Ақыретке иман
Ақыретке иман
10 жыл бұрын 4333
Қайрат Жолдыбайұлы

Өл­ген­нен кейін қай­та ті­рі­лу, мәң­гі­лік өмір­дің бар­лы­ғы – Ис­лам­да, тіп­ті, жал­пы бар­лық дін­дер­де не­гіз­гі се­нім­дер­дің бі­рі. Иә, мәң­гі­лік өмір­ге құш­тар боп, шек­сіз өмір­ді аң­сап-ар­ман­дап зыр жү­гір­ген адам ба­ла­сы­ның тула­ған жү­ре­гі мен ма­за­лан­ған кө­кі­ре­гі өл­ген­нен кейін қай­та ті­рі­лу се­ні­мі ар­қы­лы ға­на жай тауып, са­на­сын шыр­ма­ған күр­де­лі сауал­дар­дың жауабы­на сол кез­де ға­на қол жет­кі­зе­ді.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның адам ба­ла­сы­ның екі дү­ние ба­қы­ты үшін тү­сір­ген ақыр­ғы кі­та­бы – Құ­ран Кә­рім­нің өл­ген­нен кейін қай­та ті­рі­лу та­қы­ры­бын жал­пы кі­тап­тың ша­ма­мен үш­тен бі­рін­де сөз қозғауы – бұл се­нім­нің қаншалықты ма­ңыз­ды еке­нін көрсетсе ке­рек. Ақы­рет­тің бо­ла­ты­ны еш кү­мән­сіз хақ. Бір ақын­ның:

«Әлем­де­гі дін­дер­дің түп мақ­сұ­ты

Үш нәр­се­де бұл­жы­май құ­шақ­та­сар:

Құ­дай бар, ұж­дан дұ­рыс, қия­мет шын,

Еш дін­нің мақ­сұ­ты жоқ мұ­нан асар», – деп жыр­ла­ға­нын­дай та­рих­қа қа­ра­сақ, жал­пы адам ба­ла­сы­ның бір пікір­де то­ғыс­қан мә­се­ле­сі – осы ақы­рет­ке де­ген се­нім. Адам Ата­дан бас­тап жер бе­ті­не ке­ліп-кет­кен бар­лық пайғам­бар­лар Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның бар­лы­ғы мен ақы­рет­тің еш кү­мән­сіз хақ екен­ді­гін жар сал­са, жү­ре­гі нұр­лан­ған күл­лі ға­лым­дар мен ұлы ой­шыл­дар бұл се­нім­ге бекем ила­нып, мы­на жал­ған уа­қыт­ша өмір­ле­рі­нің ағысын сол бір мәң­гі өмір­ге қа­рай рет­теп, ба­ғыт тү­зеп ғұ­мыр кеш­кен. Мі­не, осы ұлан-асыр та­рих пен осын­ша­ма зәң­гір тұл­ға­лар­дың ақы­рет ту­ра­сын­да бір пі­кір­ге ке­лі­суі – ақы­рет­тің хақ екен­ді­гін біл­ді­ре­тін бас­қа дә­ле­лел­дер­ге жү­гі­ну­ді қа­жет ет­пей­тін­дей қуат­ты дә­лел. Се­бе­бі, бес өті­рік­ші адам бі­рі­нен кейін бі­рі ке­ліп, ор­ман­ды өрт шалып­ты де­се, «бұ­лар­дың айт­қа­ны рас боп қа­лар» де­ген ой­да қа­ла­мыз. Бұл сан бес емес, он­ға жет­се, жет­кіз­ген ха­бар­ла­ры­на се­не бас­тай­мыз. Ал, ен­ді өті­рік айту ауруы­нан пәк жер бе­ті­не ке­ліп-кет­кен бар­лық пайғам­бар­лар мен жалған сөйлеуді ар са­най­тын сан­сыз әулие, ғұ­ла­ма­лар­дың бар­лы­ғы ақы­рет­тің бар еке­нін ескер­тіп, өз­де­рі де айт­қан сөз­де­рін ора­за, на­маз сияқ­ты ғи­ба­дат­та­ры мен жал­пы іс-әре­кет­те­рі ар­қы­лы қуат­тап жат­са, ақы­рет­тің бар екен­ді­гі­не кү­мән кел­тір­у орынсыз болмақ.

Бі­рақ соң­ғы ға­сыр­лар­да­ мы­на ма­те­ри­ал­дық дүниенің қыс­па­ғы мен қа­раң­ғы қа­па­сын­да қа­лып, тұн­шық­қан са­на­мыз­да өлім­нен кейін қай­та ті­рі­лу се­ні­мі азды-көп­ті әл­сіз­дік­ке ұшы­ра­ға­ны рас. «О дү­ниеге бі­реу барып ке­ліп пе?» не­ме­се «ақы­рет­тің бо­ла­ты­ны­на кім кепіл?» де­ген­дей сұ­рақ­тар­ды мұр­ты­нан кү­ліп қой­ып жата­тын­дар­дың да ел іші­нен та­бы­луы осы­ның ай­ға­ғы.

