Кітаптарға иман
Кітаптарға иман
10 жыл бұрын 9152
Қайрат Жолдыбайұлы

Жал­пы жа­ра­ты­лыс, мы­на бол­мыс әле­мі адам  баласына Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны та­ны­та­р алып кі­тап ре­тін­де жа­ра­тыл­са, пай­ғам­бар­лар­ға уахи ар­қы­лы жеткен бар­лық па­рақ­тар мен кі­тап­тар да Ұлы Құдіретті қатесіз тануымыз үшін жіберілген. Сондай ақ адамзатқа мы­на дү­ниеде­гі негізгі мін­де­тін тү­сін­ді­ріп, ақ-қа­ра­ның ара-жі­гін ай­қын­дап, екі дү­ниенің ба­қы­тын сый­лау үшін түсірілген. Мі­не, Алла Та­ға­ла тара­пы­нан кел­ген бар­лық осы кі­тап­тар­ға се­ну – Ис­лам дінінде иман­ның не­гіз­де­рі­нен са­на­ла­ды. Құ­ран­да:

«Кім­де-кім Аллаға жә­не Оның пе­ріш­те­ле­рі­не, кітап­та­ры­на, пай­ғам­бар­ла­ры­на жә­не ақы­рет кү­ні­не иман келтірмесе, қат­ты ада­са­ды...»[1] – де­лін­ген.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз әр түр­лі ме­кен­дер мен уа­қыт­тар­да түр­лі-түр­лі қауым­дар­ға өзі­нің бұй­рық­та­ры мен тый­ым­да­рын қам­ты­ған жә­не сол қо­ғам­ның сана дегейіне сай ке­рек­ті мәліметтерді жеткізетін, же­ке тұл­ға­лық, қо­ғам­дық проб­ле­ма­ла­ры­ның ше­шім­де­рін баян­дап, өз ара­ла­рын­да әділ­дік­ті ор­на­та­тын па­рақ­тар мен кі­тап­тар жі­бер­ген. Па­рақ­тар­дың нақ­ты са­ны біз­ге бей­мә­лім. Ал, Құ­ран Кә­рім­де біл­ді­ріл­ген жал­пы кі­тап­тың са­ны төртеу: Зә­бур, Тәу­рат, Ін­жіл, Құ­ран. Біз, мұ­сыл­ман­дар, бұл төрт кі­тап­тың бар­лы­ғы­ның Алла та­ра­пы­нан адам ба­ла­сы­на ту­ра жол­ды көр­се­ту үшін жі­бе­ріл­ген­ді­гі­не кә­міл се­не­міз. Алай­да соң­ғы кі­тап Құ­ран­ның ал­дын­да­ғы үш кі­тап за­ман өте келе адам­дар та­ра­пы­нан әр түр­лі әдейі өз­гер­ту­лер мен бұр­ма­лауға ұшы­ра­ған­дық­тан, олар­ды негізге алып  амал ет­пей­міз. Құ­ран түс­кен­нен кейін өз­ге кі­тап­тар не­гіз­ге алын­бай­ды.

1. Зә­бур. Бұл кі­тап­ты Алла Та­ға­ла Дәуіт­ке (а.с.) түсір­ген. Зә­бур арап­ша «кі­тап» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Құ­ран Кә­рім­де: «Біз Дәуіт­ке Зә­бур­ді бер­дік[2]» де­лі­нген. Құ­ран­да Зә­бур жай­лы Тәу­рат жә­не Ін­жіл­ге қа­ра­ған­да өте аз мағ­лұ­мат біл­ді­ріл­ген. Ев­рей­лер­дің Дәуіт­тің (а.с.) пай­ғам­бар­лық қасиетіне көлеңке түсіріп, ар-намысын кір­ле­те­тін әйел­дер­ге бай­ла­ныс­ты ай­тыл­ған әр түр­лі әң­гі­ме­ле­рі дұ­рыс емес. Се­бе­бі, бар­лық пай­ғам­бар­лар кү­нә­нің кі­ші­сі­нен де, үл­ке­ні­нен де Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан қор­ғал­ған. Яһу­ди­лер, кө­бі­не­се, Дәуіт­ке (а.с.) пат­ша ре­тін­де қа­рай­ды. Ал, мұ­сыл­ман­дар пат­ша әрі пай­ғам­бар ре­тін­де иман келтіреді. 

2. Тәу­рат. Мұ­са пай­ғам­бар­ға түс­кен кі­тап. Тәу­рат ив­рит ті­лін­де «заң, ере­же-қа­ғи­да, ша­ри­ғат» де­ген ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді. Құ­ран­да: «Ішін­де адам­дар­ға ту­ра жол жә­не нұр­ды қам­ты­ған Тәу­рат­ты біз жі­бер­дік»[3] де­лі­нген. Тәу­рат­тың қа­зір­гі таң­да та­ны­мал үш түр­лі нұс­қа­сы бар. Бұл үш нұс­қа­да ай­тыл­ған көп­те­ген ере­же-қа­ғи­да, ха­бар­лар­дың бір-бі­рі­мен сәй­кес келмеуі – Тәу­рат­тың адам­дар та­ра­пы­нан қат­ты өз­гер­тіл­ген­ді­гінің айғағы.

