«Жақ­сы­лық­ты да, жа­ман­дық­ты да Алладан» деп бі­лу­ді қа­лай тү­сі­не­міз?
«Жақ­сы­лық­ты да, жа­ман­дық­ты да Алладан» деп бі­лу­ді қа­лай тү­сі­не­міз?
10 жыл бұрын 3567
Қайрат Жолдыбайұлы

Жақ­сы ­яки жа­ман­ды, иман не­ме­се кү­пір­ді қа­лай­тын, таң­дай­тын – біз. Ал, сол іс­ті қа­ла­са, жа­ра­та­тын – Алла Та­ға­ла. Мы­са­лы, біз би­дай­ды ек­тік, со­сын жаз бойы арам шө­бін жойып, суын құй­ып қа­ра­дық де­лік. Ал оны осы­дан кейін өсі­ре­тін, өсу ісін жа­ра­та­тын, нә­ти­же­сін бе­ре­тін Алла Та­ға­ла бол­мақ. Би­дай­ды өсі­ру­ді біз қа­ла­дық, бі­рақ би­дай­ды өсір­ген біз емес. Қа­лай дей­сіз бе? Біз­ге ақыл бе­ріп, би­дай егу­ді үй­рет­кен – Алла Та­ға­ла емес пе? Ал, би­дай­дың дә­нін жа­ра­тып, оны адам­ға сый­ла­ған кім? Би­дай­дың өсіп-же­ті­луі үшін қа­жет­ті то­пы­рақ­ты, топы­рақ­та­ғы әр түр­лі ми­не­рал­дар­ды, күн­ді, ауаны, су­ды жа­рат­қан кім? Тіп­ті оны егіп, суын құю үшін қо­лы­мыз­ды қи­мыл­дат­қан кім? Біз тек қи­мыл­да­ту­ды қа­лай­мыз. Қоз­ғал­ту­ға ше­шім қа­был­дап, бел бай­лай­мыз. Ал, оны қи­мыл­да­тып, қол­ға күш бе­ре­тін, бар­лық клет­ка­лар­ды бір-бі­рі­мен жал­ғай­тын, қол­да­ғы сі­ңір­ле­рі­міз бен бұл­шық ет­те­рі­міз­ді іс­ке қо­са­тын – Ұлы Алла Та­ға­ла. Егу, суару, қоп­сы­ту іс­те­рі­нен кейін еш­қай­сы­мыз би­дай­ым­ның бі­рін­ші са­ба­ғын өсі­рейін, со­сын жа­пы­ра­ғын шы­ға­рай­ын, құй­ған суым­ды әр дә­не­гі­не жет­кі­зейін, би­дай­ға мы­на ми­не­рал ке­рек, ал, мы­науы ке­рек емес деп ба­сы­мыз­ды қа­ты­рып жат­пай­мыз. Бұ­лар­дың бә­рі біз­дің ара­ла­суымыз­дан тыс Алла Та­ға­ла­ның қа­лауы жә­не жа­ра­туы ар­қы­лы іс­ке асып жа­та­ды.

Қыс­қа­сы, жақ­сы, жа­ман әр­бір ісі­міз­ді іс­теуге ниет ету, таңдау – біз­дің ен­ші­міз­де, ал оны жа­ра­ту – Ұлы Жара­ту­шы­ның қа­лауы мен құ­ді­ре­ті­не тап­сы­ры­ла­ды.

Абай ата­мыз: «Ауру­ды жа­рат­қан Құ­дай, ауырт­қан Құ­дай емес»[1], – деп қан­дай та­ма­ша айт­қан. Яғ­ни, бір адам Құ­дай­дың қой­ған за­ңы­мен жүр­мей, қыс­та же­лең тер күйін­де да­ла­ға шы­ғып ауыр­са, «Құ­дай­ым-ай, бұл ауру­ды қай­дан ға­на бе­ріп едің?» деу­ге ақы­сы бар ма? Ауру­ға се­беп бол­ған – өзі, бі­рақ сол ауру­ды жа­рат­қан – Алла Та­ға­ла.

Біз­дің әр­бір қа­ла­ған ісі­міз­ді Алла Та­ға­ла қа­ла­са ғана жү­зе­ге асы­ра­ды де­дік. Се­бе­бі біз­дің қа­лауы­мыз Алланың қа­лауы­нан рұқ­сат ал­май­ын­ша қо­лы бай­лау­лықал­мақ. Сөз түйіні – Алланың қа­лауын­сыз ешнәр­се жү­зе­ге ас­пай­ды, қа­лауы­нан тыс жа­пы­рақ та сыб­дыр­ла­май­ды.

