адам үшін ора­мал мен кеуде жа­мыл­ғыш қо­сыл­ған­дық­тан әйел­дің ке­бі­ні – бес қа­бат.

 

Жа­на­за на­ма­зы

Бұл – жуы­лып та­за­лан­ған мәйіт үшін мұ­сыл­ман­дар­дың дә­рет алып, құ­бы­ла жақ­қа қа­рап, түрегеп тұ­рып оқы­ған на­маз бен мәйіт үшін жа­сай­тын дұ­ға. Жа­на­за на­ма­зы – ки­фая па­рыз. Яғ­ни, бір ай­мақ­та бір­не­ше мұ­сыл­ман жа­на­зы на­ма­зын оқы­са же­тіп жа­тыр. Егер оқы­ма­са, бар­лы­ғы бір­ге жауап­кер жә­не кү­нә­лі. Жа­на­за на­ма­зы­ның шар­ты – ниет. Бұл ниет­те мәйіт­тің ер не­ме­се әйел, ер ба­ла не­ме­се қыз ба­ла еке­ні біл­ді­рі­ле­ді. Имам Аллаһ ри­за­лы­ғы үшін жа­на­за на­ма­зын оқу­ға жә­не сол мәйіт­ке дұ­ға ету­ге ниет етіп, «Аллаһу әк­бар» деп тәк­бір алып, на­маз­ды бас­тайды. Жа­ма­ғат та ниет етіп, имам­ға ұйиды. Мәйіт ер­кек бол­са, «Мы­на ер үшін», әйел бол­са, «Мы­на әйел үшін» деп ниет ете­ді. Ба­ла­лар үшін де осы түр­де ниет ете­ді. Жа­ма­ғат­тан бір адам мұ­ны бі­ле ал­ма­са, имам­мен бір­ге на­маз оқу­ға ниет қы­ла­ды.

Жа­на­за на­ма­зы­ның па­ры­зы – тәк­бір­лер мен қиям. Бұл на­маз­да ру­куғ, сәж­де, Құ­ран оқу, тә­шәһ­һүд жоқ. Шар­тта­ры ал­ты:

1. Мәйіт­тің мұ­сыл­ман болуы.

2. Өзі­нің жә­не қойыл­ған жер­дің та­за болуы.

3. Жа­ма­ғат­тың ал­дын­да болуы.

4. Де­не мү­ше­ле­рі­нің ба­сым көп­ші­лі­гі­нің не­ме­се ба­сы, де­не­сі­нің жар­ты­сы­ның бар болуы.

5. Жер­ге қойылуы.

6. На­маз оқи­тын адам­ның се­беп­сіз бір нәр­се­ге мін­беуі не­ме­се отыр­мауы. Жа­на­за на­ма­зын­да жа­ма­ғат шарт емес. Бір ер мұ­сыл­ман не­ме­се бір әйел мұ­сыл­ман­ның оқуы­мен па­рыз орын­да­ла­ды.

 

Жа­на­за на­ма­зы­ның сүн­не­ті

Имам жа­на­за­ның кө­кі­рек тұ­сын­да тұруы.

Бі­рін­ші тәк­бір­ден кейін «суб­ха­на­ка Аллаһум­ма» дұ­ға­сын «уа жәл­лә сәнәәука» бө­лі­мі­мен бір­ге оқу ке­рек.

Екін­ші тәк­бір­ден кейін Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) салауат айту.

Үшін­ші тәк­бір­ден кейін мәйіт­ке, өзі­не жә­не күл­лі мұ­сыл­ман қауымы­на дұ­ға ету. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) мы­на дұ­ға­сын оқу аб­зал272.

