Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ке­ле­шек­ке бай­ла­ныс­ты ха­бар­ла­ры
Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ке­ле­шек­ке бай­ла­ныс­ты ха­бар­ла­ры
10 жыл бұрын 2574
Қайрат Жолдыбайұлы

Алла Ел­ші­сі­нің (с.а.у.) кейін­нен бо­ла­тын көп­те­ген оқи­ға­лар­ды бей­не бір те­ле­ди­дар эк­ра­ны­нан кө­ріп тұр­ған­дай ай­на-қа­те­сіз ха­бар бе­руі де – Оның пай­ғам­бар­лы­ғы­ның дә­ле­лі. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың бер­ген ха­бар­ла­ры­нан бір­не­ше мы­сал келтірейік:

  • Алла Ел­ші­сі­нің (с.а.у.) Бә­дір шай­қа­сы­ның ал­дын­да Әбу Жә­һил, Ут­ба, Шәй­ба жә­не Уә­лид сияқ­ты дін­нің қас дұш­пан­да­ры­ның осы со­ғыс­та қа­за та­ба­тын­дық­та­рын, тіп­ті әр­қай­сы­сы­ның қай­да жер жа­стана­тын­дық­та­ры­на дейін дөп ба­сып са­ха­ба­ла­ры­на ха­бар бе­руі[1] жә­не айт­қан­да­ры­ның ай­на-қа­те­сіз ке­луі – Оның (с.а.у.) тек Хақ­тың пәк ел­ші­сі екен­ді­гі­нің бел­гі­сі.
  • «Ме­нен кейін ха­ли­фа­лық отыз жыл жал­ға­са­ды. Со­сын пат­ша­лық бо­ла­ды»[2] – де­ген Алла Ел­ші­сі­нің сөзде­рі кейін­нен дәл айт­қа­нын­дай бол­ды.
  1. Әбу Бә­кір (р.а.) 2 жыл 3 ай.
  2. Омар (р.а.) 10 жыл 6 ай.
  3. Ос­ман (р.а.) 11 жыл, 11 ай, 18 күн.
  4. Әли (р.а.) 4 жыл, 9 ай.
  5. Ха­сан (р.а.) 6 ай 22 күн.

Бар­лы­ғын қос­қан­да 30 жыл[3].

«Омар ті­рі кез­де бү­лік бол­май­ды. Омар бар­лық бү­лік – фит­на есік­те­рін жа­ба­ды», «Ос­ман Құ­ран оқып отыр­ған­да өл­ті­рі­ле­ді», «Хай­бар қа­ма­лы Әли­дің қо­лы­мен алы­на­ды», «Әбу Зәрр жал­ғыз өмір сү­ріп, жал­ғыз өле­ді», «Ме­нен (с.а.у.) кейін әһ­ли бәйт іші­нен ал­ғаш қай­тыс болып, ма­ған қауыша­тын Фа­ти­ма» се­кіл­ді Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың пәк сөз­де­рі кейін­нен «Сен еш кү­мән­сіз Расулул­лаһ­сың, Алланың хақ ел­ші­сі­сің» де­ген­дей дәл­ме-дәл бо­лып жат­ты.



[1] Мус­лим, Жән­нат.

[2] Тир­ми­зи, Әбу Дәәуд.

[3] Аб­дул­лаһ Ай­маз, Ка­дер ил­ми ис­ба­ты, 10-бет.

0 пікір