Әр са­ла өз ті­лі­мен Оның (с.а.у.) пай­ғам­бар­лы­ғын паш ете­ді
Әр са­ла өз ті­лі­мен Оның (с.а.у.)  пай­ғам­бар­лы­ғын паш ете­ді
10 жыл бұрын 2559
Қайрат Жолдыбайұлы

Тек бір ға­на са­ла­да же­тіс­тік­ке же­тіп, сол са­ла­да бі­лік­ті ма­ман бо­лу үшін ар­найы жағ­дай­дың қа­жет­ті­лі­гі айт­па­са да тү­сі­нік­ті. Кез кел­ген бір ға­на са­ла­да кә­сі­би ма­ман­дық­қа қол жет­кі­зу үшін он­да­ған жыл уа­қыт ке­ті­ре­міз. Тіп­ті сол са­ла­да ғұ­мыр бойы жұ­мыс іс­тей­міз. Иә, тек бір са­ла­да ға­на бел­гі­лі бір же­тіс­тік­ке же­ту үшін ар­найы құрал-жаб­дық­тың, ты­ныш ор­та­ның, ың­ғай­лы ахуал­дың, бел­гі­лі бір уа­қыт­тың ке­рек­ті­гі сөз­сіз. Ал бір адам­ның әр са­ла­да же­тіс­тік­ке же­тіп, бар­лық са­ла­да сөз иесі бо­луы мүм­кін емес. Мы­са­лы, бір адам жо­ға­ры дә­ре­же­де тәр­биеші, пси­хо­лог, һәм та­ма­ша бір қол­бас­шы жә­не аса білгір ме­ди­ци­на ға­лы­мы, әрі фи­зик жә­не т.б. ғы­лым­дар­ды иге­руі ине кө­зі­нен нар түйе­нің өтуі­мен па­рапар. Бі­рақ бұл мүл­де бол­май­тынды еш­бір құ­рал-жаб­дық­тың кө­ме­гін­сіз, әр түр­лі қым-қи­ғаш қиын жағ­дай­лар­дың бел ортасында жү­ріп жүзеге асырған жал­ғыз адам – Мұхаммед (с.а.у.). Өйтке­ні Ол жай адам емес, адам­зат­қа әр нәр­се­де үл­гі бо­луы үшін жер бе­ті­не жі­бе­ріл­ген Алла Та­ға­ла­ның ар­найы ел­ші­сі еді. Сон­дық­тан Пай­ғам­ба­ры­мыз әр са­ла­ның ас­қар шы­ңы­на туын ті­гіп, қия­мет­ке дейін өз­гер­мей­тін, тоз­бай­тын жа­ңа­лық­тар әке­ліп, ере­же-қа­ғи­да қой­ды.

