Ақ киім
Ақ киім
10 жыл бұрын 4087
Қайрат Жолдыбайұлы

Ас­қар­мен жол­да кез­дес­ке­нім­де азан ша­қы­ры­лып жа­тыр еді.

–   Бү­гін жұ­ма, бі­ле­сің ғой. Се­ні ме­шіт­ке апа­рай­ын, – де­дім.

Бұ­дан бұ­рын да бір­не­ше рет өті­ні­шім­ді қа­был­да­ма­ған бо­ла­тын. Сон­дық­тан ол:

–   Ме­нің ме­шіт­ке бар­май­ты­ным­ды бі­ле­сің ғой, – деп асы­ға-үсі­ге жауап бер­ді.

–   Бі­ле­мін, бі­рақ бармауың­ның се­бе­бін біл­гім ке­ле­ді.

–   Қай­дан бі­лейін, әй­теуір бар­ғым кел­мейді де тұ­ра­ды. Қыс­қа­сы, ол жақ­қа тарт­пай­ды. Бәл­кім, ара­ла­сып жүр­ген ай­на­лам­да­ғы адам­дар­дың да әсе­рі бар шы­ғар. Оның үс­ті­не шал­ба­рым­ның қы­ры бұ­зы­лып, ті­зе­сі шы­ға ма деп қор­қам.

Мен бол­сам таң­ғал­ған бой­да:

–   Қал­жың­дап тұр­ған шы­ғар­сың? Шал­ба­рым­ның қы­ры бұ­зы­ла­ды деп ме­шіт­ті тастау­ға бо­ла ма?

–   Шы­ны­мен ай­тып тұр­мын, – де­ді. Киім­де­рі­ме қат­ты кө­ңіл бө­лем әсі­ре­се ақ түс­ті киім­ді қат­ты ұна­та­ты­ным­ды бі­ле­сің ғой.

Шы­ны­мен со­лай еді. Үне­мі шырт­тай киі­ніп жү­ре­тін. Қа­шан көр­сең де ки­ген киім­де­рі ақ түс­ті, қы­ры пы­шақ­тың қы­рын­дай бо­ла­тын да тұ­ра­тын.

–   Жа­рай­ды, өмі­рің­де бір рет бол­са да ме­шіт­ке бар­дың ба?

–   Ба­ла ке­зім­де атам­мен бір-екі рет іле­сіп бар­ған­мын. Бі­рақ мұ­нан кейін мүл­де бар­май­тын шы­ғар­мын, –  деп жауап бер­ді.

Айт­қан жауабы­нан қат­ты шо­шын­дым. Тіп­ті бұл тақы­рып­ты қоз­ға­ға­ны­ма өкін­дім. Сөй­тіп, бір-бі­рі­міз­бен қол қы­сыс­қан бой­да өз ша­руамыз­бен ке­те бар­дық.

Осы кез­де­суіміз­ден екі ай­дан кейін, оның бү­гін мешіт­ке кел­ге­нін ес­тіп, қат­ты таң­ қал­дым. Де­реу апыл-ғұпыл мен де ме­шіт­ке ке­ліп жет­тім. Тіп­ті, ме­шіт­ке мүл­де бар­май­тын шы­ғар­мын де­ген жол­да­сым ме­шіт сыр­тын­да­ғы на­маз қа­тар­ла­ры­ның ең ал­ды­нан орын алып­ты. Мі­не, бү­гін де үс­тін­де сол баяғы үй­рен­шік­ті ақ киімі. Тіп­ті, бүгін мүл­дем ерек­ше.

Ақы­рын­дап қа­сы­на жа­қын­да­дым да, сы­быр­ла­ған бой­да:

–   Қа­не, ме­шіт­ке мүл­де бар­май­тын шы­ғар­мын деп едің ғой, – де­дім.

Еш жауап қат­па­ды. Өйтке­ні ол та­быт­тың үс­тін­де ақ ке­бін­ге оран­ған күй­де жат­қан-ды. Жұрт жа­на­за­сын шыға­ру­ға жи­на­лып­ты.[1]

[1] Хайа­тын ишин­ден, Гу­нейд Суави

0 пікір