للهَمَّ اغْفِرْ لِحَيِّنا وَ مَيِّتِنا وَ شَاهِدِنا وَ غَائِبِنا وَ ذَكَرِنا وَ اُنْثَانا وَ صَغيرِنا وَ كَبيرِنا. اللهُمَّ مَنْ اَحْيَيْتَهُ مِنَّا فَاَحْيِهِ عَلىَ الاسْلامِ وَ مَنْ تَوَفَّيْتَهُ مِنّاَ فَتَوَفَّهُ عَلَى الإيمانِ}

 Оқылуы: «Аллаһум­мәғ­фир ли хаййнәә уә мәййти­нәә уә ша­һи­ди­нәә уә ғаиби­нәә уә зә­кә­ри­нәә уә ун­сә­нәә уә са­ғи­ри­нәә уә кә­би­ри­нәә.

Аллаһум­мә мән ахиәйтә­һу мин­нәә фә ахи­һи 'алал-ис­ләм уә мән тәуәф­фәйтә­һу мин­нәә фа тәуәф­фә­һу 'алал-иман»

Ма­ғы­на­сы: «Аллаһым! Ті­рі­ле­рі­міз­ге, өлі­ле­рі­міз­ге, осы жер­де­гі­лер­ге жә­не мұн­да бол­ма­ған­дар­ға, ер­ле­рі­міз­ге, әйел­де­рі­міз­ге, кі­ші­міз бен үл­ке­ні­міз­ге ке­ші­рім ет!

Аллаһым! Бізден кімге өмір берсең, соған ислами өмір нәсіп ет! Ал арамыздағы ажа­лы жет­кен құл­да­рың­ның жа­нын иман­мен ала гөр!».

Осы дұ­ға­дан кейін жа­на­за­ға қа­рай тө­мен­де­гі дұ­ға­лар­дың бі­рі оқы­ла­ды:

Егер жа­на­за ер кі­сі бол­са мы­на дұ­ға оқы­ла­ды:

{وَ خُصَّ هَذا الْمَيْتَ بِالرَّوْحِ وَ الرَّاحَةِ وَ الْمَغْفِرَةِ وَ الرِّضْوانِ , أللهًمَّ اِنْ كانَ مُحْسِناً فَزِدْ فى اِحْسَانِهِ وَ اِنْ كانَ مُسِيئاً فَتَجاوَزْ عَنْهُ وَ لَقِّهِ الاَمْنَ وَ الْبُشْرَى وَ الْكَرَامَةَ وَ الزُّلْفَى بِرَحْمَتِكَ يا اَرْحَمَ الرَّاحِمينَ}

Оқылуы: «Уә хус­сә Һә­зәл-мәйитә бир-раухи уәр-ра­ха­ти уәл-мәғ­фи­рә­ти уәр-ри­дуан.

Аллаһум­мә ин кә­нә мух­си­нән фә­зид фи их­сә­ни­һи уә ин кә­нә мусииән фә тәжәуәз 'анһу уә лақ­қи­һил-әм­нә уәл-буш­рәә уәл-кә­рә­мә­тә уәз-зул­фәә би­рах­мә­ти­кә иә ар­ха­мар-ра­хи­ми­ин».

Ма­ғы­на­сы: «Раб­бым! Әсі­ре­се мы­на өлі­ні, ра­қым­ға, ра­қат­тық­қа, ке­ші­рім­ді­лік­ке жә­не ба­қыт­ты­лық­қа жет­кіз.

Аллаһым! Бұл өлі кісі із­гі­лік іс­те­ген адам бол­са, Сен оның жақ­сы­лы­ғын арт­тыр. Егер бұл өлі жа­ман­дық жа­са­ған бол­са, жа­за­сын бер­мей ра­қым ет. Кү­нә­ла­рын ке­шір.

Бұл өлі­ні қо­рқыныштан сақ­та. Ра­қым-ша­ра­па­тың­мен сүйін­ші­ле. Оны ақы­рет­те ба­қыт­ты­лық­қа бө­леп, жо­ға­ры мәр­те­бе­ге шы­ғар. Ей, ра­қым­ды­лар­дың ра­қым­ды­сы Аллаһ Тағалам!»