Ондай адамдардың көбі күн­де­лік­ті әдет ет­кен нәп­сі­сі­не ұнай­тын кү­нә іс­тер­ді тас­та­ғы­сы кел­ме­ген­дік­тен жә­не ора­за, на­маз сияқ­ты ғи­ба­дат­тар­ды орындау­ға ерін­ген­дік­тен қай­та ті­рі­лу­дің бо­ла­тын­ды­ғын біл­ді­ре­тін сан­сыз дәлел­дер­ге көз жұ­мып қа­рай­ды. Өйтке­ні ондай адам адал-арам де­мей ра­хат­та­ну­ды, жақ­сы-жа­ман деп тал­ға­май нәп­сі­сін қа­на­ғат­тан­ды­ру­ды қа­лай­ды. Ал қай­та ті­рі­ліп, іс­те­ген бар­лық ісі­не есеп бе­ру се­ні­мі оның осы ра­ха­ты­на бө­гет бо­лып, ке­дер­гі жа­сай­тын­дық­тан, оны жоқ­қа шы­ға­ру мұн­дай адам үшін әл­де қай­да же­ңіл. Сөй­тіп, соқыр­ға ай­нал­ған ақы­лы тіз­гі­нін нәп­сі­сі­нің қо­лы­на ұстатып, ақы­рет­ті жоқ­қа шы­ға­ру үшін сан қи­лы дә­лел із­деп, адас­қан сай­ын ада­са тү­се­ді. Құ­ран­да:

﴿وَمَا يُكَذِّبُ بِهِ إِلَّا كُلُّ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ

«Есеп кү­нін тек шек­тен шы­ғу­шы әрі кү­нә­һар адам­дар ға­на жал­ған­ға шы­ға­рып, се­ну­ден бас тар­та­ды»[1]де­лі­не­ді.

Ойын-­сауық қуып жү­ріп уақы­тын бос­қа өт­кі­зіп, ұс­та­зы бер­ген тап­сыр­ма­ға сал­ғырт қа­рап ем­ти­хан­ға дай­ын­дал­ма­ған оқу­шы пси­хо­ло­гия­лық тұр­ғы­дан ем­ти­хан­ның бол­ға­нын қа­ла­май­ды. Ұс­та­зы­ның ау­рып қа­лу­ын ­яки бас­қа бір се­беп­пен кел­мей қа­лу­ын іш­тей қат­ты қа­лай­ды.

Мі­не, ту­ра осы сияқ­ты мы­на дү­ниеде­гі көл-кө­сір уақы­тын бос­қа өт­кі­зіп, Раб­бы­сы мін­дет­те­ген тап­сыр­ма­ла­рын орын­да­май кү­нә­ға бел­ше­сі­нен бат­қан пен­де де ақы­рет­тің бо­лу­ын іш­тей қа­ла­май­ды. Өйтке­ні ол ақы­рет­те бо­ла­тын есеп кү­ні­не дай­ын­да­ла ал­ма­ған. Ал ақы­рет­тің бо­лу­ын іш­тей қа­ла­ма­ған мұн­дай жан қай­та ті­рі­лу­ге бай­ла­ныс­ты көз ал­дын­да­ғы сан­сыз дә­лел­дер­ді кө­ре ал­май­ды. Тіп­ті ол ту­ра­сын­да ой­ла­ғы­сы да кел­мейді.

Ақы­рет­те бо­ла­тын есеп кү­ні­не са­ли­ха­лы амал, сау­ап­ты іс іс­теп әзір­ле­не ал­ма­ған адам то­зақ­ты бы­лай қой­ған­да, жұ­мақ­тың өзін іш­тей қа­ла­май­ды. Тіп­ті бас­қа із­гі іс іс­те­ген жан­дар­дың кі­руіне де қыз­ға­ныш кө­зі­мен қа­ра­ған­дық­тан жұ­мақ­тың, жал­пы қай­та ті­рі­лу­дің бо­лу­ына қар­сы шы­ға­ды. Мұн­дай пси­хо­ло­гияда­ғы адам жүйелі түр­де тепе-тең­дік сақ­тап сал­мақ­ты ой­лау­ды жо­ға­лт­қан­дық­тан, әр­дай­ым қай­та ті­рі­лу­ді жоқ­қа шы­ға­ру­ға та­рап­тар әрі бейім тұ­ра­ды. Ал бейім бол­ған жан қай­та ті­рі­лу­ді жоқ­қа шы­ға­ру­ға бай­ла­ныс­ты атеис­тер­дің кел­тір­ген әл­сіз, кү­мән­ді, түк­ке тұр­май­тын дә­лел­де­рін қуат­ты, ай­қын дә­лел са­нап өзін-өзі ал­дай бе­ре­ді. Бей­не бір ба­сын ға­на құм­ға сұ­ғып өзін дұш­па­ны­нан жа­сыр­дым деп ой­ла­ған ақы­мақ түйе­құс­тың кей­пі­не ене­ді. Мұн­дай адам­дар мы­на дүниеде жа­са­ған кү­нә­ла­ры­ның есе­бін бе­ру­ден қашқандық­тан, қай­та ті­рі­лу­ді жоқ­қа шы­ға­ру үшін сан-қи­лы сылтау ай­тып өз-өзін жұ­ба­та­ды.

Құ­ран­да:

﴿إِذَا تُتْلَى عَلَيْهِ آيَاتُنَا قَالَ أَسَاطِيرُالْأَوَّلِينَ

«Олар­ға есеп кү­ні­не бай­ла­ныс­ты аят­та­ры­мыз оқыл­ған уа­қыт­та: «Бұ­лар бұ­рын­ғы­лар­дың аңы­зы ғой» деп өте шы­ға­ды»[2] – деп, кә­пір­лер­ге ақы­рет­тің бо­ла­тын­ды­ғын біл­ді­ре­тін дә­лел­дер ай­тыл­ған кез­де ақы­рет есе­бін қа­ла­ма­ған­дық­тан ба­рын­ша еле­меуге ты­ры­са­тын­ды­ғы баян­да­ла­ды.

[1] әл-Му­таф­фи­фун сү­ре­сі/12.

[2] әл-Му­таф­фи­фун сү­ре­сі/13.

0 пікір