Пай­ғам­бар си­пат­та­ры
Пай­ғам­бар си­пат­та­ры
10 жыл бұрын 5924
Қайрат Жолдыбайұлы

Адам­зат пай­ғам­бар­лар­ға қа­рап, жал­пы іс­те­рін­де ба­ғыт тү­зеп, бағ­дар ала­ды. Олар – адам­ға әр­бір іс­те қай­та­лан­бас үл­гі, із­гі­лік­те қол жет­пес биік шың, адас­қан­ға жол сіл­тей­тін жа­рық жұл­дыз. Адам­зат үшін осын­дай асыл мін­дет­тер­мен жүк­тел­ген пай­ғам­бар­лар­дың бой­ын­да мін­дет­ті түр­де та­бы­луы тиіс си­пат­тар бар. Бұ­лар бе­сеу:

1. Ис­мәт. Бар­лық пай­ғам­бар­лар пай­ғам­бар­лық мін­дет­пен жүк­тел­мес бұ­рын да, кейін де бар­лық кү­нә атау­лы­дан пәк. Қыс­қа­сы, кү­нә пай­ғам­бар­дың тү­сі­не де кір­мейді. Егер адам­зат­қа ту­ра жол­ды көр­се­тіп, әр­бір іс­те­рін­де шам­шы­рақ, үл­гі бо­лу үшін жі­бе­ріл­ген пай­ғам­бар­лар да кү­нә іс­тей­тін бол­са олар­дың ар­ты­нан еш­бір адам үмбет бо­лып ер­мес еді. Міне сондықтан бар­лық пай­ғам­бар­лар кү­нә атау­лы­дан Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан ар­найы қор­ғал­ған.

2. Сидқ. «Ту­ра­лық» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Барлық пай­ғам­бар­лар сөй­ле­ген әр­бір сөз­де­рі мен іс­те­ген әр­бір ісін­де ту­ра­лық­ты ту ете­ді. Олар еш­қа­шан бол­ған жай­ды бұр­ма­лап айт­пай­ды. Қандай жағдай болса да мүлдем жал­ған сөй­ле­мей­ді. Раб­бы­сы­ның бая­нын жет­кі­зе­тін пай­ғам­бар­дың жал­ған сөй­леп, ха­лық ал­дын­да­ғы се­нім­ді­лік­те­рін аяқ­қа таптауы, осылайша өз мін­дет­те­рі­не ақау кел­ті­руі мүм­кін емес.

3. Ама­нат. «Се­нім­ді­лік» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Әр­бір пай­ғам­бар адам­дар­ ара­сын­да­ғы ең се­нім­ді тұлға. Еш­кім­ді ал­да­май­ды, еш­бір ама­нат­қа ине­нің жа­су­ын­дай да қия­нат жа­са­май­ды. Қыс­қа­сы, пай­ғам­бар­лар­ды жер бе­ті­не се­нім­ді­лік­ті ор­на­ту үшін жі­бе­ріл­ген се­нім­ді­лік­тің жар­қын үл­гі­сі.

4. Фә­тә­нат. «Тек қа­на пай­ғам­бар­лар­ға тән зе­рек­тік, ерек­ше зейін­ді­лік» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Алла Та­ға­ла­ның ді­нін жет­кі­зу­ші бар­лық ел­ші­лер пай­ғам­бар­ға ғана тән ерек­ше зейін­ге, ас­қан зе­рек­тік­ке ие. Се­бе­бі, пайғам­бар­лық – өте ауыр мін­дет. Қо­ғам­да­ғы өте зе­рек, әрі оқы­ған біл­гір ға­лым­дар­ға, түр­лі қа­бі­лет­ке ие тұл­ға­лар­ға Алланың бая­нын жет­кі­зіп, сұ­рақ­та­ры­на қанағаттанарлық жауап бе­ру үшін еш кү­мән­сіз бұл мін­дет­пен жүк­тел­ген пай­ғам­бар­лар­дың ерек­ше зейін, зерек қи­сын­ға ие бо­луы лә­зім.

5. Тәб­лиғ. «Жет­кі­зу» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Бар­лық пай­ғам­бар­лар Алладан ал­ған уахи­ді еш өз­гер­тіп-бұр­ма­ла­ма­стан қаз-қал­пын­да жет­кі­зу­ге мін­дет­ті. Құ­ран­да бұл ту­ра­сын­да бы­лай де­лі­не­ді:

﴿يَا أَيُّهَا الرَّسُولُ بَلِّغْ مَا أُنزِلَ إِلَيْكَمِن رَّبِّكَ وَإِن لَّمْ تَفْعَلْ فَمَا بَلَّغْتَ رِسَالَتَهُ...﴾

«Уа, Ра­су­лым! Са­ған тү­сі­ріл­ген­ді адам­дар­ға жет­кіз. Егер мұ­ны орын­да­ма­саң, ел­ші­лі­гің­ді (пай­ғам­бар­лық мис­сияң­ды) жет­кіз­бе­ген бо­ла­сың...»[1]

[1] Мәида сү­ре­сі 67-аят. 

1 пікір