Егер жа­на­за әйел бол­са мы­на дұ­ға оқы­ла­ды:

{وَ خُصَّ هَذه الْمَيْتَةَ بِالرَّوْحِ وَ الرَّاحَةِ وَ الْمَغْفِرَةِ وَ الرِّضْوانِ اللهًمَّ اِنْ كانَتْ مُحْسِنةً فَزِدْ فى اِحْسَانِها وَ اِنْ كانَتْ مُسِيئةً فَتَجَاوَزْ عَنْها وَ لَقِّها الاَمْنَ وَ الْبُشْرَى وَ الْكَرامةَ وَ الزُّلْفَى بِرَحْمَتِكَ يا اَرْحَمَ الرَّاحِمينَ }

«Уә хус­сә һә­зи­һил-мәйтә­тә бир-раухи уәр-рааха­ти уәл-мәғ­фи­рә­ти уәр-ри­дуан.

Аллаһум­мә ин кә­нәт мух­си­нә­тән фә­зид фи их­сә­ни­һә уә ин кә­нәт му­сиәтән фә тәжәуәз 'анһәә уә лақ­қи­һәл-әм­нә уәл-буш­рә уәл-кә­рә­мә­тә уәз-зул­фә би­рах­мә­ти­кә уә ар­ха­мар-ра­хи­ми­ин».

Бұл дұ­ға­ның ма­ғы­на­сы да, ер кі­сі үшін оқы­ла­тын дұ­ға­ның ма­ғы­на­сы­мен бір­дей.

Жа­на­за ер ба­ла бол­са мы­на дұ­ға оқы­ла­ды:

{أللهًمَّ اجْعَلْهُ لَناَ فَرَطاً وَاجْعَلْهُ لنا اَجْراً وَ ذُخْراً وَاجْعَلْهُ لنا شافِعاً وَ مُشَفَّعاً}

Оқылуы: «Аллаһум­мәж'ал­һу лә­нәә фә­рә­тан уәж'ал­һу лә­нәә әж­рән уә зух­рән уәж'ал­һу лә­нәә шаафи'ан уә му­шаф­фа'ан.

Ма­ғы­на­сы: «Аллаһым! Бұл ба­ла­ны жән­нат­та біз­ді қар­сы алу­шы жә­не ақы­рет сыйы ет!

Аллаһым! Бұл ба­ла­ны біз­ге ша­па­ғат­шы ет жә­не ша­па­ға­тын қа­был ет!».

Жа­на­за қыз ба­ла бол­са, мы­на дұ­ға оқы­ла­ды

{أللهًمَّ اجْعَلْها لَناَ فَرَطاً وَاجْعَلْها لنا اَجْراً وَ ذُخْراً وَاجْعَلْها لنا شافِعةً وَ مُشَفَّعَةً}

«Аллаһум­мәж'ал­һә лә­нәэ фә­рә­тан уәж'ал­һә лә­нәә әж­рән уә зух­рән уәж'ал­һә лә­нәә ша­фи'атән уә му­шаф­фа'атән».

