Қабір азабына күнәлардың барлық түрі себеп бола алады. Хадистерде айтылған қабір азабына себеп болатын күнәлар мыналар:
- Ғайбат, өсек айту, біреудің сөзін екінші біреуге жеткізу. Кез келген адамның артынан оның көңіліне келетін әрі ренжитін сөздер айту қабір азабына себеп болады.
- Кіші дәретті сындырғаннан кейін тазаланбау.
- Мойнында қарызы болған күйде жан тапсыру. Пайғамбарымыздың (с.а.у.)«Мүминнің рухы мойнындағы борышы өтелгенге дейін сол борышымен байлаулы» хадисінен мойнында қарызы бар борыштының қабір азабын тартатынын аңғарамыз. Пайғамбарымыз (с.а.у.) борышты кісінің қарызы өтелгеннен кейін ғана жаназа намазын оқыған.
- Жалған сөйлеу, Құранды біле тұра ішіндегі айтылғандарға теріс әрекет ету, зина жасау, пайыздық өсім жеу.
Адамдарды алдау, жетімдердің ақысын жеу, мұсылмандардың қателерін, кемшіліктерін іздеу, туған-туыстардан қатынасты үзу, жалған куәгер болу, жан-жануар, жәндіктерге зұлымдық жасау, ұрлық жасау, ар-намысты пәк әйелге жала жабу, нәсібіңе разы болмау сияқты күнәлар да қабір азабына себеп болады.