Өлі­лер­ді қай­та ті­ріл­ту құ­ді­ре­ті шек­сіз Алла үшін қиын емес
Өлі­лер­ді қай­та ті­ріл­ту құ­ді­ре­ті шек­сіз Алла үшін қиын емес
9 жыл бұрын 6251
Қайрат Жолдыбайұлы

Еш шар­ша­ма­стан же­ті қа­бат ас­пан­ды жа­ра­тып, оны ға­сыр­лар бойы еш ақау-кем­ші­лік­сіз бас­қа­рып тұр­ған Жап­пар ие­міз Алла Та­ға­ла­ның адам­дар­ды өл­ген­нен кейін де қай­та ті­ріл­ту­ге құ­ді­ре­ті то­лық же­те­ді. Құ­ран­да:

﴿أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِوَالْأَرْضَ وَلَمْ يَعْيَ بِخَلْقِهِنَّ بِقَادِرٍ عَلَى أَنْ يُحْيِيَ الْمَوْتَى بَلَىإِنَّهُ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ﴾

«Күл­лі Ас­пан әле­мі мен жер­ді жа­рат­қан әрі олар­ды жа­рат­қан уа­қыт­та еш шар­шап-шал­дық­па­ған Алланың, өлі­лер­ді қай­та ті­ріл­ту­ге құ­ді­ре­ті­нің то­лық же­те­ті­нін (Ақы­рет­ке сен­бей­тін­дер) көр­мейді ме? Иә, Ол әр нәр­се­ге то­лық құ­ді­рет­ті»,[1]– де­лін­ген. Бас­қа бір аят­та:

﴿أَوَلَيْسَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَبِقَادِرٍ عَلَى أَنْ يَخْلُقَ مِثْلَهُم بَلَى وَهُوَ الْخَلَّاقُ الْعَلِيمُ﴾

«Көк әле­мі мен жер­ді жа­рат­қан Алланың олар­дың ұқ­са­сын жа­ра­ту­ға құ­ді­ре­ті то­лық же­те­ді емес пе? Әри­не, то­лық же­те­ді. Ол – (әр нәр­се­ні) то­лық бі­ле­тін жа­ра­ту­шы»,[2]де­лін­се, «На­зи­ғат» сү­ре­сі­нің 27-ая­тын­да: ﴿أَأَنتُمْ أَشَدُّ خَلْقاً أَمِ السَّمَاء بَنَاهَا﴾ «(Ей қай­та ті­рі­лу­ге сен­бей­тін­дер! Ойла­нып ақыл­ға са­лың­дар!) Сен­дер­ді қай­та­дан жа­ра­ту қиын ба? Жоқ әл­де ас­пан­ды ма? (көз са­лып, қа­раң­дар­шы) Алла ас­пан әле­мін қа­лай мық­ты етіп жа­ратқан», – деп тө­бе­міз­де­гі мы­на бас ай­нал­ды­рар таң­ға­жай­ып үй­ле­сім­ді жүйе­мен әрі дәл­ме-дәл есеп­пен іс­теп тұр­ған ұшы-қиыры жоқ ас­пан әле­мін, жы­мың­да­ған жұл­дыз­дар­ды жа­рат­қан Алла Та­ға­ла үшін өл­ген­нен кейін адам ба­ла­сын қай­та ті­ріл­ту­дің еш қиын емес­ті­гі­не на­за­ры­мыз­ды ауда­ра­ды. Иә, осын­ша­ма мил­лиард­та­ған га­лак­ти­ка­лар мен он­да­ғы сан­сыз жұл­дыз­дар­ды жа­ра­тып, олар­ды бір-бі­рі­мен қақ­ты­ғыс­тыр­май, бел­гі­лі бір жүйе­мен ғасыр­лар бойы ұс­тап тұр­ған Құ­ді­рет­ті­нің, әл­бет­те, адам ба­ла­сын қай­та ті­ріл­тіп, жан бе­ру­ге құ­ді­ре­ті то­лық жетеді.

[1] Ах­қаф/33

[2] Иа­син сү­ре­сі

0 пікір