Мұ­ның да ма­ғы­на­сы ер ба­ла­ға оқы­ған дұ­ға­ның ма­ғы­на­сы­мен бір­дей. Дұ­ға­ны біл­ме­се «Аллаһум­мағ­фир­ли уә лә­һу уә лил-му­ми­ни­нә уәл-му­ми­нат». «Аллаһым! Ме­ні жә­не бар­лық мұ­сыл­ман­дар­ды ке­шір» дегенді ғана айтады. Осы дұ­ға­лар­дан кейін имам төр­тін­ші тәк­бір­ді алып, оң мен сол­ға сә­лем бе­ре­ді. Жа­ма­ғат та құ­пия сә­лем бе­ре­ді. Жа­на­за на­ма­зы­на ке­ші­гіп жет­кен адам имам­ға ниет етіп, имам­мен бір­ге тәк­бір ала­ды. Имам сә­лем бер­ген­нен кейін дұ­ға оқы­май, тек тәк­бір­лер­дің қа­за­сын қа­тар-қа­тар өтейді. Бір­не­ше жа­на­за бол­са, же­ке-же­ке оқы­ған аб­зал. Ең ал­ғаш кел­ті­ріл­ге­ні­нің на­ма­зы оқы­ла­ды. Бә­рі бір­ге кел­се, ең жақ­сы не­ме­се та­қуа бол­ға­ны – бі­рін­ші оқы­ла­ды. Бә­рі­не бір на­маз оқы­са да бо­ла­ды. На­маз оқу­ға мәк­рүһ үш уа­қыт­та: яғ­ни, күн шығып келе жатқан күн тас тө­бе­де тұр­ған­да, күн ба­ту­ға ай­нал­ған кез­де жа­на­за на­ма­зы оқыл­майды. Бі­рақ бұл уа­қыт­та оқыл­са қа­за­сы ке­рек емес. Ма­зар­да жә­не ме­шіт ішін­де жа­на­за на­ма­зы оқыл­майды. Бі­рақ имам мен жа­ма­ғат­тың кейбі­рі–ме­шіт ішін­де, кейбі­рі– сыр­тта тұ­рып оқы­са бо­ла­ды. На­маз­ды бұ­за­тын нәр­се­лер жа­на­за на­ма­зын да бұ­за­ды.

Ті­рі туы­лып, со­сын өл­ген сә­би­ге ат қойы­лып, жуы­лып, ке­бін­де­ліп на­ма­зы оқы­ла­ды. Өлі ту­ған ба­ла­ға да ат қойы­лып, жуы­лып, бір ма­та­ға орап, жа­на­за на­ма­зын оқы­май кө­ме­ді. Өл­ген екі қа­бат әйел­дің құр­са­ғын­да­ғы ба­ла қимылдамаса, іші жа­ры­лып, ба­ла алы­на­ды. Әдейі не­ме­се қастандықпен ата-ана­сын өл­тір­ген ба­ла­ның не­ме­се өл­ті­ріл­ген қа­рақ­шы­ның на­ма­зы оқыл­майды.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) мәйіт ха­қын­да «На­маз оқыл­ған­ға дейін жа­на­за­да бол­ған адам­ға – бір қы­рат, кө­міл­ген­ге дейін бол­ған­ға – екі қы­рат сауап бар». «Екі қы­рат деген не?» деп сұ­ра­ған­ға, «Екі үл­кен тау­дай» деп жауап қат­ты273.

Ха­на­фи­лар бойын­ша, жа­на­за на­ма­зын алыс­тан сыр­ттай оқу жақ­сы емес.

 

Жа­на­за­ның апа­ры­луы мен жерленуі

Мәйіт­ті қа­бір­ге дейін апа­ру – сол мұ­сыл­ман­ға ең соң­ғы жа­сал­ған қыз­мет. Сүн­нет бойын­ша, өлік­ті та­быт­тың төрт жа­ғы­нан төрт адам ұс­тап апа­ра­ды. Он адам ұс­тау–мұс­та­хап. Жа­на­заның басы-қасындағылар жол­да орын­сыз сөйле­меу ке­рек. Дауыс­тап зі­кір айтылмайды, Құ­ран да оқыл­майды. Өлім мен ақы­рет­ті ой­лайды. Жа­на­за­ны қа­бір­ге қой­ған кез­де жү­зін құ­бы­ла­ға қа­ра­тып, оң жа­ғы­мен жат­қы­за­ды. Ке­бін­нің бас пен аяқ жа­ғын­да­ғы түйіні ше­ші­ле­ді. Мәйіт қа­бір­ге қойы­лып, үс­ті то­пы­рақ­пен жа­был­ған­нан кейін сол жер­де­гі кі­сі­лер қа­бір­дің үс­ті­нен үш уыс то­пы­рақ алып бі­рін­ші­сін­де, «сен­дер­ді осы­дан жа­рат­тық», екін­ші­сін­де, «сен­дер­ді қайта­дан то­пы­рақ­қа қайта­ра­мыз», үшін­ші­сін­де, «сен­дер­ді та­ғы да қайта­дан то­пы­рақ­тан шы­ға­ра­мыз (ті­ріл­те­міз)» аят­та­рын оқып са­лу – мұс­та­хап. Қа­бір­дің үйіл­ген то­пы­ра­ғы­ның биік­ті­гі нар түйе өр­ке­шін­дей ға­на бол­ға­ны жөн. Қа­бір екен­ді­гі бел­гі­лі бол­сын деп ба­сын тас­тан тұр­ғы­зып, атын жа­зу­дың оқа­сы жоқ. Айна­ла­сын қа­ра­пайым етіп те­мір­мен қор­шауға да бо­ла­ды. Құ­ран­нан «Мүлк» сү­ре­сі сияқ­ты кей­бір сү­ре­лер­ді оқу­ға бо­ла­ды. Өлік иесі­не кө­ңіл айту, жиі-жиі қа­бірді зия­рат ету – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) әр жыл­дың ба­сын­да Ухуд­та­ғы шейіт­тер­ді зия­рат етіп: «Әс-Сә­ла­му алай­кум би­мә са­бар­тум фә ни'мә уқ­бад-даар» – дей­тін. (Са­быр ет­кен­де­рің үшін сен­дер­ге сә­лем! Саламатта болыңдар!). Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ма­зар­ға зия­рат ет­кен кез­де бы­лай дұ­ға ете­тін:

