Сүйек­тер­дің бұл­шық ет­пен қап­та­луы
Сүйек­тер­дің бұл­шық ет­пен қап­та­луы
10 жыл бұрын 3257
Қайрат Жолдыбайұлы

Құ­ран­ның та­ғы бір ба­ға жет­пес мұғ­жи­за­ға то­лы аяты ана құр­са­ғын­да­ғы сә­би­дің өсу ке­зең­де­рі­не тоқ­та­ла ке­ле, ал­ды­мен сүйек­тер бі­тіп, кейін сол сүйек­тер­ді бұл­шық ет­тер қап­тай­ты­ны ту­ра­лы бы­лай­ша сыр шер­те­ді:

﴿وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ مِنسُلَالَةٍمِّن طِينٍ * ثُمَّ جَعَلْنَاهُ نُطْفَةً فِي قَرَارٍ مَّكِينٍ *ثُمَّخَلَقْنَاالنُّطْفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقْنَا الْعَلَقَةَ مُضْغَةًفَخَلَقْنَاالْمُضْغَةَعِظَاماً فَكَسَوْنَا الْعِظَامَ لَحْماً ثُمَّ أَنشَأْنَاهُخَلْقاًآخَرَفَتَبَارَكَاللَّهُأَحْسَنُ الْخَالِقِينَ﴾

«Ра­сын­да, біз адам­ды на­ғыз (сү­зіл­ген) бал­шық­тан жа­рат­тық. Со­сын оны шәует­тің бір там­шы­сы күйін­де мық­ты жер­ге ор­на­лас­тыр­дық. Со­сын ол там­шы­ны ала­қа­ға (жа­быс­қақ ұрық­тан­ған клет­ка­ға) со­сын оны муд­ға­ға (бір тіс­тем ет кө­рі­ні­сін­де­гі жа­ра­ты­лыс­қа) сосын муд­ға­ны сүйек­тер­ге ай­нал­дыр­дық, со­сын сүйек­тер­ді ет­пен қап­та­дық, со­сын оны бас­қа бір жа­ра­ты­лыс жа­са­дық. Алла – ең ке­ре­мет Жа­ра­ту­шы».[1]

Ана құр­са­ғын­да­ғы сә­би­дің өсіп-же­ті­луін зерт­тей­тін эмб­риоло­гия ғы­лы­мы – көп­ке дейін сүйек­тер мен бұлшық ет­тер бір­ге құ­ра­ла­ды де­ген қа­те тұ­жы­рым­да болып кел­ген еді. Тек тех­но­ло­гияның да­муы нә­ти­же­сін­де ақи­қат ай­ғақ­та­ры­на қол жет­кі­зі­ліп отыр.

14 ға­сыр бұ­рын, яғ­ни ғы­лым­ның да­мы­ма­ған, мик­рос­коп, УЗИ сияқ­ты құ­рал­дар­дың жоқ ке­зін­де құр­сақ­та­ғы сә­би­дің өсіп-же­ті­лу, да­му ке­зең­де­рін дөп ба­сып, бү­ге-ші­ге­сі­не дейін дәл­ме­дәл ай­тып кет­кен Құ­ран­ның жа­ңа­лық­та­рын соң­ғы тех­но­ло­гиялар­дың кө­ме­гі­мен ен­ді ға­на тапқан қа­зір­гі эмб­риоло­гия ғылымы Құ­ран­ға еріксіз таң­қа­лса, ар-ож­да­ны ояу жан­дар: «Бұл кітап Алланың шы­найы сөзі» деп иман келтіру­де.

[1] Му­ми­нин сү­ре­сі/12-14.

0 пікір