Алла Та­ға­ла «Кәһф» сү­ре­сін­де бы­лай дей­ді:

﴿وَلَا تَقُولَنَّ لِشَيْءٍإِنِّي فَاعِلٌ ذَلِكَ غَداً * إِلَّا أَن يَشَاءَ اللَّهُ...﴾

«Не нәр­се­ні де «Мен мұ­ны ер­тең іс­тей­мін» де­ме. Тек Алла қа­ла­са ға­на іс­тей­мін де...»[2]

Ха­дис­те: «Алла Та­ға­ла не­ні қа­ла­са сол бо­ла­ды. Ал Оның қа­ла­ма­ға­ны еш­қа­шан жү­зе­ге ас­пай­ды»,[3] - делі­не­ді.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­дың жақ­сы іс­тер­ге ри­за­лы­ғы бар, ал жа­ма­ны­на жоқ. Құ­ран­да:

﴿...وَلَا يَرْضَى لِعِبَادِهِ الْكُفْرَ...﴾ , ﴿...وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ

«Алла құл­да­ры­ның кү­пір­ге кі­руіне ра­зы бол­май­ды»[4], «Алла Та­ға­ла ысы­рап ету­ші­лер­ді жақ­сы көрмейді»[5]- деп жа­ман іс­тер­ге ри­за­шы­лы­ғы­ның жоқ екен­ді­гін біл­ді­рген.

Бі­рақ бұл дү­ние сынақ әлемі бол­ған­дық­тан, адам ба­ла­сы өз ер­кі­мен жа­ман­шы­лық­қа ниет ет­се, Алла Та­ға­ла қа­ла­са оны да жү­зе­ге асы­ра­ды. Кей­де адам жа­ман іс іс­теуге ниет ете­ді. Бі­рақ Алла Та­ға­ла құ­лы­ның бұ­рын іс­те­ген кей­бір жақ­сы­лық­та­рын ­яки ке­ле­шек­те іс­тей­тін із­гі­лік­те­рін ес­ке­ріп, құ­лы­ның іс­теуге ниет ет­кен жа­ман ісін бол­дырт­пауы мүм­кін. Ниет ет­кен жа­ман ісі­не ар­найы тосқауыл қой­ып, құ­лы ен­ді сү­рі­ніп, кү­нә­нің тұң­ғиығы­на қа­рай құл­ди­лап ба­ра жат­қан­да Жа­рат­қа­ны көмек бе­ріп, кү­нә­нің бат­па­ғы­нан аман сақ­тап қа­луы мүм­кін. Мұ­ны тек Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның құ­лы­на де­ген ар­найы ра­қым­ды­лы­ғы мен мейі­рім­ді­лі­гі деп тү­сін­ген жөн. Сондай-ақ, кейбір істеген күнәларымыздың нәтижесінде Алла Тағала басымызға небір пәлекеттерді беруі де мүмкін.

Жақ­сы­лық та, жа­ман­дық та адам­ның таңдауына қа­рай Ұлы Ие­міз­дің қа­лауы мен құ­ді­ре­ті­ арқылы жүзеге аса­тын­дық­тан, «жақ­сы­лық та, жа­ман­дық та Алладан» деп иман ете­міз. Се­бе­бі жа­ра­ту ісі тек қа­на шек­сіз құ­ді­рет иесі Ұлы Жа­ра­ту­шы – Аллаға ға­на тән.

Құ­ран­да Алла Та­ға­ла:﴿وَاللَّهُ خَلَقَكُمْ وَمَا تَعْمَلُونَ

«Алла Та­ға­ла сен­дер­ді жә­не іс­тей­тін амал­да­рың­ды жа­рат­ты»[6]де­се, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бір ха­ди­сін­де:

إنَّ اللهَ صَانِعُ كُلِّ صَانِعٍِ وَ صَنْعَتَهُ

«Іс­теуші­ні жә­не оның ісін жа­ра­ту­шы Алла Таға­ла»,[7] - деп біз­дің іс­теуге бел бай­ла­ған әр­бір ісі­міз­дің Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан жа­ра­ты­ла­тын­ды­ғы­ білдірілген.

[1] Абай, Қа­ра сөз, Поэма­лар. Жиыр­ма се­гі­зін­ші сөз, 62-бет, «Кі­тап» бас­па­сы, 1992 ж.

[2] Кәһф сү­ре­сі/22-23.

[3] Әбу Дәәуд, Әдаб/106.

[4] Зу­мар сү­ре­сі/7.

[5] Ән­ғам сү­ре­сі/141.

[6] Саф­фат сү­ре­сі/96.

[7] Кән­зул-Ум­мал, 1/263

0 пікір