3. Ін­жіл. Иса­ға (а.с.) түс­кен кі­тап. Ін­жіл «сүйін­ші, та­ғы­лым» де­ген ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді. Құ­ран­да: «Біз пай­ғам­бар­лар­дың ар­ты­нан Мә­риям ұлы Иса­ны өзі­нен бұ­рын түс­кен Тәу­рат­ты растау­шы етіп жі­бер­дік. Оған (Иса­ға): Өзінен бұрын Түс­кен Тәу­рат­ты растау­шы ретінде әрі та­қуалар­ға ту­ра жол мен на­си­хат болсын деп ішін­де ту­ра жол жә­не нұр­ды қам­ты­ған Ін­жіл­ді бер­дік»[4], - де­лі­не­ді.

Қа­зір­гі таң­да Ін­жіл­дің Алла Та­ға­ла та­ра­пы­нан түс­кен түп­нұс­қа­сы жоқ. Хрис­тиан­дар­дың қо­лын­да «Жа­ңа ха­бар» ат­ты кейін­нен адам­дар та­ра­пы­нан құ­рас­ты­ры­лып жа­зыл­ған әр түр­лі кі­тап­тар бар. Бұ­лар­дың төртеуіне «Ін­жіл» де­лі­не­ді. Бұл Ін­жіл­дер Иса (а.с.) дү­ниеге кел­ген соң 325 жыл­дан кейін ха­лық ара­сын­да ке­ңі­нен та­ра­ған, бір-бі­рі­не қа­ра­ма-қай­шы пі­кір­лер­ге то­лы Ін­жіл­дің көп­те­ген нұс­қа­сы­нан таң­да­лып, құ­рас­ты­рыл­ған. «Мат­та», «Мар­кос», «Лу­ка», «Югон­на» де­лін­ген адам­дар­дың аты­мен ата­ла­тын бұл төрт Ін­жіл­дің ішін­де­гі баян­да­ла­тын оқи­ға­лар көбінесе бір-бі­рі­мен сәй­кес келе бермейді. Бі­рін­де ха­рам делін­ген нәр­се екін­ші бі­рін­де адал бо­лып жа­та­ды. Бұ­ған қо­са інжілдің біз­ге дейін ке­ліп же­ту жол­да­рының дұ­рыс­ты­ғы мен се­нім­ді­лі­гі тұрғысынан да қасиетті Құ­ран­мен, тіп­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ха­дис­те­рі­мен де са­лыс­ты­ру­ға тұр­май­ды.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға бай­ла­ныс­ты жә­не әр түр­лі мә­се­ле­лер мен та­ри­хи оқи­ға­лар­ды баян­дай­тын мағ­лұ­мат­тар­дың бұл төрт Ін­жіл­де әр түр­лі, тіпті бір-бі­рі­не қа­ра­ма-қай­шы берілуінен түп­нұс­қа­ның кейін­нен адам­дар та­ра­пы­нан қат­ты өз­ге­ріс­ке ұшы­рап, ада­ми пі­кір­лер­мен лай­лан­ға­нын аңғара­мыз.

4. Құ­ран. Құ­ран араб ті­лін­де «көп оқы­ла­тын кі­тап» де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Құ­ран – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның ақы­рет­ке дейін ке­ліп-ке­тер бар­ша адам­зат­қа ту­ра жол­ды көр­се­ту үшін соң­ғы пай­ғам­бар Мұхаммед­ке (с.а.у.) уахи ар­қы­лы тү­сі­ріл­ген, оқы­луының өзі ғи­ба­дат са­на­ла­тын мәң­гі­лік илә­һи кі­тап. Құ­ран – өзі­не дейін­гі түс­кен бар­лық па­рақ­тар мен кі­тап­тар­дың мазмұнын қам­ты­ған. Құ­ран – са­на­сы қан­ша же­тіл­се де ақы­рет­ке дейін­гі ке­ле­тін күл­лі адам­зат­тың бар­лық ру­ха­ни әрі зат­тық сұ­ра­ныс­та­ры­на жауап бе­ре­тін, же­ке тұл­ға­лық, қо­ғам­дық әрі әлем­дік бар­лық проб­ле­ма­ла­ры­на қа­те­сіз то­лық ше­шім бе­ре­тін, адам­ның са­на­сы же­те бер­мей­тін кө­мес­кі әлем­ді су­рет­теп, бей­мәлім сыр­лар­ды аша­тын, екі дү­ниенің ба­қы­тын көр­се­тіп, ақ пен қа­ра­ның ара-жі­гін ажы­ра­тып, өзі­не се­ніп, шы­рақ тұт­қан жан­дар­ды ру­ха­ни ке­мел­дік­ке тәр­бие­лей­тін Ұлы Жа­ра­ту­шы та­ра­пы­нан жі­бе­ріл­ген қа­сиет­ті соң­ғы кі­тап.

[1] Ни­са сү­ре­сі/136.

[2] Ис­ра сү­ре­сі/55.

[3] Май­да сү­ре­сі/44.

[4] Маида сү­ре­сі/46.

0 пікір