{السَّلامُ عَلَيْكُمْ دارَ قَوْمِ مُؤمِنين وَ اِنَّا اِنَّ شاءَ اللهُ بِكُمْ لاَحِقونَ اَسْئَلُ اللهَ لِيَ وَ لَكُمُ الْعافِيَةَ}

 «Әс-сә­ла­му а'лай­кум дә­рә қауми му­ми­нин уә ин­нә ин­шаа Аллаһу би­кум ла­хи­қун. Әсә­лул­ло­һә лии уә лә­кумл-'афиәта»(Ей, мұ­сыл­ман елі­нің тұр­ғын­да­ры! Сә­лем сен­дер­ге. Біз де ин­шаллаһ сен­дер­мен қауыша­мыз. Аллаһ­тан өзі­ме де, сен­дер үшін де ке­ші­рім, ақы­рет қор­қы­ны­шы мен қиын­шы­лық­та­ры­нан аман­дық ті­лей­мін).

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ал­ғаш­қы кез­де қа­бір­ді зия­рат ету­ге тыйым сал­ды. Кейін са­ха­ба­лар мағ­ри­пат­ дәрежесіне жет­кен кез­де, ма­за­рат­қа зия­рат ету­ге рұқ­сат бер­ді. «Қа­бір­ге зия­рат ету­ле­ріңе тыйым сал­ған едім. Бұ­дан бы­лай қа­бір­ді зия­рат етің­дер. Зия­рат сен­дер­ге өлім­ді ес­ке тү­сі­ре­ді»274.

Мәйіт кө­міл­мес­тен бұ­рын не­ме­се кейін жы­лауға бо­ла­ды. Бі­рақ дау­сын кө­те­ріп, Аллаһ­қа қар­сы ке­ле­тін жа­ман сөз­дер айтпау ке­рек. Өйтке­ні, Аллаһ Ел­ші­сі ұлы Иб­ра­һим үшін жы­ла­ған. Се­бе­бін сұ­ра­ған ке­зін­де ол «Бұл – құлдарының жүрегіне салған Аллаһ Тағаланың рақымы. Ра­қым­ды құл­да­ры­на ға­на Аллаһ ра­қымдылық жа­сайды»275.



267 Бақара, 2/154.

268 Әбу Дәәуд, Уәсайә,10.

269 Муслим, Жанаиз, 1-2.

270 Ахмед ибн.Ханбәл,ІІІ, 299.

271 Бақара, 2/154.

272 Әбу Дәәуд, Жанаиз, 38.

273 Бухари, Жанаиз, 59

274 Тирмизи, Жанаиз.

275 Бухари, Жанаиз, 44.

0 пікір