Табиғат заңдары мен нәтижелері және жаратылыстағы себептер мен салдарлары
Табиғат заңдары мен нәтижелері  және жаратылыстағы себептер мен салдарлары
11 жыл бұрын 8987

Та­би­ғат заң­да­ры мен се­беп­те­рі өте әл­сіз, ілім­сіз, са­на­сыз, се­зім­сіз бо­ла тұ­ра нә­ти­же­ле­рі өте ке­ре­мет, жүйелі, та­ма­ша. Де­мек, та­би­ғат заң­да­ры мен жал­пы себеп­тер­ден пай­да бо­ла­тын нә­ти­же­ле­рі­нің ара­сын­да бай­ла­ныс бол­ға­ны­мен, жер мен көк­тей сәй­кес­сіз­дік бар. Мы­сал­ға, кіш­кен­тай ба­ла сау­са­ғы­на іл­ген жіп­пен бір жүк ма­ши­на­сын сүй­ре­ге­нін көр­сек, себеп пен нәтиже арасында сәйкессіздік болғандықтан, әлгі машинаны сүйреп бара жатқан кешкентай бала емес, басқа бір жасырын қуат  бар деген тұжырымға келер едік. Міне дәл осы секілді жан-жа­ғы­мыз­да бо­лып жат­қан се­беп­тер мен сал­дар­лар, нә­ти­же­лер ара­сын­да біз­ді таң­ғал­ды­рып, там­сан­ды­ра­тын өте үл­кен сәй­кес­сіз­дік бар. Жі­бек тә­різ­дес, өте жі­ңіш­ке та­мыр­ла­ры­мен нә­зік өсім­дік­тер қат­ты тас­тар мен қа­ра жер­ді қақ жа­рып шы­ға­ды. Өте жұ­қа, нә­зік жа­пы­рақ­тар ми қай­на­тар ап­тап ыс­тық­қа күй­мес­тен, қу­ра­ма­стан тір­ші­лі­гін, жа­сыл­ды­ғын сақ­тап қа­ла­ды. Өте әл­сіз спер­ма мен адам баласының мы­на дүниеге ке­луі ара­сын­да бай­ла­ныс бол­ға­ны­мен, өте үлкен сәйкес­сіз­дік бар. Олай бол­са, мұн­дай ке­ре­мет жаратылыс­тар­ды жа­рат­қан әл­сіз, со­қыр, бі­лім­сіз себептер мен та­би­ғат заң­да­ры бол­а алма­сы анық.

0 пікір