Екі адам намаз оқыған уақытта біреуі имам болып, екіншісі оң жағына тұрып, аяғының өкшесі имамның аяғының өкшесінен кейін тұру керек. Бір адамның имамның артына немесе сол жағына тұруы – мәкрүһ. Имамға ұйыған адам әйел кісі болса, имамның артына тұрады. Жамағат екеу яки одан да көп болса имамның артына тұрады. Жамағаттың біреуі ер кісі, екіншісі әйел болса, ер кісі имамның оң жағына, әйел арт жағына тұрады. Имамнан басқа екі ер кісі және бір әйел кісі болса, ер кісілер имамның артына, әйел ер кісілердің артына тұрады. Екі адам жамағат болып намаз оқып жатқан уақытта, үшінші адам келіп, имамның оң жағындағы адамды артқа тартып, имамның артында бірге намаз оқуларына рұқсат.
Өзекті мақалалар
■
Николай Коперниктің тұжырымдарына мұсылман астрономы Ибн аш-Шатирдің ықпал еткені анықталды
■
«Ислам мен шариғат ғылымға қарсы деген әңгімелер адамның күлкісін келтіреді».
■
Қираған мешіт, зарлаған байғыз
■
Ой тоқтап, сана сірескенде, Өркениет күйрейді
■
«Ислам мәдениетін халқымыздың бойынан, ойынан бөліп алып тастау мүмкін емес»