  • Иә, Пай­ғам­ба­ры­мыз – ке­ре­мет ұс­таз, та­ма­ша тәр­биеші. Оның (с.а.у.) тең­дес­сіз ұс­таз­ды­ғы мен тәр­биеші­лі­гі­нің ал­дын­да бү­кіл әлем бас иеді. Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға дейін араб тү­бе­гі­нің жағ­дайы қа­лай еді? Айту­ға ауыз бар­май­тын жа­ман әдет­тер мен іс-қы­лық­тар­дың, зұ­лым­дық пен та­ғы­лық­тың қа­раң­ғы­лы­ғын­да тұн­шы­ғып жат­пап па еді? Мі­не, Пай­ғам­ба­ры­мыз сол қа­раң­ғы қо­ғам­ды бар-жо­ғы жиыр­ма үш жыл ішін­де тәр­бие­леп, же­тіл­ді­ріп әлем­ге үл­гі бо­лар қо­ғам­ға ай­нал­дыр­ды. Әбу Бә­кір, Омар, Ос­ман, Әли се­кіл­ді жұл­дыз­дай жа­рық та биік сан­сыз тұл­ға­лар­ды же­тіл­ді­ріп ға­лам­ға кә­міл адам­ның үл­гі­сін көр­сет­ті. Тай­па-тай­па­ға жік­те­ліп, бір-бі­рі­мен қы­рық пы­шақ бо­лып қыр­қы­сып, біт­пей­тін қан дауына бой ал­дыр­ған бұл қо­ғам­да на­ғыз бауырмашылдық пен ағай­ын­дық­тың бей­біт туы жел­бі­ре­ді. Бір-бі­рі­нің мал-мүл­кін та­лан-та­раж­ға сал­ған бұл қо­ғам Оның (с.а.у.) ар­қа­сын­да бір-бі­рі­не «­Бауы­рым! Сен аш жүр­ген­де, ме­нің бұл жү­рі­сім қа­лай?» – деп мал-мүл­кі­нің жар­ты­сын шын кө­ңі­лі­мен бө­ліп бе­рді. Тіпті өзі аш бол­са да, үйін­де­гі аз ға­на та­мақ­пен бас­қа­ны той­ды­ру үшін шам­ды бай­қа­май өші­ріп ал­ған бо­лып, өзі та­бақ­та­ғы тамақ­тан қа­сы­ғы­на еш нәр­се іл­мес­тен аузы­на алып-келіп, қай­та та­бақ­қа апа­рып ішіп-жеп отыр­ған­дай кө­рін­ген пе­ріш­те тә­різ­дес са­ха­ба­лар­ға ай­нал­ды. Қо­ғам­ның дене­сі­не бой­лап, қа­ны­на сің­ген адам­гер­ші­лік­ке жат әдет-ғұ­рып­тар­ды қа­мыр­дан қыл суыр­ған­дай та­мы­ры­на бал­та шауып, жоқ ет­ті. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.), мі­не, осын­дай тәр­биеші, осын­дай ұс­таз еді.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) адам­дар­ға еш­бір іс­ті зор­лап-зом­бы­лап іс­тет­пе­ген. Айна­ла­сы­на жи­нал­ған нұр жүз­ді са­ха­ба­лар Оның аузы­нан шық­қан әр­бір сөз­ді жан-жү­рек­те­рі­мен қа­был­дап, жү­зе­ге асы­ру үшін ке­рек бол­са, жан­да­рын да пи­да ету­ге дай­ын тұ­ра­тын. Әр­бір сө­зі мен іс-әре­ке­ті жа­нын­да­ғы адам­дар та­ра­пы­нан ере­же-қа­ғи­да тұтыл­ған бұл тұл­ға пай­ғам­бар бол­ма­са кім еді?

Оның ұс­таз­ды­ғы­на тән­ті бол­ған Му­ғауия ибн Ха­кам ат­ты са­ха­ба: «Одан ас­қан ке­ре­мет мұ­ға­лім­ді бұ­рын-соң­ды көр­ме­дім. Ол ме­ні зе­кіп ұрыс­па­ды жә­не қол жұм­сап ұр­ма­ды»[1]дей­ді.

Әлем­де­гі бар­лық са­ла­да­ғы ға­лым­дар жи­на­лып адам ба­ла­сы­на те­ме­кі­нің зия­нын ай­тып, түр­лі тә­сіл­дер­ді қол­дан­са да, оны тас­та­ту­ға ша­ма­ла­ры кел­ме­ді. Ал ен­ді адам­дар­дың қа­ны­на сі­ңі­сіп кет­кен те­ме­кі­ден де со­ра­қы әдет­тер­ді тас­та­тып, олар­дың ор­ны­на әр түр­лі көр­кем қасиет­тер­ді үй­ре­те біл­ген Мұхаммед­тің (с.а.у.) пай­ғам­бар­лы­ғы­ның, ұс­таз­ды­ғы­ның ал­дын­да қа­лай бас имес­сің?

[1] Аб­дул-Фат­тах Әбу Ғуд­да, Әр-Ра­су­лул-му­ғал­лим, 12-бет. Дә­рул-ба­шай­рул-Ис­ла­мия, Бай­рут. 1997.

0 пікір