Кейіннен пайда болу дәлелі
Кейіннен пайда болу дәлелі
11 жыл бұрын 5269

Бүкіл әлем, ондағы үл­кен­ді-кі­ші­лі, жан­ды-жан­сыз бар­лық нәр­се өз­ге­ру­де, ауысу­да, ес­кі­ру­де, жа­ңа­ру­да, қоз­ға­лу­да, тоқтау­да. Бұл өз­ге­ріс­тер – кейін­нен пай­да бол­ған­ның бел­гі­сі әрі ерек­ше­лі­гі. Ал кейін­нен пай­да бол­ған әр­бір нәр­се мәң­гі емес, уа­қыт­ша, яғ­ни, жоқ бо­лу­ға бас иетін пәни болмақ. Кейін­нен пай­да бол­ған бар­лық нәр­се­нің бастауы бар де­ген сөз. Ал бастауы бар нәр­се­нің со­ңы, яғ­ни ақы­ры да бо­лу­ға тиіс. Бар­лық әлемнің кейін­нен пай­да бол­ға­ны­на қа­ра­ған­да бұ­лар­ды жоқ­тан бар ет­кен, жоқ­тық әле­мі­нен тір­ші­лік әле­мі­не шы­ғар­ған бастауы әрі ақы­ры жоқ – мәң­гі, құзіреті шексіз бір Құдіреттің бо­луы лә­зім. Өйтке­ні жоқ нәр­се сырт­тан бас­қа бір күштің ық­па­лын­сыз өз-өзі­нен пайда бола алмайды.

Иә, әлем­де­гі үл­кен­ді-кі­ші­лі нәр­се­лер­дің кей­бі­реуі әр ға­сыр­да, ендігілері әр жыл­да, тағы бі­реуле­рі әр көктемде, әр ай­да, әр күн­де тіп­ті әр са­ғат­та, әр сәтте ауы­сып, тірші­лік әле­мі­мен қош ай­ты­сып, ор­нын бас­қа­лар­ға қалдыруда. Олар­дың ор­ны­на кел­ген­дер де өз­де­рі­нің жара­ты­луын­да­ғы мін­де­ттерін тә­мам­да­ған­нан кейін орнын бас­қа­лар­ға бо­са­ту­да. Бі­рақ бұл өз­ге­ру­лер мен ауысу­лар қан­ша­лық­ты көп бол­са да, әлем­де­гі те­пе-тең­дік­ті, ке­ре­мет жүйені бұз­бай, еш ақаусыз іс­ке асып тұр. Де­мек, бұ­лар­дың бә­рін қа­да­ға­лап, жа­ра­ты­лыс­та­ғы әр нәр­се­ге өз бұй­рығын тың­да­тып, құдіре­ті­не бас иді­ріп, қа­лауына бойұ­сын­ды­рып тұр­ған бастауы әрі ақы­ры жоқ мәң­гі бір Жа­ра­ту­шы бо­лу­ға тиіс. Мі­не, осы Ұлы Жаратушы әлем­де­гі әр нәр­се­ні жа­ра­туы ар­қы­лы Өзі­нің бар­лы­ғын біл­дір­се, ес­кі­нің ор­ны­на жаңаны жа­ра­ту ар­қы­лы әр нәр­се­нің уақыт­ша, пә­ни, өт­кін­ші еке­нін, ал Өзі­нің мәң­гі екен­ді­гін ақы­лы бар әр­кім­ге көр­се­ту­де.

 

0 пікір